Руханият • 23 Тамыз, 2021
Биылғы мамыр айында ел газетінде «Кеңес заманында қажыға барған» атты («Егемен Қазақстан» 03.05 2021. ж) Нүркей қажы Биғабылұлы туралы мақаламыз жарық көрген еді. Сол қасиетті сапарға елімізден Нүркей қариямен бірге Хакім Омарұлы мен Еркін Қозыбаев деген тағы екі қазақ азаматы да аттанған. Жуырда осы дүниені газеттен оқып, суреттен әкесінің бейнесін көрген Хакім қажының қызы Хамида апай хабарласып, сол кездегі түрлі кедергіге қарамастан екі мәрте қажылыққа барған әкесі туралы айтып берді.
Қазақстан • 11 Тамыз, 2021
Халқымыз оты құнарлы, суы мол, табиғаты көркем, талай талантты тұлғалар туған – Баянауылды «құт қонған жер» деп дәріптейді. Осы өңірде дауылпаз ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфулиннің есімімен аталатын тау бар.
Өнер • 11 Тамыз, 2021
Қазақ өнерінің алыбы – Біржан сал бабамыздың асқақ «Айбозым» әнін жұртшылық жақсы біледі. Бұл әнді алғаш сахнада орындаған – дүлдүл әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосынов. Біз бүгінгі әңгімемізде бір кездері ұмыт бола бастаған осы туындының қайта жарыққа шығуына себепкер болған бір оқиғаны баяндасақ дейміз. Оны бізге белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжол айтып берген еді.
Әдебиет • 10 Тамыз, 2021
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен елордадағы Қаламгерлер аллеясында «Өлеңім, сен аман бол бұл дүниеде...» атты өмірден ерте озған талантты ақын Марфуға Бектемірованы еске алу кеші өтті.
Әдебиет • 09 Тамыз, 2021
«Кітап оқуға көп уақыт бөлемін»
Қазіргі балалар әдебиетінде өнімді еңбек етіп жүрген жазушының бірі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Толымбек Әбдірайым ағамыз. Жақында белгілі қаламгермен жолығып, «Не жазып жүрсіз?» деген сауалымызды қойған едік.
Өнер • 05 Тамыз, 2021
Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейінде тағылымды тарихтан сыр шертетін көне жәдігерлер жетерлік. Сондай асыл дүниенің бірі – Қазақстанның халық ақыны, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрхан Ахметбековтің домбырасы.
Өнер • 06 Шілде, 2021
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейінде көне жәдігердің бірі – күміс фалар сақталған. Фалар дегеніміз, ат әбзелінің әшекейіне жататын, қайыстан жасалған өмілдірік-құйысқанға бекітілетін металл жапсырма.
Өнер • 30 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясына қарасты «Қорқыт» этноансамблі VI концерттік маусымын киелі қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығына арналған «Жез киік» атты керемет кешпен қорытындылады.
Өнер • 29 Маусым, 2021
Биыл Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 75 жыл толды, соған орай «Астана Опера» театрында дәулескер күйшіні еске алуға арналған «Күмбірле, асыл домбыра!» атты кеш өтті.
Тәуелсіздік • 28 Маусым, 2021
Тәуелсіздік тарихын тамашалайды
Елбасы кітапханасының музейінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Қазақстандық жол» жобасы іске қосылып, оның алғашқысы астана күні қарсаңында «Арман қала» көрмесімен ашылды.