Думан АНАШ
Думан АНАШ«Egemen Qazaqstan»
609 материал табылды

Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2021

Сауалдаманы толықтыруға немесе түзетуге болады

Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы күндері 1446 байланыс орталығына санақ парақтарын толтыру кезінде түрлі себептермен отбасы мүшелерін (балаларды, ата-аналарды, туыстарды және т.б.) қосуды ұмытып кеткендер мен Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұратынын көрсеткен респонденттер жиі хабарласуда.

Қоғам • 21 Қыркүйек, 2021

Өңірлік дағдарыс орталықтарын дамытады

Verum Foundation қоры дағдарыс орталықтарын қолдау, оларды жоғары білікті психологиялық және заң көмегін көрсету желісі бойынша аймақтарда дамыту жөніндегі республикалық жобаны жүзеге асыруда.

Экология • 21 Қыркүйек, 2021

«Көлсай көлдері» ЮНЕСКО Бүкіләлемдік желісіне енгізілді

ЮНЕСКО қазақстандық «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін өзінің дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосты. Мұндай шешім ЮНЕСКО бағдарламасының «Адам және биосфера» халықаралық үйлестіру кеңесінің 33-сессия­сында қабылданды.

Экология • 20 Қыркүйек, 2021

Аққу ұшып, қоқиқаз қонған Талдыкөл тағдыры қалай шешіледі?

Әлбетте, қала аумағындағы қарыс жер, әсіресе, орталық бөлігіне жақын аумақта алтыннан қымбат бағаланатыны белгілі. Талай компанияның көзқұртына айналған сондай аумақтың бірі – елордадағы Талдыкөл көлдер жүйесі. Ілкідегі жылдары қалдық суларды ағызған қаланың батыс бөлігіндегі Талдыкөлден ескен жағымсыз иістен зардап шеккен астаналық тұрғындар соңғы жылдары осы су қоймасымен жапсарлас Кіші Талдыкөлдің тағдырына алаңдаушылық білдіруде.

Экономика • 20 Қыркүйек, 2021

Ауыл әйелдеріне кәсіпкерлік негіздерін оқытады

Алматы облысының Ескелді ауданында «Әлеуметтік осал санаттағы әйелдерді микро-бизнес негіздеріне оқыту» жобасының танымалдылығы артып келеді. Жобаны «Белес-Жетісу» қоғамдық қоры «Шеврон» компаниясы мен Орта Азия-Еуразия қорының қолдауымен Qolda 3.0 жедел көмек бағдарламасы аясында іске асыруда.

Білім • 20 Қыркүйек, 2021

Жетпіске жуық өтініш түсті

Оқу жылы басталғаннан бері Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне азаматтардан 70-ке жуық өтініш келіп түсіп, білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің қызметкерлері шаралар қабылдады.

Білім • 20 Қыркүйек, 2021

Тағылымдамаға жіберілетін ғалымдар іріктелуде

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалым­дарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетек­ші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орта­лықтарында тағылымдамадан өтіп, бір­лескен ғылыми зерттеулерді жүргізе алады.

Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2021

Авиация мамандарын даярлайды

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Гинтаус Васюлиспен және осы елдің бизнес өкілдерімен кездесуінде екі елдің көлік ынтымақ­тастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Коронавирус • 20 Қыркүйек, 2021

COVID-19 вакцинасы қазақстандық Data Matrix кодымен таңбаланды

Қытайда шығарылған COVID-19-ға қарсы Vero Cell вакцинасы Data Matrix кодымен таңбаланып, суық тізбек жүйесін тестілеу бойынша қанатқақты жоба аясында қазақстандық медициналық ұйымдарға жеткізілді. Қанатқақты жоба еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша «СҚ-Фармация», Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы және суық тізбекті ұсынған компаниямен бірге іске асырылуда.

Білім • 19 Қыркүйек, 2021

Зияткер ұрпақ зейін қойған Тәуелсіздік сабақтары

Еліміздегі 50 мыңға жуық жоғары сынып оқушысы Назарбаев зияткерлік мектептерінің «Жасампаздық пен даму» атты Тәуелсіздік сабақтарына қосылды.