Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
502 материал табылды

Өнер • 17 Мамыр, 2021

Әнуар әлемі

Таяуда отандық арналардың бірінен көрнекті жазушы Дулат Исабековтің оқырмандар қолынан түсірмей құмартып оқыған повесінің желісімен, 1975 жылы режиссер Шәріп Бейсембаев түсірген «Гауһартас» фильмі көрсетілді. Аталған көркем туындының жарыққа шыққанына қырық алты жыл болса да оған деген көрерменнің қызығушылығы бір кеміген емес. Оның себебі талантты қаламгердің қаламынан туған шығарманың шынайылығы мен режиссердің рөлдерді ойнаған актерлерді тап басып, тани білуінен болар деп ойлаймыз.

Өнер • 13 Мамыр, 2021

Балуан Шолақтың домбырасы

Халқымыз «Балуан Шолақ» деп еркелеткен Нұр­­маған­бет атамыз даңқы жер жарған алып күш иесі неме­се ат құла­ғында ой­наған ша­бандоз ға­на емес, дом­быра шер­тіп, ән салған, нағыз «сегіз қырлы, бір сырлы» бол­ғаны мәлім.

Өнер • 13 Мамыр, 2021

Студенттердің сөз сайысы

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына орай «Ең бірінші бақытым...» атты республикалық студенттер айтысы өтті. Айтулы дәстүрге айналған жыр додасына 10 ақын қатысып, сөз сайысының көрігін қыздырды.

Қазақстан • 06 Мамыр, 2021

Болашақты бейнелейтін NUR ALEM

Қазақстанның Тұңғыш Президенті − Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен осыдан төрт жыл бұрын елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі дүркіреп өтті. Дүниежүзілік деңгейде ұйымдастырылған айтулы іс-шараға 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысып, оны 4 млн адам тамашалады. Жалпақ әлем назар аударған көрмеде жаңашыл ғылыми-техникалық жетістіктермен бірге соған қатысушы елдердің тарихы мен салт-дәстүрі, мазмұнды мәдениеті көрсетілді.

Оқиға • 04 Мамыр, 2021

Күш атасын ардақтады

Елордада даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Күш атасы – Қажымұқан» атты тақырыпта музей сабағы өтті.

Ең қысқа әңгіме • 03 Мамыр, 2021

Кеңес заманында қажыға барған...

Кеңес өкіметі орнағанға дейін Торғай өңірінде 54 мешіт болыпты. Сол кезде Алланың үйі имандылықтың ұясы ғана емес, балалар сауатын ашқан мектептің рөлін атқарды десек артық айтқандық болмас. Қызылдар билікке келгеннен кейін елдегі аузы дуалы, дәулетті азаматтармен бірге діни қайраткерлерді де қуғындады. Соның кесірінен білікті имамдар мен молдалар сырт жерге бой тасалап кетті.

Әдебиет • 29 Сәуір, 2021

Жаңа әдебиеттің атасы – ескі әдебиет

Әдебиеттің әңгімесі ешқашан таусылып көрген емес. Қаламды қасиет тұтқан әр қаламгердің ол жайында өз көзқарасы мен айтары бар. Осы орайда біз «Әдебиет –ардың ісі» деген ұлы ұғымға адалдық танытып келе жатқан жазушы Қуандық Түменбаймен жүздесіп, қазіргі көркем сөз өнері мен шығармашылығы туралы әңгіме өрбіткен едік.

Оқиға • 26 Сәуір, 2021

Ұлы ұстаз ұлағаты

Биыл халқымыздың аса көрнекті ағартушысы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринің туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай елордадағы Ұлттық музей мен Қостанай облысының ұлы ұстаз атындағы мемо­риалдық музейі бірлесіп, «Үміт еткен көзімнің нұры балам...» атты дөңге­лек үстел мәжілісі мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, ғалым Серік­бай Оспановтың «Ыбырай жолы» кітабының таныстырылымын өткізді.

Руханият • 22 Сәуір, 2021

Тілеулі батырдың қанжары

Бұл көне жәдігер Қостанай облысы Амангелді ауданындағы, халық батыры Амангелді Иманов атындағы мемориалдық мұражайында тұр. Оны музейге Тілеулі батырдың ұрпағы, соғыс және еңбек ардагері Тайжан Батырбеков қария 1986 жылы өткізіпті.

Руханият • 20 Сәуір, 2021

Арманға қанат байлаған...

Былтыр ұлы ақынның айтулы мерейтойы аясында «Абай» телеарнасы ашылып, мәдени-рухани өміріміз жаңаша бір серпілгендей болды. Қазір осы арнадағы «Руханият», «Сарасөз», «Үркер», «Жәдігер», «Бір туынды», «Дәуір даналары» атты тарих пен өнерді кең қамтыған байыпты бағдарламалар көрерменнің көз қуанышына айналды. Осы қатарға өз ортасынан оза шауып жүрген сан қырлы мамандық иелерін дәріптейтін «Есімдер» бағдарламасын қосар едім. Жақында содан «Астана Балет» театрының жетекші солисі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Риза Қанатқызы туралы жып-жылы хабар берді. Соны көріп отырып, талантты балеринаның өнер жолына қызықтық. Оның айтқан әрбір сөзінен қазақы тәрбиенің қайнарына қанып өскендігі байқалып тұрды. Жас болса да балет өнерінде өз қолтаңбасы қалыптасқан.