Білім • 10 Қыркүйек, 2021
Педагог-ассистент қызметі енгізілді
Еліміздегі мектептерде педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда, яғни инклюзивті білім беруде сұранысқа ие. Олар балалардың мектепке тез үйреніп кетуіне көмектеседі.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2021
Еңбек нарығы: мектеп мұғалімдеріне сұраныс көп
Электронды еңбек биржасының деректеріне сәйкес биыл тамыз айында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер 57,5 мың түйіндеме мен 113,1 мың бос жұмыс орны жөнінде хабарлама орналастырды. Шілде айымен салыстырғанда түйіндемелер саны 20%-ға, ал бос орындар туралы хабарландыру саны 38%-ға артты. Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы (+130%), Жамбыл (+142%) және Маңғыстау (101%) облыстарында жоғары білікті мамандардың, әсіресе орта мектеп мұғалімдері бос орындарының айтарлықтай өсуі байқалды.
Коронавирус • 09 Қыркүйек, 2021
EGU.kz – балаларды вакциналауға арналған ақпараттық ресурс
Елімізде алғаш рет Ұлттық вакциналау күнтізбесіне сәйкес балалар вакциналары туралы барлық қажетті ақпарат жинақталған бірыңғай ресми ресурс іске қосылды.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2021
Онлайн санақ: Бір тәулікте – 150 мыңнан аса адам
Кеше, 7 қыркүйек сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 453 556 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 394 933-і sanaq.gov.kz сайтында, 46 492-і Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 12 131 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021
Өзендер өрнектеген Өскеменге түс ауа келіп жеткен жүрдек пойыздан түскен біз қала ішінде көп аялдамай төр Алтайды бетке алдық. Облыс орталығының оңтүстік-шығысынан бірден басталып кететін тау арасындағы құба жол ерекше әдемі. Қос қапталдан ілесіп отыратын жоғарылы-төменді беткейлерде шабындығыңыз да, егістігіңіз де жасыл жазира болып құлпырып тұрады. Әсіресе, жартастарды жарып шығатын қарағайлар мен қайыңдардың сыңсып өскен нуы да, шоқтанып өскен тоғайлары да көңілге ерекше күй береді. Әлсін-әлсін тоқтай қалып, көкірегіңді толтыра тыныстап, таспаға тарта бергің келеді.
Білім • 03 Қыркүйек, 2021
Олимпиада жүлдегерлеріне – 4,4 млн теңге
Бұған дейін еліміз спорт шыңын бағындырған Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы беріп келсе, енді халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары да біржолғы ақшалай сыйақы алатын болады. Атап айтқанда, алтын медаль иегерлері – 1500 АЕК, күміс – 1000 АЕК, қола – 500 АЕК көлемінде сыйақы алады.
Технология • 02 Қыркүйек, 2021
Платформалық тәсіл: Жобалардың дамуы жылдамдайды
BTS Digital компаниясы, Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі корпоративтік қоры және «Астана» халықаралық орталығының (АХҚО) Tech Hub Қазақстанда цифрлы платформалық шешімдерді дамыту бойынша консорциум құру ниеті туралы келісімге қол қойды. Тараптар экономика салаларын цифрландыру және бірлескен цифрлы платформаларды құру үшін өз құзыреттері мен ресурстарын біріктіруді жоспарлап отыр.
Саясат • 02 Қыркүйек, 2021
Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бейнеконференция режімінде адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 41-отырысын өткізді.
Білім • 01 Қыркүйек, 2021
Жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар өзгерді
Еліміздегі жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын талаптар өзгерді. Жаңашылдықтар мамандықтарға байланысты енгізілді және жоғары білімнің практикалық бағдарлануын күшейтуге бағытталған.
Экономика • 30 Тамыз, 2021
Темір жолмен тасымалдау ұлғаяды
«ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттер темір жол әкімшіліктері басшыларының үшінші кездесуіне қатысты. Кездесу «Тәжік темір жолы» МУК төрағалығымен ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норовтың қатысуымен бейнеконференция режімінде өтті.