Спорт • 01 Тамыз, 2022
Шахматтан Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан олимпиаданы Қазақстанның қыздар құрамасы сәтті бастады. Жерлестеріміз алғашқы екі ойында Гватемала мен Бельгия құрамаларынан басым түсті.
Футбол • 01 Тамыз, 2022
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен павлодарлық «Ақсудың» жартылай қорғаушысы Айбол Әбікеннің тыйым салынған препаратты қолданғаны анықталып, ресми түрде футболдан төрт жылға шеттетілді.
Спорт • 01 Тамыз, 2022
Хорватияның Задар қаласында ұйымдастырылған волейболдан әйелдер арасындағы Challenge Cup жарысы мәресіне жетті.
Теннис • 01 Тамыз, 2022
Жасөспірімдер сенімді ақтай ала ма?
Биыл теннистен Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет үш әлем чемпионатында бақ сынайды. Атап айтар болсақ, тамыз, қыркүйек және қараша айларында өтетін жасөспірімдер, ерлер және әйелдер арасындағы жаһандық додада жерлестерімізге жанкүйер боламыз. Әлем біріншілігін ең бірінші болып жасөспірімдер құрамасы бастап береді.
Футбол • 01 Тамыз, 2022
УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінен кейін қазақстандық командалардың саны екеуге қысқарды. Өкінішке қарай, мамандар тарапынан төрт клубтың ішінен үшінші айналымға еш кедергісіз шығады деп сенім білдірген «Астана» мен «Қайрат» екі ойында да бірде-бір гол соға алмай, турнирмен ерте қоштасты. Ал Еурокубок ойындарына тұңғыш рет қатысып жатқан «Қызылжар» сенсация жасап, Хорватияның даңқты «Осиек» клубын сырт алаңда жеңіп, келесі кезеңге өтті. Мұның алдында «Тобыл» да үшінші кезеңнің жолдамасын иеленген болатын.
Спорт • 31 Шілде, 2022
Бұл күндері Италия астанасы – Римде 17 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде бозкілемге шыққан 55 килодағы еркін күрес балуаны Дарын Әскербек әлем чемпионы атанды.
Хоккей • 29 Шілде, 2022
Чемпионаттар қай елдерде өтеді?
Күні кеше Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы алдағы төрт жылдағы әлем чемпионаттарын қабылдайтын қалалар тізімін жариялады.
Теннис • 29 Шілде, 2022
Теннистен жұптық сындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшавада (Польша) өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Спорт • 29 Шілде, 2022
Бұл күндері Италия астанасы – Римде 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жасөспірімдердің жаһандық бәсекесінде қазақстандық балуандар да өнер көрсетуде.
Спорт • 28 Шілде, 2022
Олимпиадаға қатысудан бас тартты
Шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова бүгін Үндістанда басталатын Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысудан бас тартты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.