Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Кәсіпқой бокс • 05 Желтоқсан, 2019

Аргентиналық «Цунамимен» айқасады

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық жас талантты боксшы Садриддин Ахмедов 7 желтоқсанда кезекті жекпе-жегін Давид Лемье (40-4, 34КО) мен Макс Бурсак (35-5-2, 16КО) айқасының андеркартында өткізеді.

Футбол • 05 Желтоқсан, 2019

УЕФА рейтингінде жоғарылады

Еуропа лигасында топтық кезеңнің бесінші турындағы матчта елорданың «Астанасы» «Манчестер Юнайтед» клубын жеңгеннен кейін Қазақстан УЕФА клубтар коэффициенті рейтингінде 24-орынға көтерілді.

Кәсіпқой бокс • 04 Желтоқсан, 2019

Даниярдың қарсыласы белгілі

Кәсіпқой бокстағы жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақ­стандық боксшы Данияр Елеусіновтің (8-0, 4 КО) кезекті қарсыласы белгілі болды.

Спорт • 03 Желтоқсан, 2019

Лионель Месси алты дүркін «Алтын доп» иегері

«Барселона» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси France Football басылымы ұйымдастырған жылдың ең үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» иегері атанды.

Футбол • 03 Желтоқсан, 2019

Тарихи табыс – «Астана» атақты «Манчестер Юнайтедті» 2:1 есебімен жеңді

Өткен аптада футболдан Еуропа лигасының топ­тық кезеңіндегі 5-тур ойын­дары өтті. Еурокубок додасының «L» тобында өнер көрсетіп жатқан елорданың «Астана» ко­ман­дасы «Астана Аре­нада» Англияның азулы «Манчестер Юнайтед» командасын жеңіп, қа­зақ­стандық футбол жан­күйерлеріне тарихи жеңіс сыйлады. Жерлестеріміз «Армандар театрында» яғни, Old Trafford стадио­нында «Манчестерді» жеңе алмаса да арманын елордада орындады.

Спорт • 01 Желтоқсан, 2019

«ALTYN SAMGAY-2019» ұлттық спорттық жүлдесінің жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті қалыптасқан дәстүр бойынша жылдың спорттық жетістіктерін қорытындылап, «Қазақстан» Орталық концерт залында «Altyn Samgay-2019» Ұлттық Спорттық Жүлдесінің марапаттау кешін өткізді деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Хоккей • 28 Қараша, 2019

Овертаймда басым түсті

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы Магнитогорскіде жергілікті «Металлург» командасымен ойнады.

Спорт • 28 Қараша, 2019

IBU кубогына қатысады

9-15 желтоқсан аралығында Италияның Риднау-Валь Риданн қаласында биатлоннан IBU кубогінің екінші кезеңі өтеді.

Футбол • 28 Қараша, 2019

«МЮ» үшінші құраммен келді

Бүгін футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңдегі 5-тур ойындары өтеді. «L» тобында өнер көрсететін елорданың «Астана» командасы ағылшынның атақты «Манчестер Юнайтед» клубын қабылдайды.

Теннис • 26 Қараша, 2019

Дэвис кубогы Испанияда

Испанияның бас шаһары – Мадридте теннистен 2019 жылғы Дэвис кубо­гының финалдық кезеңі өтті. Бір ап­таға созылатын айтулы жарысқа әлем­нің ең үздік деген 18 командасы бақ сынады.