Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Хоккей • 28 Қазан, 2020

«Барыс» жеңетін күн қайда?

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» Ресейдің Новосибирск қаласына сапар шегіп, тартысты өткен ойында «Сибирь» командасынан жеңіліп қалды. Бұл – «Барыстың» қатарынан үшінші жеңілісі.

Бокс • 27 Қазан, 2020

Чемпионат Шымкентте өтеді

Бокстан биылғы ел біріншілігі қараша айында Шымкент қаласында өтетін болып бекітілді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сұхбат • 27 Қазан, 2020

«Олимпиадалық емес спорт түрлері дамып келеді»

Елімізде самбоға қарағанда, дзюдо спорты, аралас жекпе-жектің алдында әуесқой бокстың мерейі үстем екені белгілі. Өйткені екіншілері төрт жылда бір келетін Олимпия ойындарының дәстүрлі бағдарламасына енген. Сондықтан да олимпиадалық спорт түрлері елімізде кең насихатталады және спорт үйірмесіне баратын жас жеткіншектер Олимпиада чемпионы деген мәртебелі атаққа ие болғысы келгендіктен Олимпиада бағдарламасына енген спорт түрін таңдайды. Бірақ соған қарамай, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК бұқара арасында дәстүрлі емес спорт түрін алға ілгерілетуді алдына мақсат етіп қойған. Жуырда осы ұйымның директоры Әлібек НҰРТАЕВПЕН әңгімелескен едік.

Экология • 27 Қазан, 2020

Табиғатты аялауға шақырды

CAMPIT белсенді демалыс жөніндегі коммьюнитидің негізін қалаушы, Anytravel ЖШС директоры Денис Лукянчук батыс үлгісіндегі белсенді демалыс ұйымдастыру тұжырымдамасы табиғаттың ластануының алдын алуға және демалыс мәдениетін арттыруға септігін тигізеді деп есептейді. Сондай-ақ ол флора мен фаунаны қорлау жағдайларынан бірқатар мысал келтірді.

Туризм • 27 Қазан, 2020

Түркістанда бас қосты

Түркістан облысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойын­ша «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты респуб­лика­лық семинар-кеңес өтті. Облыстық туризм басқармасы ұйымдастырған жиынның мақсаты – өңірдегі туризмді дамыту, өзге облыстардың әкімдіктерімен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Сұхбат • 27 Қазан, 2020

«Туристік инфрақұрылым табиғи ландшафтпен үйлесуі тиіс»

Әлемдік пандемияға байланысты жаз мезгілінде шетелдің шекаралары жабық болған соң отандық саяхатшылар шалғайдағы мемлекеттерге шыға алмай қалды. Есесіне елімізде жаз бойы ішкі туризмге деген сұраныс арта түсті. Десе де бұл салада елімізде орасан жұмыстар атқарылуы қажет екені де байқалып қалды. Олар – сервисті жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, жаңа табиғи аумақтарды игеру. Табиғатқа зиян келтірмеу үшін осы міндеттерді сауатты және жауапты іске асыру туралы әйгілі дат сәулетшісі Ян Гейл құрған Gehl Architects консалтингтік компаниясының жетекшісі қызметінде ұзақ уақыт болған, сәулет және урбанис­тика жөніндегі италиялық сарапшы Рикардо МАРИНИМЕН тілдесудің сәті түскен еді. Оның пікірінше, қазіргі заманғы түсінікте жайлы орта қала шекарасында аяқталмауы керек, қала маңындағы және қоршаған табиғи аймақтарды да қамтуы тиіс.  

Хоккей • 26 Қазан, 2020

«Ак Барс» есе қайтарды

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын Қазақстанның «Ба­рысы» елордадағы «Барыс Арена» мұзай­дынында Қазанның «Ак Барсын» қабыл­дады.

Спорт • 26 Қазан, 2020

«Астана» капитаны алтыншы орында

Бұл күндері Италия мен Испания тас жолдарында велоспорттан жылдың ең соңғы жарысы өтіп жатқаны белгілі. Әзірше, «Вуэльтаға» қарағанда «Джиро д’Италияда» сынға түсіп жат­қан «Ас­тана» өкілдері тәуір нәтиже көр­сетуде.

Спорт • 26 Қазан, 2020

UFC-дегі дебютін сәтті бастады

Күні кеше Әбу-Дабидегі (БАӘ) «Жа­уынгерлер аралында» ұйымдас­ты­рылған UFC 254 турнирінде жер­лесіміз Шавкат Рахмонов брази­лиялық қар­сыласын мерзімінен бұрын жеңіп, айтулы ұйымдағы дебютін сәтті бастады.

Спорт • 24 Қазан, 2020

UFC 254: Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан UFC додасына турниріне тұңғыш рет қатысқан жерлесіміз Шавкат Рахмонов бразилиялық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, айтулы ұйымдағы дебютін сәтті бастады.