Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2021
Ескі көлік тапсырудан рекорд жасады
Биыл ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы жүзеге асырылып келе жатқан жылдардан бергі рекордтық нәтижеге қол жетті. 2021 жылы қазақстандықтар 50 005 көлікті жоюға тапсырды. Оның 37 495-і – жеңіл көлік, 4 040-ы жолаушылар көлігі және 8 470-і – жүк көлігі. Істен шыққан машинасын жоюға тапсырғандарға биыл 13,7 млрд теңге қаражат төленген.
Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2021
NCOC: Қазақстанның болашағы үшін
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы елдің 30 жыл сенімді әрі қарқынды дамуының дәлелі. Қазақстан қысқа уақытта дүниежүзілік қоғамдастыққа танымал елге айналды. Елбасының шетелдік инвестицияларды тарту арқылы мұнай-газ саласын дамытуға ерекше көңіл аудару туралы шешімі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жаһандық дағдарыс жағдайларына қарсы тұруға мүмкіндік берді.
Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2021
ArcelorMittal: Тәуелсіз Қазақстандағы 26 жылдық табысты қызмет
Тәуелсіздік күні қарсаңында республиканың тау-кен металлургия саласындағы ірі инвесторлардың бірі ArcelorMittal компаниясы Қазақстандағы қызметінің 26 жылдығын атап өтті. Осы уақыт ішінде компанияның Қазақстандағы инвестициялары 5 млрд доллардан асты, ал еліміздің 8 қаласы үшін ArcelorMittal қазақстандық бөлімшесі – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорындары қала құраушы болып табылады. 26 жыл ішінде компания әр түрлі кезеңдерді басынан өткерді, бірақ тұрақты және қауіпсіз өндіріс, даму және өңір экономикасын қолдау бағыттары өзгерген емес. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир мырза компанияның елдегі қызметінің тарихы қалай басталғаны, қазіргі жағдайы мен бүгінгі сын-қатерлерді шешу туралы айтып берді.
Білім • 07 Желтоқсан, 2021
Тұңғыш Президент күніне орай Назарбаев зияткерлік мектептерінің дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» флешмобында мың бір домбыра үні күмбірледі. Бірнеше жыл қатарынан NIS оқушылары мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, виртуозды ойынмен домбыраның элективті курстары және «100 күй» мәдени жобасының маңыздылығын айқындап келеді.
Экология • 26 Қараша, 2021
Экология – азаматтық қоғам назарында
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев X Азаматтық форум аясында үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық сектор өкілдерімен кездесіп, қоршаған ортаны қорғау, геология, су ресурстары, орман шаруашылығы және жануарлар әлемінің өзекті мәселелерін талқылады.
Медицина • 18 Қараша, 2021
ӘМСҚ: КТ/МРТ арқылы көрсетілген қызмет көлемі артты
«Қазіргі таңда МӘМС жүйесі арқылы көптеген медициналық қызметті алу қолжетімді. Елімізде онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларының айтарлықтай жоғары көрсеткіштерін, сондай-ақ коронавирус инфекциясымен ауырған науқастар көрсеткішін ескерсек, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография қызметтерінің азаматтардың диагностикалық тексеруден өтуі үшін қаншалықты сұранысқа ие екендігі белгілі. Биыл осы КТ/МРТ бойынша қызмет жеткізушілер саны 26%-ға және 21%-ға артты», деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордадағы филиалының баспасөз қызметі.
Білім • 17 Қараша, 2021
300-ден астам жаңа жоба ұсынылды
Назарбаев зияткерлік мектептерінде 300-ден астам өнертабыс ғылыми жобалар конкурсына ұсынылды. Оның әрқайсысы – болашаққа деген ауқымды қадамдар. Дәстүр бойынша бүгінгі сұранысқа ие басымдықтар санатындағы экологиялық мәселелер, инклюзивті әзірлемелер және цифрлы креатив жас ғалымдардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Қоғам • 16 Қараша, 2021
Қазақстандық ғалымдардың 14 ғылыми әзірлемесі халықаралық нарыққа шықты және енді Қытай, Ресей, Түркия, Грузия, Чехия, Қырғызстан сияқты елдерге экспортқа шығарылып жатыр. Барлық жоба Білім және ғылым министрлігі Ғылым қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Сату көлемі жүздеген миллион теңгеден асып, ғалымдар пассивті кіріс алып отыр. Ғылыми әзірлемелердің қатарында – кобальт-57 радиоизотопы, зеңге қарсы дәрілік препарат, медициналық, тағамдық және тұрғын үй-жайларды санациялауға арналған биопрепараттар, сүт сарысуы негізіндегі сусындар, пробиотиктер және тағы басқалар бар.
Медицина • 12 Қараша, 2021
«Ұлттық нейрохирургия орталығында өте күрделі нейрохирургиялық оталар күнделікті жасалады. Осындай оталардың бірі миында көлемі 7х7 см глиальды ісігі бар 44 жастағы ер адамға жасалды. Бұл операция жоғары технологиялық медициналық қызметке кіреді. Ота МӘМС шеңберінде квота бойынша пациентке тегін жасалды. Мұндай хирургиялық араласу кезінде оң нәтижеге тек заманауи диагностикалық және операциялық жабдықтары, білікті мамандары бар жоғары мамандандырылған орталықтарда ғана қол жеткізуге болады» деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Қазақстан • 11 Қараша, 2021
Халықаралық ұйымдар құттықтауы
Жақында Жалпыұлттық халық санағының негізгі кезеңі аяқталды. Бірқатар халықаралық ұйымдар Ұлттық статистика бюросын деректерді жинау процесінің аяқталуымен құттықтады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.