Сенат • 13 Сәуір, 2023
Ынтымақтастықты дамытудың «Жол картасы»
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат ресми сапармен Ресей Федерациясына келді. Сапар барысында Палата спикері Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті. Сондай-ақ спикерлер Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы отырысының ашылуына қатысты. Отырыста Палата басшылары 2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастықты дамыту жөніндегі «Жол картасына» қол қойды.
Балалар • 06 Сәуір, 2023
Алматы облысында Жауғашты дейтін елді мекен бар. Бұл ауылдың атауы осында орналасқан Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ге қарасты №10 мекемесі – әйелдер түрмесі арқылы жұртқа жақсы таныс. Бұл мекеме – сотталған әйелдердің баласымен бірге болуына рұқсат етілген еліміздегі жалғыз түрме. Қазіргі таңда мұнда жазасын өтеп жатқан аналарымен бірге үш жасқа толмаған 32 сәби өсіп келе жатыр.
Құқық • 05 Сәуір, 2023
Бас прокуратураның мәлімдеуінше, қазіргі таңда қылмыс жасады деген күдікке іліккен 2,5 мыңнан астам адамға іздеу жарияланған екен. Жалпы, соңғы үш жылда елдегі қылмыстық қудалау органдары әртүрлі қылмыс жасады деген күдікпен 3 мыңнан астам адамды іздеуде.
Басылым • 04 Сәуір, 2023
Жан-жағына жылылық пен мейірім шуағын шашып жүретін жандар болады. Айналасына бір-ақ ауыз жүрекжарды сөзімен сыйлы болып, құрметке бөленіп жүретін азаматтар да кездеседі. Халқымызда «Айналайын», «Айнам» деген жүрекке нұр құятын сөздер бар. Жақыныңа ғана емес, бір көрген жатқа айтсаң да бұл сөздер адам көңіліне ерекше бір жылымық әкеледі.
Сенат • 31 Наурыз, 2023
Өңірлерді өркендету – басым бағыт
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен «Өңір» депутаттық тобының жаңарған құраммен алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясында Парламент пен Үкіметке жүктеген міндеттерін талқылады.
Сайлау • 14 Наурыз, 2023
Байқаушыларды аккредиттеу аяқталды
19 наурызға белгіленген Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауын 34 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымның 300-ден астам байқаушысы бақылайды. Ал бүгіннен бастап сауалнама нәтижелері туралы ақпаратты жариялауға, сондай-ақ қайта басып шығаруға тыйым салынады. Бұл жөнінде Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен өткен Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында хабарланды.
Пікір • 13 Наурыз, 2023
Жүкті болғанын жалпақ жұртқа жариялайтын жаман әдет пайда болды кейінгі кездері. Аяғы ауырлағанын растайтын «екі сызықты таяқшаны» әлеуметтік желіге салып, жаңалығын еріне тосынсыймен жеткізетін келіншектердің бұл қылығын біреу түсінсе, енді біразы ерсі санайды. Жалпы, «Жүктімін!» деп жаһанға жар салудың кімге қандай пайдасы мен қажеті бар?
Сайлау • 13 Наурыз, 2023
Сайлау: Өңірлер дайындығы жоғары
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихаттарға сайлауды әзірлеу мен өткізу шеңберінде инспекциялық сапарын Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында жалғастырды.
Құқық • 10 Наурыз, 2023
Отбасылық сот: Тиімділігі мен маңызы
Отбасылық сот дегеніміз не? Бұл институттың өзге соттардан ерекшелігі қандай? Еліміздегі ювенальды соттар қай үлгіде жұмыс істейді? Жалпы, бізге мұндай жоба қажет пе? Шыны керек, отбасындағы құндылықтарға ерекше мән беріп, ұядағы тәртіп пен заңдылықты бәрінен биік қоятын біздің қоғамда бұл сұрақтардың өзектілігі әлі ортаймай келеді. Өйткені «Отбасы ала болса, кереге басы сайын бәле бар» екенін халқымыз әуелден білген.
Сайлау • 07 Наурыз, 2023
Ақпараттандыру және қолжетімділік сайлауға дайындықтың алғышарттары
Орталық сайлау комиссиясының өңірлердегі инспекциялық сапарлары бұл жолы Ақтөбе және Қостанай облыстарында жалғасты. Комиссия мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина аймақтарға сапар аясында Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңестер өткізіп, саяси науқанға дайындықтың ең басты алғышарты – ақпараттандыру және қолжетімділік екенін атап өтті.