Экономика • 17 Мамыр, 2021
Үздік әлеуметтік кәсіпкерлер анықталды
Қазақстанның он бір үздік әлеуметтік кәсіпкері «Ozgeris Ustasy» жүлдесімен марапатталып, 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Жеңімпаздар «Ozgeris Ustasy» әлеуметтік кәсіпкерлігін ілгерілету мен дәріптеуге қосқан үлестері атап өтілген марапаттау салтанатына қатысты. Бұл шара да онлайн форматта өтті. Биыл конкурсқа Қазақстаннан барлығы 44 өтінім келіп түсті. Бірінші кезеңде сараптау комиссиясы 25 финалисті іріктеп алды. Негізгі өлшемдер әлеуметтік әсер және қаржылық тұрақтылық болды. Ал жеңімпаздар ашық қоғамдық дауыс беру арқылы анықталды.
Экономика • 16 Мамыр, 2021
Валюта нарығы: ұтыс пен ұтылыс
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова әлемдік экономиканың біркелкі қалпына келе алмауы мен белгісіздік жағдайында мұнай бағасының динамикасы екіұшты болып қала беретінін жеткізе отырып, халықаралық нарықтың соңғы айдағы ахуалын сараптайды.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2021
Көмір байыту фабрикасы іске қосылды
Қарағанды қаласында Qaz Carbon ЖШС жаңа көмір байыту фабрикасы іске қосылды. Кәсіпорынның ашылу рәсіміне Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр қатысты. Инновациялық кәсіпорын «Қазақстанның даму банкі» АҚ қаржылық қолдауымен салынды. Өндірісті толық автоматтандыру және жаңа әлемдік технологияларды қолдану арқылы жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда фабриканың жылдық өндірістік қуаты 1 млн 800 мың тонна көмір концентратын құрайды.
Қоғам • 13 Мамыр, 2021
Қазақстанның Жаңа кәсіптер атласы таныстырылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізген онлайн-конференция аясында орталық мемлекеттік органдар өкілдеріне Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы таныстырылды.
Білім • 05 Мамыр, 2021
«Болашаққа» құжат қабылдау басталды
Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған жыл сайынғы конкурстың басталғаны туралы айтты.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2021
Спутник V вакциналау кестесіне өзгерістер енгізілді
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 қаулысына сәйкес Спутник V вакциналау кестесіне өзгерістер енгізілді.
Технология • 04 Мамыр, 2021
Егін науқаны мен оны жоспарлау кезіндегі «AgroData» қосымшасының тиімділігі, қолжетімді мәліметтерді ауыл шаруашылығында қолдануға қатысты жаңашылдықтар туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook парақшасындағы тікелей эфирде айтылды.
Қоғам • 04 Мамыр, 2021
Елорда емханасы: Балалар МӘМС жүйесінде
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot телеграм-бот және 1406 байланыс орталығы арқылы түрлі сауалдар түседі. Оның ішінде балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі бойынша сұрақтар да жеткілікті. Бұл жолы осындай жиі қойылатын сауалдардың біразына Нұр-Сұлтан қаласындағы №5 емхананың пациенттерді қолдау және медициналық қызмет сапасын бақылау қызметінің жетекшісі Әлия АЙТУҒАНОВА жауап берді.
Білім • 03 Мамыр, 2021
5 мың ауыл оқушысы еліміздің жетекші мектептерінде білім алу құқығына таласады
Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алатын дарынды 5 мың оқушының есімдері жарияланды. Олар еліміздің жетекші мектептерінде және Елбасы Академиясының Вirge oqý онлайн мектебінде тегін оқу мүмкіндігі үшін таласады.
Қоғам • 30 Сәуір, 2021
Еңбекті қорғау – адамды қорғау
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандық Iteca көрме компаниясымен бірлесіп «Дағдарысты алдын ала болжау және оған дайын болу – қазір еңбекті қорғаудың барабар жүйелеріне қазір инвестиция салу» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинар Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған. Онлайн-конференция барысында Қазақстанның еңбек саласындағы сарапшылары, Халықаралық еңбек ұйымы және Халықаралық еңбек инспекциялары қауымдастығы пандемия жағдайында өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмаудың қазіргі заманғы жүйелерін дамыту мәселелерін талқылады.