Бану ӘДІЛЖАН
Бану ӘДІЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
368 материал табылды

Қоғам • 24 Наурыз, 2021

Әлиханы көп ел адаспайды

Жақында елімізде ең көп қойылатын есімдердің тізімі жарияланды. Әділет министрлігінің АХАТ бөлімі ұсынған мәліметтерге қарағанда, жыл басталғалы бері дүние есігін ашқан 1200-ден астам ұлға Әлихан есімі берілсе, қыздарда Медина есімі дәл осыған ұқсас көрсеткішпен көш бастаған екен.

Руханият • 20 Наурыз, 2021

Текті түзеу – тектілік

Биыл 2 сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің «Ұлты қазақ азамат­тардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» №2923 Жарлығының шыққанына 25 жыл толады. Сол жылдары өмірге келіп, биыл 25-ке толатын көп азаматтың тегі құжаттарында «ов», «ев»-сіз қазақша жазылған. Алайда ел егемендігін алғаннан бастап стихия­лы түрде жүрген ататекті өзгерту науқаны соңғы 10-15 жыл аясында саябыр­сып қалды. Себебі? Себебі сан алуан. Тегіне қосарланған жат жұрнақтан құтыл­сам дегендерді тоқтатып тастайтын кедергінің ең бастысы – бітпейтін бюро­кра­тия мәселесі.

Қоғам • 18 Наурыз, 2021

Заңдылық – әділетті ел болудың алғышарты

Құқықтық мемлекет құрудың қарапайым қағидасы – заң үстемдігін берік ұстану. Әділетті ел болудың алғышарты да осы.

Саясат • 17 Наурыз, 2021

Транспаренттілік трансформациясы

Фронт-офистер мен оупэн-спэйстердің ашылуы мемлекеттік қызмет көрсету процесін қаншалықты жеңілдетті? Көптің көкейінде жүрген осы сұраққа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен онлайн-брифингте Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы жауап берген болатын.

Саясат • 17 Наурыз, 2021

Жауапкершіліктен жалтару жолы тым көп-ақ

Мемлекет басшысы 2019 жылдың соңында қол астындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігі енгізілген заңға қол қойған болатын. Бүгінде бұл заң талабы қаншалықты орындалып жүр? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен өткен аппарат жиынында осы мәселе кеңінен талқыланды.

Қоғам • 16 Наурыз, 2021

Қауіпсіздік бәрінен қымбат

Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстардың 70 пайызы өз отбасында жасалады. Ең сорақысы – буыны бекімеген балаға зорлық жасап, қорлық көрсететіндердің дені жасөспірімнің жақындары, айналасында жүрген адамдар. Яғни жеткіншекке жұдырық ала жүгіретіндер – әкесі мен өгей әкесі, тәрбиені таяқпен беруді жөн деп санайтындар – шешесімен бірге тұратын азаматтық некедегі танысы, туыс-туғандары мен көршілері. Өкінішке қарай, жақында бұл тізімге немереге мейірімін аямайды дейтін ата-әже де қосылды.

Қоғам • 04 Наурыз, 2021

Жалпыұлттық идеяға айналған жоба

«Адалдық алаңы» – Egemen Qazaqstan газеті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірлескен жобасынан туындаған жаңа айдар. Алдағы уақытта басылым бетінен жемқорлыққа қатысты деректер дер кезінде жарияланып, оқырман қауым індетке қарсы күресте қолға алынған тың тәсілдер туралы ақпараттармен алғашқылардың бірі болып таныса алады. Сондай-ақ агенттіктің AntikorLive, «Парасат жолы» жобалары аясында жасалған келелі кездесулері, сүбелі сұхбаттары, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру тақырыбында өрбіген ашық диалогтар да «Адалдық алаңының» басты тақырыбына айналады. Жаңа айдардың алғашқы жарияланымын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат жиынында талқыланған мәселелерге арнап отырмыз. Жиында құрылғанына бір ай болған Жемқорлыққа қарсы жобалар бойынша басқарушы комитеттің жұмыс нәтижелері жан-жақты сөз болды.

Қоғам • 04 Наурыз, 2021

Ашықтық алғышарты

Соңғы екі жылда сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы тұрған 400-ге жуық азамат жалпы сомасы 58,9 млн тең­гемен ын­та­ландырылған. Өткен жылы ақшалай ма­рапат­талған 122 адам ауыр қылмыс туралы хабарласа, 55-і ауырлығы орта­ша іс­тер бойынша мәлімет берген. Ал биыл жемқорлық деректері тура­­­лы мәлі­мет берген 213 адамға 33,9 млн теңге тө­лен­ген.

Қоғам • 01 Наурыз, 2021

Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе

«Конституциялық Кеңесте жалпы юрисдикция соттарының ұсыныстарын қарау» тақырыбында өткен халықаралық дөңгелек үстелде соттардың Конституциялық кеңеске өтініш беру мәселелері кеңінен талқыланды.

Қазақстан • 23 Ақпан, 2021

Жемқорлықты адалдық қана ауыздықтайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде апта басында өткен аппарат мәжілісінде «Парасаттылық идеологиясын дәріптеуде қоғаммен байланыс қандай деңгейде?» және «Бизнес пен инвестицияны қорғау жөніндегі PBI жобасының жетістігі қандай?» маңызды мәселелер кеңінен талқыланды.