Қысқы спорт • 31 Қаңтар, 2024
Қазақ спорты жылдан-жылға дамып келе жатыр. Әйтсе де күрмеуі шешілмеген мәселелер әлі де көп. Жазғы Олимпия ойындарында жақсы нәтиже көрсетсек те, қысқы спорт додаларында қынжылып қалатынымыз рас. Қаржыны бөлгенмен, қоржыны толмай қайтатын спортшыларымыз үмітті неліктен ақтай алмай жатыр? Мемлекеттің ең бағалы капиталы дені сау ұрпақ болса, кәсіби спортпен шұғылдану үшін балаларға барлық жағдай жасалған ба?
Руханият • 23 Қаңтар, 2024
Шығыс поэзиясының танымдық тамырына үңілсек, Жаратушымен болмыс бірлігіне ұмтылған лирикалық «менді» байқаймыз. От пен көбелек, гүл мен бұлбұл секілді канондық образдар ақын жанының абсолютті ақиқатқа талпынысын бейнелейді. Осы жолда күллі руханият сатыларын бағындырған кісі «кәмали инсан» немесе «толық адам» деп аталады. Дәл осы сатыда ол үшін пенделіктің пердесі аяқталып, адам – Құдай арасындағы шекара жойылады да, екі болмыс бір бүтінге айналады. Абайдың «әрбір хақиқатқа тырысып, иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айырылма» деген концептуалды идеясы да осы ойды қуаттайды. Нәтижесінде ақиқатпен тұтасқан кемел рух енді тәңірлік диапазоннан үн қата бастайды. Қысқаша айтсақ, Құдайдың атынан сөйлейді. Енді аталған доктринаның ақын шығармашылығынан қалай көрініс табатынына тоқталайық. Заманында «Мен – Хақпын» деген әйгілі ұстанымы үшін опат болған мистик шайыр Мансұр Халлаж бен «Өзіме өзім табынам» деп жырлаған Мағжан Жұмабаев арасындағы рухани үндестік таңғалдырмай қоймайды.
Қысқы спорт • 23 Қаңтар, 2024
«Мұз үстіндегі шахмат» аталып кеткен бұл ойынның денсаулыққа пайдасы көп. Әсіресе зерде мен зейіннің жақсы жұмыс атқаруына оң ықпал етеді екен. Көрер көзге жеңіл көрінгенмен, олимпиадалық ойын біраз еңбекті талап етеді. Қуаныштысы, елімізде керлинг спортына қызығушылардың қатары күннен-күнге артып келеді.