Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
426 материал табылды

Саясат • 22 Қазан, 2022

Тәуелсіздік ұландары

Дарынды балаларды қолдау мақсатында Павлодар облысында «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығы тағайындалып, Республика күніне орай өңірдегі үздік шыққан 100 оқушы марапатқа ие болды болды.

Аймақтар • 20 Қазан, 2022

Баскөл жұртының базынасы

Май ауданының қақпасы саналатын Баскөл елді мекенінде жылдар бойы қалыптасып қалған түйткілдер жетерлік. Ауыл халқы жаз-күз мезгілінде шабындық жерге жетуде машақат көретіндерін айтады. Мұнда жастардың көңілін аулайтын спорт нысаны да жоқ. Тағы бір мәселе – Май топтық су құбырынан ағып келетін ауызсудың кермек татитыны жұрт көңіліне жақпай отыр.

Экология • 19 Қазан, 2022

Сынап көлі суды ластамай ма?

Солтүстік өнеркәсіп айма­ғындағы химиялық зауыттан қалған сынапты Ертіс өзеніне жібермеу шаралары әлі күнге жалғасуда. Өткен ғасырдың сонау тоқ­­саныншы жыл­дары бас­­талған экологиялық жа­­санды кедергілер қою бағ­дар­­ламасы өзінің тиім­ді­лігін байқатқан болатын. Биыл қалдықтар айналасына қорғаныс шеңбері түзіліп жатыр.

Аймақтар • 18 Қазан, 2022

Имандылық ұйытқысы

Өз заманында иман­дылықты насихатта­ған Исабек ишанның есімі күллі мұсылман жұртына мәшһүр. Ақ­көл-Жайылмадағы хазі­реттің кесенесіне тәу етіп келетіндердің уақыт санап көбейіп келе жатқанын ескер­ген жергілікті кәсіп­кер­лер демеушілік етіп, мазар жанынан заманға сай қонақүй тұрғызды.

Қоғам • 17 Қазан, 2022

Төте жазуды үйреніп жүр

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызмет­керлері Ахмет Байтұрсынұлының төте жазу әліппе­сін оқи бастады. Музей мамандары келешекте оған қоса қадым жазуын да меңгеріп, қорда сақталып тұрған, сыры әлі күнге ашылмаған көне қолжазбалардың құпиясын білуге ниеттеніп отыр.

Қоғам • 17 Қазан, 2022

Жас құтқарушылар мектебі

Кеншілер қаласының жет­кіншектері үшін қосым­ша білім беруге ар­нал­ған мамандан­ды­рыл­ған мектеп ашылды. Жас құт­қа­рушылардың дағ­дысын же­тілдіруді мақсат тұтқан оқу ұйымы Балалар жы­лы аясында өміршең етіліп отыр.

Білім • 16 Қазан, 2022

Өнерді тәжірибемен өрнектеген

Ұлтты жүрекпен сүйіп, оған тегеурінді мінезбен қызмет ету керек деген қағида Жиенхан ағаның бойына жарасып тұратын. Тірісінде қоғамнан лайықты бағасын алып, соңынан түгесілмес қазына түзіп кету – екінің бірінің басына бұйыра бермейтін бақ. Ақсу өлкесінің, тұтас Кереку өңірінің тәуелсіздіктен кейінгі рухани дамуында Жиенхан Қаманайдың қалдырған қолтаңбасы ерен.

Туризм • 16 Қазан, 2022

Сабындыкөлде сауықтыру орталығы салынады

Баянауылдық кәсіпкерлер қысқы туризмді дамытуға ниеттеніп отыр. Қыста саяхаттап келетіндер үшін мұнда келешекте бұғы мүйізі – пантамен емдеу орны және кварцты құм төселген спорт алаңдары тұрғызылмақ. Жыл бойы қызмет көрсететін сауықтыру кешені Сабындыкөл жағасында салынады деп жоспарланған.

Аймақтар • 14 Қазан, 2022

Ертісті еңселі еткен кеш

Облыс орталығында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және «Найзатас» әдеби-көркем журналының 10 жылдығына арналған «Ертіске тамған сөз нұры» әдеби кеш өтті.

Аймақтар • 14 Қазан, 2022

Кітапқұмар жастар көбейіп келеді

Кітапхана – біле білгенге үлкен тәрбие мектебі. С.Торай­ғыров атындағы Павлодар облыстық кітапха­на­сында оқырман үзілмейді. Мұндағы оқырман залы заманға сай жабдықталған, қашан барсаң кітап парақ­тарының сусылдаған дыбысы ғана естіліп тұратын тыныштық. Әр келуші қалаған кітабын жанында тұрған кітап сөрелерінен алатындай мүмкіндік те қарас­тырылған.