Білім • 27 Қаңтар, 2022
Эндаумент қоры университет пен мектептер жүйесін қаржыландырады
Назарбаев Университеті құрылған сәтінен бастап ғылым, білім мен инновацияларды біріктіретін және халықаралық практикаларға негізделген, ТМД-дағы зерттеу университетінің жаңа бағдары мен моделіне айналды. Университет қызметінің негізгі қағидаттары – меритократия және академиялық адалдық. Университет Қазақстанда әлемдік деңгейдегі білім беруді, мысалы, «Болашақ» бағдарламасымен салыстырғанда арзанырақ бағамен ұсынады, сондай-ақ жаңа білімді институционалдық деңгейде сырттан импорттамай, ел ішінде қалыптастырады.
Білім • 27 Қаңтар, 2022
Қысқы ұбт-ға 100 мыңнан астам өтінім түсті
Қазақстанда қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды. Қатысушылардан 104 мыңға жуық өтінім түсті. Ұлттық бірыңғай тестілеу 2022 жылдың 22 ақпанына дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін ҰБТ-ны 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізу жоспарланған болатын. Алайда елде төтенше жағдай режімінің енгізілуіне байланысты мерзімі кейінге шегерілді. Қажеттілігіне қарай тестілеуге қосымша күндер енгізілді.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2022
Балалар дағдылануы тиіс жеті ғадет
Kaspersky қазіргі заманғы балалар үшін 7 маңызды цифлы әдетті белгіледі. Бүгінде цифрлы кеңістікте өмір сүру дағдылары баршаға қажет. Сондықтан ата-аналардың міндеті – балаларды осындай ауқымды ақпараты бар әлемде өмір сүруге үйрету. Kaspersky мамандары балаға әлеуметтік желідегі дұрыс мінез-құлықты дамытуға көмектесетін жеті әдетті анықтады.
Қазақстан • 25 Қаңтар, 2022
Kenes мобильді қосымшасын жүктеңіз
«Ауылдық елді мекен тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасын іске асыру шеңберінде «ТРИНТА» ЖҚ Android платформасына арналған Kenes мобильді қосымшасын әзірледі.
Қазақстан • 25 Қаңтар, 2022
Инклюзивті оқу курстарынан өтеді
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы кеңсесі Astana Hub IT стартаптар халықаралық технопаркімен бірлесіп, еліміздің 11 облысында 12 мыңнан астам мұғалімді аралас форматта цифрлы инклюзивті білім негіздерін оқытуды жоспарлап отыр. Оқыту Білім және ғылым министрлігінің облыстық басқармаларымен және білім департаменттерімен бірлесіп жүзеге асады. Тренингке қалалық және ауылдық мектептердің мұғалімдері қатысады. Бүгінгі таңда курсқа он мыңнан астам тыңдаушы тіркелді.
Технология • 25 Қаңтар, 2022
Өндірісте таңбалау процесін роботтандырған ұтымды
«Қазақтелеком» АҚ «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» мен Satbayev University қазақстандық техникалық университеті басшылығының кездесуі кезінде таңбаланған өнім өндірушілердің өндірістік процестерін автоматтандыру технологияларын дамыту перспективалары талқыланды.
Экономика • 24 Қаңтар, 2022
Қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтті
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылы республиканың бірқатар арнайы экономикалық аймақтары үшін қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтті. Бұл сыртқы экономикалық байланыстарды жандандыру, экономиканы қолдау және өңірлердің әлеуметтік проблемаларын шешу, арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі – АЭА) жұмысына инвестициялар, технологиялар мен қазіргі заманғы менеджментті тарту үшін жасалды.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2022
Өмір сүру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берді
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен бейнеконференц байланысы арқылы Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Коронавирус • 18 Қаңтар, 2022
Коронавирусты емдеу барысында нені білу керек?
Соңғы күндері елімізде коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың өсуі байқалады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирустың белгілерін анықтаған пациенттерге қалай әрекет ету керектігін еске салады.
Қазақстан • 21 Желтоқсан, 2021
Туристік хабқа газ коммуникациялары тартылды
Тәуелсіздік мерекесі маңғыстаулықтар үшін маңызды жаңалықпен толыға түсті. «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы Каспий жағалауындағы туристік хабты газдандыру жобасын мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл өз кезегінде аймақтың туристік әлеуетін арттыруға серпін бермек.