Қоғам • 19 Наурыз, 2024
Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада дипломат, ғалым Мұрсал-Нәби Тұяқбаевтың «Қазақстан-Франция мәдени дипломатия айшықтары» атты кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараға ғалымдар мен ақын-жазушылар, шетелдердің дипломатиялық топтарының өкілдері қатысты. Мәдени жиынды қаламгер Әкім Ысқақ жүргізді.
Қоғам • 19 Наурыз, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бiрлестiгiнде күйші, композитор, «Халық қаһарманы» Нұрғиса Тілендиевтің ұлы Алмас-әлкей Тілендиевпен кездесу кеші өтті.
Қоғам • 19 Наурыз, 2024
«Ұлы дала дәмі» ұлттық жобасы наурыз мерекесіне орай балалар үйіне, көпбалалы және ерекше баласы бар отбасыларға ұлттық дәм мен тағамдарға толы «тарту» табыстап, еңбек адамдары мен ұлт зиялыларына «сыбаға» таратты.
Таным • 19 Наурыз, 2024
Жаратылыстану ғылымдарының сан саласын игеріп, жоғары дәрежедегі ғалым санатына көтерілсе де, Омар Хайям көпшілікке шығыстың жеті жұлдызының бірі, атақты шайыр ретінде кеңінен танымал. Ал енді осы ұлы шайырдың шығыс әлемінде алғашқылардың бірі болып «Наурызнама» рисаласын (трактат) жазған. Онда Наурыз мейрамына қатысты ғалымның этнографиялық зерттеулері жинақталған.
Кино • 13 Наурыз, 2024
«Жолға түс, жол өзі апарады» дейді ілгерідегі данышпандар. Ал оны қысқартпақ болып, жолдан бұрылып кеткен жанның жағдайы не болмақ? Адасып кету қауіпті шығар, ал адасып жүргеніңді білмеу – қасірет...
Музей • 08 Наурыз, 2024
Ол – музей ісіне жан-жүрегімен берілген маман. Экскурсия кезінде Қазақстанды әйел бейнесі арқылы танытуға тырысады. Себебі біздің кейіпкер ұлттың мінезі, тарихы және руханияты нәзік жандылардың жанарында анық көрінеді деп санайды. Бір кездері ол АҚШ-тың бірінші ханымы және мемлекет қайраткері Хиллари Клинтонды, Екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған қарудың авторы Михаил Калашниковты қазақ мәдениетімен таныстырған. Ұлт мәдениетіне өлшеусіз қызмет атқарып жүрген бұл қайраткер әйел – ардагер экскурсовод, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі Бақыт Оразымбетова.
Көрме • 07 Наурыз, 2024
Астана қаласындағы Ұлттық музейде мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтің жеке коллекциясынан жасақталған «Зергерлік өнер» атты салыстырмалы көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Көрменің басты ерекшелігі – коллекцияда қазақтың зергерлік әшекейлерімен бірге Орталық Азия және Кавказ елдерінен табылған түрлі бұйым жинақталған.
Спорт • 07 Наурыз, 2024
Кейбір спорттан киберспорт озық
Компьютер ойындарына халықтың қызығушылығы күннен-күнге артып келеді. «Newzoo» аналитикалық компаниясының мәліметінше, 2025 жылы киберспорттың жалпы аудиториясы 640 миллион адамды құрамақ. Отандық спортшыларымыз олимпиададан олжалы бола бермесе де, кибер бәсекеден бәйгенің алдын бермей келеді.
Қоғам • 07 Наурыз, 2024
Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада «Қазақ руханияты және Жүсіпбек Аймауытұлының көркемдік әлемі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми жиынды осы кітапхана мен «Қазақ газеттері» серіктестігі, Жазушылар одағы Астана филиалы бірігіп ұйымдастырды. Іс-шараға филология ғылымдарының докторы, профессорлар Тұрсын Жұртбай, Рақымжан Тұрысбек, Айгүл Ісмақова, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқар мен Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, жүсіпбектанушы Нұржан Қуантайұлы қатысты. Мәдени мәжілісті «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы жүргізді.
Әдебиет • 05 Наурыз, 2024
Ілкідегі данышпандардың «сөз өзінің шырқау шыңына жеткенде музыкаға айналады» деген көркем тұжырымы бар. Ал түркі мифологиясында дүние ыңыранған, күңіренген дауыстан жаралған деген аңыз-әпсаналар жоғарыдағы ойымызды қуаттап, сәулетіне сәуле түсіріп тұр. Демек сөз қағазға түспестен бұрын, қаламгердің санасында әуен болып әуелеп тұрмай ма екен? Зады, сөз зергері Жүсіпбек Аймауытұлының да жан дүниесінде осындай ғаламат құбылыстардың болғаны ақиқат.