Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
178 материал табылды

Қоғам • 07 Маусым, 2022

Онлайн кредиттеу опа бермей тұр...

Ақпараттық технологиялар ғасы­рының адам игілігіне арналған ғаламат жаңашылдықтарын меңгеруде Қазақстан ешбір елден кем қалмауға тырысып-ақ жатыр. Алайда «Аттыға еріп жаяудың таңы айырылыпты» демекші, заң үс­тем­дік құрып, құқықтық тәртіп мықтап орныққан озық мемлекеттер ойдағыдай пайдаланып отырған кейбір ноу-хау біз­дің елдің даму деңгейінің ерекшелігі ес­ке­ріл­мей енгізілсе, оң нәтиже беруі екі­талай екені байқалып отыр. Онлайн кредиттеу – соның айғағы.

Қоғам • 01 Маусым, 2022

Көші-қонға жаңа тәсіл қажет

Қазақстан • 23 Мамыр, 2022

Жемқорлық статистикасы

Бас прокуратураның Құқықтық ста­тис­­тика және арнайы есепке алу жөнін­дегі комитетінің мәліметіне қарағанда, биыл­ғы жылдың бірінші тоқсанында еліміз­де тіркелген сыбайлас жемқорлық қыл­мыстар саны былтырғы жылмен сәйкес кезеңде­гіден 21,1 пайызға ұлғайған, яғни 639-дан 774-ке дейін көбейген. Осы дерекке сүйенген бұқаралық ақпарат құралдары «Қазақстанда жемқорлық көбейіп барады», деген біржақты тұжырым жасап, дабыл қағып жатыр. Бірақ ол шындыққа жанаса ма?

Қоғам • 18 Мамыр, 2022

Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?

Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кейінгі кезде «қара алтынымен» ғана емес, бірінен соң бірі тура жолдан тайып тұтылып жатқан басшы қызметкерлерімен де аты шығып тұрған Атырау облысында тағы екі шенеунікке жүйелі түрде пара алды деген айып тағылып, тергеуге алынғанын хабарлады.

Қоғам • 16 Мамыр, 2022

Солтүстік Қазақстанды газдандыру – созбаққа салар іс емес

«Елге ел қосылса – құт, елден ел ажыраса – жұт» дейді қазақ. Ешқандай жұтқа ұшырамаса да, ауылдарының жұрты үдере кө­шіп кетіп, қаңырап бос қалған үйлері көп облыс – Сол­түстік Қазақстан. Осыған орай, кейінгі жылдары Үкімет тара­пынан Қызылжар өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, кінәратты демографиялық ахуалын жақ­сар­туға бағытталған бір­қа­тар ша­ра қолданылып жат­қа­­ны­на қарамастан, мұнда әлі де әртүрлі себеппен көшіп ке­ту­­шілер қатары қоныс аударып келу­шілерге қарағанда әлде­қай­да қалың болып, көші-қон­ның теріс сальдосы сақ­талып отыр.

Қоғам • 16 Мамыр, 2022

Президент саябағына сакура егілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Президент саябағы аумағында енді Eurasian Resources Group-тің (ERG) аллеясы жапырақ жайып, жайқалып тұратын болады. Кеше астанада жыл сайынғы «Ұлттық ағаш егу күні» экологиялық науқанын қолдау аясында «Орнықты даму» жер қорымен бірлесіп ағаш егу іс-шарасы өткізілді.

Қазақстан • 11 Мамыр, 2022

Шынайы халық билігінің айғағы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел билігінің тізгінін өз қолына алысымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынып, қарапайым адамдарды толғандырған талай көкейкесті мәселенің оң шешілуіне ұйытқы болып келеді. Бұл Мемлекет басшысының өз қызметін, Конституциямызда жазылғанындай, «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген басты қағидатқа сүйене атқарып отырғанын айғақтайды.

Қоғам • 20 Сәуір, 2022

Петиция жазып жатырмыз...

Қазіргі кезде әлеуметтік желіні ашып қарасаңыз, көзіңізге петиция түс­пей қоймайды. Әртүрлі ұсынысты жақ­тау­шылар мен жақтамаушылар өзара жа­рысқа түскендей әсер қалдырады. Алайда олар «Онлайн петиция деген не өзі? Оны әзірлеу және қарау тәртібі қа­лай? Жалпы, осы әрекетімізден нендей нәтиже шығады?..», деген сауалға аса бас қатырып жатқан жоқ сияқты.

Экономика • 17 Сәуір, 2022

Субсидия кімнің «сауын сиыры»?..

«Шөлмек мың күн сынбайды, бір күні сынады» демекші, ауыл шаруашылығы саласына құзыреті жүріп тұрған шенеуніктердің «майшелпегіне» айналған субсидияны жымқырушы жемқорлардың бірсыпырасы әшкереленіп, жауапқа тартылып жатыр.

Қазақстан • 14 Сәуір, 2022

Еске алу күні – Аза тұту күні емес пе?

Жыл сайын 31 мамырда елімізде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құр­бандарын еске алу күні атап өтіледі. Шын мәнінде, оның Аза тұту күні еке­нін ата-бабалары репрессияға ұшы­раған адамдар болмаса, басқалар онша сезінбейтін сияқты. Бар болғаны – басшы­ларымыз бастап, басқаларымыз қос­­тап, нәубет құрбандарына арналған ескерт­­кіштер мен мемориалдық тақ­та­ларға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіз тұрып қайтатынымыз рас.