Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
84 материал табылды

Ғылым • 11 Сәуір, 2023

Марал һәм Мураками

Жапония десе елең етпейтін жан жоқ. Тынық мұхит жағасына қоныс тепкен Күншығыс елінің қандай тылсым сиқыры бар екеніне таңғаласыз. Бұл ел бізге де бөтен емес. Өткен ғасыр басында Алаш ардақтылары жапон жұртының дәуірлік жаңаруы мен жаңғыруын үлгі етіп, мақала жазды. Тілі мен дәстүріне, ділі мен дініне берік елді дәріптеді.

Жәдігер • 10 Сәуір, 2023

Кейкі шаңырағының кебежесі

Ұлттық музейде 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтері­лісі қаһарманы Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Халық батыры» атты көрме өтіп жатыр.

Ғылым • 10 Сәуір, 2023

Өзгерістің өлшемі – өнертабыс

Отандық ғылымға олжа салып жүрген оқу орындарының ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің орны бөлек. 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай оқу ордасында ұйымдастырылған баспасөз туры кезінде осыған тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық.

Театр • 05 Сәуір, 2023

Рухты саздың сардары

«Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атын­дағы Камералық залында ұлы күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығына арналған «Құрманғазы – рухты саздың сардары» атты концерт өтті.

Білім • 27 Наурыз, 2023

Репетиторға сұраныс неге жоғары?

Қазіргі оқушыларды кісі аяғандай. Мектебінен бөлек, қосымша білім орталықтарына барады, басқа да үйірмелері бар. Әйтеуір зыр жүгіріп жүргені. Бір жағынан дұрыс та шығар, бос уақытын бостекі шаруаға арнамайды. Екінші жағынан «бала біткен неге репетитор жағалайды?» деген заңды сұрақ та туын­дайды. Сонда оқушы мектептегі оқу бағдарламасын уақтылы әрі сапалы игере алмағаны ғой. Әлде басқа себеп бар ма екен...

Оқиға • 20 Наурыз, 2023

Тағы бір құжат цифрландырылды

Азаматтардың құжаттарын (жеке куәлік, паспорт, жүргізуші куәлігі, неке туралы куәлік, балалардың туу тура­лы куәлігі) қамтитын цифрлық құжаттар сервисінде тағы­ бір құжат (басқа құжаттар бөлімінде) пайда болды. Енді әрбір аза­мат­қа көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мін­детті сақтандыру полисі қолжетімді.

Ғылым • 08 Наурыз, 2023

Асылай ашқан жаңалық

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, PhD Асылай Құрманбаева ғалымдармен бірге ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру стратегиясын әзірлеуді бастады. Сарапшылар өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз әсерлеріне бейімделу механизмдерін зерттеп, оған төзімді сұрыптарды жасауға қатысты тың деректерді тапты.

Тұлға • 23 Ақпан, 2023

Тектінің тұяғы

Қазақтың көрнекті ақыны Ғафу Қайырбеков баласы Бақытқа:«Балам сені осы көп,Айтып жүр ғой жақсы деп,Мен өзім де ойламан,Ақыл сенде тапшы деп. Мен ұлғайған шығармын,Сендегі өмір – жол әсем.Ақындықты бір алдың, Ақылымды көп ал, сен!,» – деп тебірене толғанып, жыр арнапты.

Музей • 20 Ақпан, 2023

Тобыл ойшылы

Астанадағы Ұлттық музейде 1976 жылы Қостанай қаласының іргесіндегі Мичурин ауылының егіс даласынан табылған «Тобыл ойшылы» аталған тас мүсіннің түпнұсқасы сақталған. Әлі күнге дейін «сыры» толық ашылмаған мүсіннің биіктігі – 202 мм, салмағы – 4 кг.