Бұл жоба Qolda 3.0 жедел көмек бағдарламасы аясында «Шеврон» компаниясы, Орта Азия-Еуразия қоры және «Заң талабы» қоғамдық қорымен әріптестікте іске асырылуда. Жобаны «Қазақстандағы тең құқық пен тең мүмкіндік институты» қоғамдық қорының президенті және өңірлік дағдарыс орталықтарының серіктесі Маргарита Өскембаева қолдады.
Аталған жоба COVID-19 пандемиясынан болған карантин кезінде Қазақстандағы әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының артуына байланысты жауапты шара ретінде қолға алынды. Жобаға дағдарыс орталықтарының қызметкерлері, психологтер мен заңгерлер қатысады. Олар зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетудің тиімді технологияларын үйренеді. Атап айтқанда, психологтер «Психологиялық мәселелердің барлық түрлерін шешуге арналған авторлық Genesis экспресс-психотерапиялық бағдарламасынан өтеді. Бұл тәсіл психологтерге психологиялық жарақат алғаннан кейін психологиялық дағдарысқа ұшыраған ересектерге, жасөспірімдерге және балаларға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік бермек. Аталған әдіс психологиялық, физикалық, жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға көмектеседі.
Қор зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізетін ұйымдармен танысу, қатысушыларды ынталандыру және жобаның мақсаттарын талқылау мақсатында жуырда Ыстықкөл жағалауында оқыту турын ұйымдастырды. Топпен бірге Маргарита Өскембаева мен өңірлік дағдарыс орталықтарының басшылары да қатысып, жоба тренерлері Genesis экспресс-психотерапиялық тәсілі бойынша шеберлік сабақтар мен психологиялық мәселелердің барлық түрін шешу үшін тренинг-интенсив өткізді.
Жоба тренері Жанар Даненова оқу нәтижелерін бөлісіп, зорлық-зомбылық құрбандарына көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында дағдарыс орталықтарының психологтері мен заңгерлерінің біліктілігін арттырғысы келетіндерін жеткізді. Сондай-ақ шеберлік сабақтарға қатысушылар экспресс-тәсілдің мүмкіндіктерімен таныса алды. Бір сеанстан кейін олар өздерін жылдар бойы мазалаған жағымсыз эмоциялар мен тәжірибелерден арыла алды. Genesis тәсілінің қаншалықты мақсатты және жеңіл түрде психотерапиялық интервенция өткізе алатыны – таңғаларлық нәтиже.
«Бағдарламаға қатысқаныма қуаныштымын. Мұнда оқығаным және бастан кешіргенім біздің қор моделімен тығыз байланысты: біз қиындыққа тап болған отбасылармен, зорлық-зомбылықтың құрбаны болған ересектермен және балалармен айналысамыз. Осы тәсілдің көмегімен біз адамдарға проблемаларын өз беттерімен шешуіне ықпал ете аламыз» деді тренингке қатысушы, алматылық «Береке» қорының жетекшісі Бағдаш Сүлейменов.
Оқыту туры барысында Мәжіліс депутаты Ирина Смирновамен кездесу өтті, онда аймақтық дағдарыс орталықтарын дамыту мәселелері талқыланды.
Verum Foundation қоры қоғамның әлеуметтік-психологиялық сауығуына ықпал ету мақсатында құрылған. Сонымен қатар қор өз алдына психологиялық денсаулық индустриясын дамыту және психологиялық көмекті дәріптеу міндеттерін қойып отыр. Қордың негізгі қызметі – халыққа және психологтерге білім беру, психология, психотехнология, психиатрия және басқа да байланысты пәндер бойынша мамандандырылған кәсіби курстар өткізу.