Таным • 19 Сәуір, 2024
Үндінің Садхгуру деген данышпаны бар. Адамдар ағылып келіп ақыл сұрайды екен одан. Қарияның нақылдары әлеуметтік желіде де миллиондаған қаралымға жеткен. Кеше соның бірін көзім шалып қалды.
Кино • 18 Сәуір, 2024
Бұл кім өзі? Қарақан басының қамы үшін Отанын сатқан опасыздың бірі ме? Жоқ. Ертелі-кеш құдайды ұлықтап, дімкастарға дем салатын монастырьдағы момын пірәдар ма әлде? Жоқ. Тепсініп тентектік көрсететін әумесер әулекі ме, қара қылды қақ жаратын дау шешер данышпан ба? Оған да жата қоймайды. Бұл кім болды сонда? Пенде? Періште? Сайтан? Ешқайсысы да емес. Бұл – рух. Бұл – толассыз күрестің арқасында қол жеткізген тап-таза рухтың иесі хақында баян.
Кино • 18 Сәуір, 2024
Елордада көрнекті геолог-академик Қаныш Сәтбаев туралы толықметрлі фильмнің арнайы көрсетілімі өтті. Көркем туындыда ғалымның өмірі мен еңбек жолы баяндалады. Сонымен қатар ел басына күн туған нәубет кездеріндегі азаматтық бейнесі көрсетіледі. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Қаныш. Қазына» телехикаясының негізіндегі толықметрлі фильмді, енді еліміздің барлық кинотеатрынан тамашалауға болады.
Кино • 17 Сәуір, 2024
Жаһандық технократиялық үдеріс алысты жақындатқанымен, жақынды жат қылып жатқаны белгілі. Жүзбе-жүз әңгіменің жоқтығынан көңілде көп түйін қала береді. Әлеуметтік желіде байланысқанмен, пернетақталардың сезімнің күллі пернесін баспайтыны белгілі ғой. «Уаттсаппен» уағадаласатын уай, біздің қарым-қатынас...
Басылым • 16 Сәуір, 2024
Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада жазушы Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам» романының таныстырылымы өтті. Кітаптың тұсауын белгілі қаламгерлер – Әлібек Асқар, Жанболат Аупбаев, Нұртөре Жүсіп, Қазыбек Иса, Жанарбек Әшімжан, Толымбек Әбдірайымов, Амангелді Кеңшілікұлы, Бақыт Беделхан кесті.
Мереке • 15 Сәуір, 2024
Ғашықтық – жан қуаты. Ол – жүрек қазынасын ашатын жалғыз кілт. Мұндай баққа қол жеткізген жандардың өмірі нұрлы, көңілі гүлді болмақ. Күллі дүние олардың шұғыласына шомылады. Қисапсыз қатыгездікті әзер көтеріп тұрған қара жер осындай пәруана көңіл, пәруаза пейіл ғашықтардың құрметіне бола аман тұрғандай. Халқымыздың Қозы мен Баян, Төлеген мен Жібек секілді сезім сәруарларын алғаусыз ардақтап келе жатқаны сондықтан.
Таным • 12 Сәуір, 2024
Соңғы рет алаңсыз армандаған кезіңіз есіңізде ме? Егер қойын дәптеріңіздегі қойдай көп жоспарларыңызды айта бастасаңыз, жолымыз осы жерден айырылуы мүмкін. Жоқ, ғайыптан тайып ғарышқа ұшып, ғаламшарда ауық-ауық серуендеуді жақсы көрсеңіз, мен сізді құттықтаймын. Сіз – әлемдегі ең бақытты жанның бірісіз.
Таным • 10 Сәуір, 2024
Ақындардың алқасында отырмыз. Кіл жас қаламгерлер. Біреуі өңмеңдеп өлең оқиды, біреуі «мен-мен» деп музыка тартады. Таңғалатын тарыдай нәрсе жоқ. Қызықтың көкесі шығарма аяқталғанда басталады...
Жәдігер • 10 Сәуір, 2024
Әлемдегі ең үлкен Құран Кәрім нұсқасының бірін Үндістандағы құсни хатшы Мәулана Жәміл Ахмад дайындап шықты. Ұзындығы 3,2 метр, ені 2,3 метр кітаптың көшірмесін жасауға шебер екі жыл уақытын жұмсаған екен.
Таным • 08 Сәуір, 2024
Оның заманы біздің дәуірден жиырма үш ғасыр ілгері. Шумер мен Аккад жұртшылығы оны төбесіне тұтты. Жырларын жаттап, өнегесін орындады. Бұл қасиетті әйелді ғалымдар ең алғашқы ақын деп тұжырымдайды. Ол кім болған? Өлеңдері не туралы? Бүгінгі әңгімеміз қадым заманның қалам иесі – Энхедуанна хақында болмақ.