Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Спорт • 21 Қараша, 2022

Екі кездесу – екі жеңіліс

Биыл Еуропа футболында кішігірім сенсация жасап, Ұлттар лигасы дейтін үлкен турнирде тамаша нәтиже көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасының жігіттері Азия футболында әлсіздік танытты. Бірер ай бұрын ғана УЕФА рейтингінде алғашқы жүздікте тұрған Словакия мен Беларусьті сан соқтырған жерлестеріміз өткен аптада сары құрлықтың үздік құрамалары саналатын Өзбекстан (0:2) мен Біріккен Араб Әмірліктерімен (1:2) жолдастық матчтар өткізіп, екеуінен де жеңіліп қалды. 

Спорт • 18 Қараша, 2022

Токио татамиінде белдеседі

3-4 желтоқсан күндері Жапонияның бас шаһары – Токиода дзюдодан «Үлкен дулыға» санатындағы жарыс­тың кезекті кезеңі өтеді. Аталған сында Қазақстан құрамасының 22 дзю­до­­шысы (12 ер және 10 әйел) өнер көр­сетеді.

Теннис • 18 Қараша, 2022

Жас теннисшілердің жетістігі

Қазақстандық теннисші Жантөре Санжарұлы Грекияда өткен 12 жасқа дейінгілер арасындағы Tennis Europe турнирінде жеңімпаз атанды.

Футбол • 18 Қараша, 2022

Өзбекстаннан жеңілді

Футболдан Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамасы сырт алаңда кейінгі 15 жылда бірінші рет бір-бірімен жасыл алаңда жолықты.

Теннис • 18 Қараша, 2022

Келесі қарсылас – Польша

Өткен аптада Шотландияның Глазго қаласында ұйымдас­ты­рыл­ған теннистен Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңі мәресіне жетті. Бір аптаға жалғасқан дүбірлі додада Қазақ­станның әйелдер құрамасы алғаш рет бақ сынағанымен, әлем чемпионатында жарқырап өнер көрсете алмады. Дүние жүзінің ең үздік 12 командасы қатысқан биылғы жарыста Швей­цария қыздарының бағы жанды.

Футбол • 17 Қараша, 2022

Қатардағы теңбіл доп мерекесі

Бірер күннен соң, анығын айтқанда алдағы жексенбі күні Қатар астанасы – Дохада кезекті әлем чемпионатының алауы тұтанады. Бұл дегеніңіз, ендігі бір ай бойы ала допқа арбалған футбол жанкүйерлері түнде түсінен, күндіз ісінен айырылмақ. Чемпионат біткенше футболдан ептеп хабары бар жанның бәрі Аргентина құрамасына ақылшы, бразилиялықтарға бапкер, Сенегалдың сүрінбеуіне тілекші болып, Англия мен Германия құрамаларының тамаша ойындарына мәз күй кешеді.

Футбол • 17 Қараша, 2022

Роналдудың соңғы мүмкіндігі

Португалия құрамасының бас жат­тық­тырушысы Фернанду Сантуш Қатардағы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады.

Хоккей • 17 Қараша, 2022

«Барыс» тағы жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Ба­ры­сы» тұрақты біріншіліктегі кезек­ті кездесуін сырт айдында Екате­рин­бургтің «Автомобилист» ұжы­мымен өткізді.

Футбол • 16 Қараша, 2022

Англия бас жүлдеден үмітті

Футболдан Англия құрамасының бас жаттықтырушысы Гарет Саутгейт Қа­тардағы додаға қатысатын футбол­шылардың есімін жариялады.

Спорт • 16 Қараша, 2022

Жапонияны жеңе алмады

Баскетболдан 2023 жылғы Әлем кубогінің екінші іріктеу кезеңінде бақ сынап жатқан Қазақстан құрамасы кезекті ойынын елордада өткізіп, Жапониядан жеңіліп қалды.