Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
502 материал табылды

Өнер • 01 Ақпан, 2023

«Әкем келеді»

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз туралы белгілі суретші, пуб­лицист Жеңіс Кәкенұлы: «Меніңше, асыл ағаның шы­­ғармашылығының ас­қар биігі – «М.Фрун­зе­нің Самарқан халық ерік­тілері алдында сөз сөй­леуі» атты картинасы. Уақыттың сол кездегі сурет­шіге қойған шартын­да шаруам жоқ. Мені тамсантып отырғаны бұл картинада бәрі бар.

Жәдігер • 31 Қаңтар, 2023

Нәуен хазіреттің мөрі

Бұл жәдігерді дін қайрат­керінің ұрпағы Болатбек Әбіқаев «бабамнан қалған көз» деп сақтап келеді. Оның тарихы да өткен ға­сыр­дан сыр тартады.

Қоғам • 30 Қаңтар, 2023

Музей ғалымдарының жетістігі

Ұлттық музейде «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми зерттеу жұмыстары: басым бағыттары және нәтижелері» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Өнер • 29 Қаңтар, 2023

Күй рухы асқақтаған кеш

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармониясы Қазақ ұлт аспаптары оркестрінің «Қазағымның күйлері-ай» атты концерті өтті. Оны аталған оқу ордасындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі ұйымдастырды.

Кино • 29 Қаңтар, 2023

Шоқан бейнесіндегі Сағи

Кеңес дәуірінде халқымыздың көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өткен ғалым, тарихшы, шығыстанушы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлиханов туралы екі фильм түсірілді. Ұлы тұлға туралы алғашқы толық метражды көркем фильмді 1957 жылы Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы мен Ленфильм жарыққа шығарды. Туындыны Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография инс­титутын бітірген кәсіби режиссер Мәжит Бегалин түсірді.

Қоғам • 25 Қаңтар, 2023

Көкірегі қазынаға толы еді...

Есілдің сол жағалауындағы «Нұрсая-1» тұрғын үй кешенінің жанынан өткен сайын ойыма белгілі қаламгер Табыл Құлияс ақсақал түседі. Жарықтық жылы күндері есік алдына шығып, темекесін бұрқыратып, шуақтап отырушы еді. Ара-тұра маған: «Азаматжан, газетіңде не жаңалық, әкеп берші», деп қоңырау шалатын. Онда мен «Астана ақшамында» істеймін. Жұмыс орным тиіп тұр. Жүгіріп барамын. Кейде әңгімеге тартады. Сөйлеуші – өзі, тыңдаушы – мен. Өткен-кеткен оқиғаларға ой жүгіртеді. Біресе Ақтөбенің, біресе Торғайдың сар даласын сапарласақ, енді бірде Ақмолаға алғаш келгендегі кезінен сыр тарқатады. Қысқасы, жақсылар мен жайсаңдардың ортасында жүріп, көпті көрген қарияның көкірегі қазынаға толы еді.

Әдебиет • 25 Қаңтар, 2023

«Ағашаяқ» кімдікі?

Қазақ музыкасын ғылыми айналымға түсірген көрнекті өнер зерттеушісі, композитор Ахмет Жұбанов «Замана бұлбұлдары» кітабындағы «Әміре» мақаласында былай дейді: «Парижде болатын концертке қатысу үшін Мәскеуге Қазақстаннан басқа ұлт республикаларынан да белгілі өнерпаздар келді. Бұл шеберлердің, оның ішінде Әміренің Париж концертіне дайындық есебінде өткен Үлкен театрдағы концертке шығуы үлкен табыс болды. Айтушылар Әміре «Ағашаяқтың» басындағы жоғарғы нотасын шырқағанда, партердің алдыңғы қатарында отырған бір әйел: «Мынау не деген күшті дауыс!» деп, шошып кетіп барып айтыпты деседі». Сондай-ақ академик кеңес өнерпаздарының Париждің сәулетті өнер ордаларында 11 концерт беріп, сол кештерде Әміре «Ағашаяқ», «Үш дос», «Екі жирен», «Дудар-ай», «Қос барабан», «Қызыл бидай» және тағы басқа өзінің жақсы көретін әндерін орындағанын айтады.

Өнер • 25 Қаңтар, 2023

Арнайы сыйлықтың жүлдегері

Astana Opera халықаралық опера академиясының солисі Гүлдана Алдадосова Мәскеудегі Станиславский мен Немирович-Данченко атындағы Музыкалық театр­да өткен Хибла Герзмаваның вокалистер мен концерт­мейстерлердің беделді байқауында арнайы сыйлық иегері атанды. Сонымен қатар талантты әнші арнайы жүлдеге қоса, Ресейдің бірнеше жетекші театр алаңдарында өнер көрсетуге ұсыныс алды.

Тарих • 24 Қаңтар, 2023

Есенберлиннің жазу үстелі

Жазушы үшін қаламнан кейін тағы бір қымбат дүние бар, ол – жазу үстелі. Әдебиетіміздегі тарихи романдардың көшбасшысы Ілияс Есенберлиннің жазу үстелі, туған жері – Атбасар қаласындағы көрнекті қаламгер атындағы әдеби музейде сақталған. Бұл жәдігерді суреткердің отбасы 2012 жылы аталған мұражайға тапсырған.

Тарих • 23 Қаңтар, 2023

Қайталанбайтын дауыс

Халқымызда «Ел іші – өнер кеніші» деген сөз бар. Шынында да, ел арасында талайды талантымен тәнті еткен тарландар мен дүлдүлдер жетерлік. Сондай өрелі өнерпаздың бірі – дарынды әнші Сайлау Ордабаев. Бұл кісі ақтық демі үзілгенше туған жерінен ірге аудармай, сайын даладағы сағымдай шалқыған асқақ дауысымен Торғайды ғана емес, барлық қазақ жерін әнімен тербеп өтті.