Қоғам • 10 Қыркүйек, 2021

Еңбек нарығы: мектеп мұғалімдеріне сұраныс көп

667 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Электронды еңбек биржасының деректеріне сәйкес биыл тамыз айын­да жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер 57,5 мың түйіндеме мен 113,1 мың бос жұмыс орны жөнінде хабарлама орналастырды. Шілде айымен салыстырғанда түйіндемелер саны 20%-ға, ал бос орындар туралы хабарландыру саны 38%-ға артты. Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы (+130%), Жамбыл (+142%) және Маңғыстау (101%) облыстарында жоғары білікті мамандардың, әсіресе орта мектеп мұғалімдері бос орындарының айтарлықтай өсуі байқалды.

Еңбек нарығы: мектеп мұғалімдеріне сұраныс көп

Тамыз айында кәсіби мамандар арасында белсенділіктің артуы бай­қалды. Мәселен, өткен аймен салыс­тыр­ғанда бос орындар саны 135%-ға (+16,7 мың бірлік), ал түйіндеме 71%-ға (+21,2 мың) артты. Со­нымен қатар бұл топ арасында ең көп сұра­ныс­қа ие мамандықтар шет тілдері (+1,8 мың), орыс тілі мен әдебиеті (+1,7 мың), сондай-ақ бастауыш сынып пен математика (+1,2 мың) пәндерінің мұғалімдері болды. Сонымен қатар ізденушілер арасында орта мектеп, оның ішінде шет тілі (+1,4 мың), бастауыш сынып (+844), дене шынықтыру (+810) және қазақ тілі (+725) мұғалімдерінің түйіндемелері санының өсуі байқалады.

«Өткен айда ұсыныс жоғары білікті кадрлардың белгілі бір маман­дық­тарына деген сұранысты ішінара қанағаттандырды және осы салада кейбір мамандардың тап­шы­лығы және басқа мамандықтардың ар­тық болуы қалыптасты. Мысалы, жұмыс іздеп жүрген дене шынықтыру және спорт мұғалімдері талап етілгеннен көп болды – 1 269 түйіндемеге 805 бос жұмыс орны, ал 1 180 түйін­де­меге қазақ тілі мен әдебиеті мұ­ға­лім­дерінің 788 бос орны ғана келді», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігінің «Еңбек ре­сурс­­тарын дамыту орталығы» АҚ бас­қарушы директоры Александра Молчановская.

Электронды еңбек биржасындағы түйін­де­мелер мен бос жұмыс орын­да­рының са­нын салыстыру на­рық­та кейбір пән мұ­ға­лім­дерімен қатар қызмет көрсету және сату саласындағы қызметкерлердің тап­­шы­лығы бар екенін көрсетті. Мы­са­лы, тамыз айында күзетшілер (399 түйіндемеге 2 189 бос орын), сатушы консультанттар (171 түйіндемеге 1 169 бос орын), кассирлер (139 түйіндемеге 910 бос орын), аспаздар (500 түйіндемеге 1 255 бос орын), сондай-ақ тәрбиешілердің көмекшілері (271 түйіндемеге 1 024 бос орын) көбірек сұранысқа ие болды.

«Ұлттық халық санағын өткізудің бас­­тал­уы аясында тамыз айында сауал­дама жүргізу бойынша сұх­бат алу­­шылар ең көп сұранысқа ие болды: 2 560 бос орынға тек 8 түйін­деме ұсы­­ныл­ды», деп атап өтті А.Мол­ча­нов­ская.

Бұған қоса, белгілі бір пән мұға­лім­де­рімен қатар, шілде айындағыдай, басқа білікті қызметкерлердің арасында заңгерлер, мал өсірушілер, фельд­шерлер және қаржыгерлер болды. Біліктілігі жоқ жұмыскерлер ішінен елді мекендерді абаттандыру және көгал­дан­дыру бойынша қыз­мет­керлерге сұраныс аз болды, алайда мектептердегі тазалаушылар ара­сында (241 түйіндемеге 1 013 бос орын) және аула сыпырушылар ара­сын­да (523 түйіндемеге 1 159 бос орын) жоғары сұранысты атап өтуге болады.

Жалпы, біліктілік топтары тұр­ғысынан алғанда, алдағы егін жинау­­­ға байланысты ауыл шаруа­шы­лығы жұмыстарының қыза түсуіне қара­мастан, фермерлер мен ауыл шаруа­шылығының өзге де жұмыс­кер­лері арасында жалдау 17%-ға, сондай-ақ өндірістегі операторлар ара­сында (-1%) қысқарды. Бұл ретте білік­тілігі жоқ жұмыс еңбегіне деген сұраныс алдыңғы айлардағыдай барлық жарияланған бос орынның төрттен бір бөлігін құрайды, олардың арасында бос жұмыс орындарының, атап айтқанда, қосалқы жұмысшылар үшін (+2,1 мың адам) айтарлықтай өсуі байқалады. Бұл ретте бос жұмыс орын­дарының саны ең көп Қы­зыл­ор­да (+142%), Батыс Қазақ­стан (+81%) және Алматы облыстарында (+76%) өсті.

Орналастырылған түйін­де­ме­лер­ге келе­тін болсақ, олардың барлық бі­ліктілік топ­тарындағы, сондай-ақ бос жұмыс орын­да­рынд­ағы санының артуы­мен қатар, ауыл шаруа­шылы­ғы­мен айналысатындардың (-24%), өнеркәсіп жұмысшыларының (-11%) және біліктілігі жоқ жұмысшылардың (-5%) арасында жұмыс іздеушілердің қыс­қаруы байқалады. Өңірлік бөлі­ністе ізденушілер арасында бел­сен­ді­лік оңтүстік өңірлерде – Алматы қаласында (+48%), Алматы (+40%), Қызылорда (+46%), Жамбыл (+41%) облыс­тарында, сондай-ақ Маңғыстау облысында (+44%) өскені байқалады.