Экономика • 19 Желтоқсан, 2020
Алматыда Халықаралық валюта қорының орталығы ашылады
Алматы қаласында Халықаралық валюта қорының өңірлік орталығы жұмыс істейді. Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалиана Георгиева мен Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев Кавказ, Орталық Азия және Моңғолияның потенциалын дамыту өңірлік орталығын қолдау бойынша келісімге келіп, осындай байламға уағдаласқан. Бұл жайлы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабардарлады, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 19 Желтоқсан, 2020
2020 жыл сақтандыру нарығы үшін қолайлы болды ма?
Ойда-жоқта өмірімізге енген коронавирус пандемиясы әр саладағы сан мен сапаның ауытқуына елеулі әсерін тигізді. Қай жағдайды да біржақты бағалауға келмейді. Таяқтың екі ұшы қашаннан да бар. Мәселен, 2020 жыл – сақтандыру нарығы үшін біршама берекелі болған сияқты.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2020
Алматыда жаңа сауда-өндірістік орталық ашылды
Алматыда тәуелсіздік мерекесіне орай «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында сауда-өндірістік орталығы ашылды. Орталық Әуезов ауданында орналасқан.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2020
Сағынтаев жедел жәрдем қызметіне 50 жаңа көлік сыйлады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тәуелсіздік мерекесі күні қалалық жедел жәрдем қызметіне барлық қажетті медициналық құрылғылармен жабдықталған 50 жаңа көлікті тапсырды.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2020
Зейнетақы жинақтарына байланысты барлық операция үшін комиссия алынбайтын болды
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы жинағының бір бөлігін алғаны үшін орындалатын операция комиссиясын нөлге теңестіретін болды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2020
Алматыда ерекше музей экспозициясы ашылды
Алматыда «Ұлы Жібек жолындағы мәдениет пен дін» тақырыбында музей экспозициясы ашылды. Онлайн форматта өткен рухани шара мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2020
Пандемияға, күрделі экономикалық ахуалға қарамастан Қазақстанның алтын-валюта қоры толыға түсті. Қараша айындағы көрсеткіш бойынша еліміздің алтын-валюта қорының резерві 33,6 млрд долларға жеткен. Бұл 2019 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 13,8 пайызға өсім болғанын көрсетеді.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2020
Министр кімнің мүддесін қорғамақ? Инвестордың ба, экологияның ба?
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экотуризмді дамыту керек деген ойды біраздан бері айтып жүр. Министр Мағзұм Мырзағалиев 2 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында бұл салаға жеке инвесторларды тарту керек деген еді. Министрдің айтуынша, қазір елімізде 13 ұлттық парк бар. Оған 2019 жылы 1,5 миллион адам келген.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2020
Әлеуметтік сала жұмысшыларының жалақысы көбейеді
Елімізде әлеуметтік салада еңбек ететін жұмысшылардың жалақысын көбейту мақсатында ел қазынасынан алдағы үш жылға арнап 95 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Туризм • 12 Желтоқсан, 2020
Туристі жоқ ел – табысы жоқ ел
Бұрыннан да туристік әлеуеті аспандап тұрмаған Қазақстанға пандемия тіпті ауыр тиді. Қаңтар мен қыркүйек аралығында Қазақстан шетелдік туристердің үштен екісінен айырылған,деп хабарлайды Egemen.kz