Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
502 материал табылды

Өнер • 12 Сәуір, 2022

Сағыныш әні

Қазақтың қай әні болмасын адам­ның нәзік пернесін тап басып, жан-жүйесін босататын, қайдағы бір қиялды қозғап, айран-асыр күйге түсіретін, енді бірде мұңды ойға батырып, өмірдің өткінші екендігін түсіндіретін, кейде тіпті көктемгі «алтын күрек» самалдай жаныңды желпитін сырлы сағынышқа толы болып келеді.

Әдебиет • 06 Сәуір, 2022

Яғымус – әдебиетіміздегі тың образ

Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның таңғы шықтай мөлдіреген әңгімелерін құмартып оқимын. Әр кейіпкері туысымдай көзіме жылы ұшырап, беймаза сезімге бөлейді. Айталық, «Ергежейлі» әңгімесіндегі бас кейіпкер – құдды біздің ауылдағы Жылқыбай ағама ұқсайды. Оның таудан тас домалатқандай алдыр-салдыр мінезіне бала біткен «жынды» деп күлетінбіз. Дүйім бала сыртынан сықылықтап мазақ қыламыз. Ол болса, маңайында қаулаған қиқар сөзді елең қылмай, өз білгенімен мәз болып, өзінше өмір сүріп, жүріп жатады. Ептеп өлең жазады. Онысын ешкім көңіл бөліп оқымайды.

Сұхбат • 05 Сәуір, 2022

Мәдениет қайраткері, күйші Айтбай Мұздаханов: Күйді түсіну үшін өре керек

«Ел іші – өнер кеніші» деп халқымыз бекер айтпаған. Ауылда қарапайым ғұмыр кешіп, өнерімен елге танылған таланттар жетерлік. Соның бірі − Айтбай Мұздаханов. Кезінде Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Нұрғиса Тілендиев секілді халқымыздың ардақтылары өнерпаз азаматтың күйшілігіне риза болып, батасын берген. Бүгінде ол кісі Қостанай облысы, Амангелді ауданы Қарасу ауылында тұрады. Елге бір жол түскенде тағдырлы күйші ағамызға сәлем бере барып, әңгімелескен едік.

Өнер • 05 Сәуір, 2022

Бақыт шуағы

Қазақ – қонақжай халық. Кім болса да, табалдырықты аттаған адамды қонақ деп сыйлап, төрін ұсынып, қолындағы барын береді. Бұл қасиет − қазіргі технологиялық прогресс қарыштап дамыған ғасырда да халқымыздың бойынан жоғалған емес. Әйтеуір, қазақ отбасында қонаққа деген сыбаға бөлек тұрады. Біздің осылай ой толғауымызға жас суретші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Нұрболат Асқардың «Қонақ» деген картинасы себепкер болды.

Елорда • 04 Сәуір, 2022

Академиктің жеке заттары музейге тапсырылды

Елордадағы Ұлттық музейде көрнекті әдебиеттанушы ғалым, академик Серік Қирабаевтың құнды жеке заттары музей қорына табыс етілді.

Қазақстан • 01 Сәуір, 2022

Қазақстан павильоны 2-орын алды

Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) күні аясында Дүниежүзілік EXPO 2020 Dubai көрмесінің жұмысы қорытындыланып, EXPO Awards марапаты тапсырылды.

Қоғам • 01 Сәуір, 2022

Қарсылық

Ғалымдар XX ғасырды адамзат тарихындағы қасіретке толы қанқұйлы ғасыр деп айтады. Шынында, солай десе болады. Өйткені миллиондаған адамдардың өмірін жалмаған екі ірі жаһандық соғыс та, сондай-ақ тіршілік иелерін жаппай қырып-жоятын атом, сутегі, бактериялық, нейтрондық бомба жасау да осы жүз жылдық аясында болды.

Тарих • 31 Наурыз, 2022

Мастодонттың тісі

Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінде Торғай жерінде өмір сүрген мастодонттың тісі сақталған.

Өнер • 28 Наурыз, 2022

Бірлік пен берекені бейнелеген...

Жуырда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы «Астана Суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» атты көрме өткізді.

Руханият • 28 Наурыз, 2022

Жиенқұрық

Халқымыздың ұрпақтан - ұрпақтан жалғасып келе жатқан ғажайып салтының бірі –жиенқұрық. Қазақ қыздан туған баланы жиен дейді. Қыз баланы жат жұрттық деп есептегенмен, жиен жат болмасын деп, үнемі үйіне қонаққа шақырып, оны төбесіне хан көтеріп құрметтеген.