Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
430 материал табылды

Кітапхана • 20 Наурыз, 2023

Елорданың қоғамдық кітапханасы

Астананың рухани өміріне ерекше өзгеріс сыйлайтын жағымды жаңалық бар. Жақында елордадағы Maqsut Narikbayev University-де «Public Library» атты қоғамдық кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Пікір • 20 Наурыз, 2023

Ірілік

Әңгімені бірден оқиғадан өрбітейік. Оны Торғай өңірінде жауапты қызмет істеген бір ағамыздан естіп едім. Өзі Шығыс Қазақстанның тумасы болса да, осы өлкеге сіңген азамат.

Қазақстан • 16 Наурыз, 2023

Жер қойнауын пайдалану платформасы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде Minerals.gov.kz жер қойнауын пайдалану платформасы әзірленді. Оны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дайындады.

Қоғам • 16 Наурыз, 2023

Кремний алқабына жолдама

Astana Hub халықаралық технопаркі Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үздік технологиялық стартаптарына әлемдік нарыққа, соның ішінде АҚШ нарығына шығуға мүмкіндік ұсынады. Осы мақсатта Astana Hub әйгілі Draper University-мен келісім жасасып, 20 әлеуетті стартапты Кремний алқабында Hero Training интенсивті бағдарламасы аясында дамытатын болды.

Білім • 16 Наурыз, 2023

Он екінші кездесу

Астанадағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Биомедицина, инженерия және техноло­гиялар» атты XII Наурыз кездесулері өтті.

Музей • 15 Наурыз, 2023

Сәкен отырған орындық

Биыл құрылғанына 35 жыл толып отырған елордадағы Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақынға қатысты бірқатар жәдігер сақталған. Сондай құнды дүниенің бірі – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің 1922 жылы орындықта отырып, Еуропа үлгісімен киініп түскен суреті. Бір ғажабы, осы ардақты ақын отырып түскен орындық қазір мұражайда тұр.

Білім • 15 Наурыз, 2023

Жаңашылдыққа жаны жақын

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі білім беру жүйесі бірқатар өзгерістерді бас­тан кешті. Оның ішінде дұрысы да, бұрысы да болды. Алайда әр кезеңнің өз талабы бар. Мәселен, бұрынғы мен бүгінгі оқу бағдарламасында айырмашылық жер мен көктей. Өйткені қазіргі уақыт – жаңа технология ғасыры десек, соған лайықты білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу қажет. Бұл ретте ұстаздарға түсіп отырған салмақ та ауыр. Осы үдеден табылып жүрген ұстаздың бірі, елордадағы республикалық физика-математика мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Рахат Әзімбаева.

Әлем • 15 Наурыз, 2023

АҚШ-та жарық көрген жинақ

Nazarbayev University-де жара­ты­лыс­тану, әлеуметтік және гумани­тарлық ғы­лымдар мектебінің профес­соры Гүлнәр Омарбекованың «Қа­зіргі қазақ мақал-мәтелдерін зерттеу: цифрлық, танымдық, әдеби және эко­логиялық бағыттар» атты кітабының таныстырылымы өтті. Зерттеу жинағы Питер Ланг (Нью-Йорк) баспасынан былтыр жарық көрді.

Өнер • 14 Наурыз, 2023

Шындық бейнеленген картина

Ұлттық музейде Қазақстандағы Испания корольдігі елші­лігінің қолдауымен испан суретшісі Хосе Мария Каноның «Шындық немесе шынайылық» атты көрмесі ашылды.

Технология • 03 Наурыз, 2023

Дауысты мәтінге айналдыратын технология

Қазір сан түрлі ақпараттан көз сүрінеді. Оның қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін ажырату да қиын. Әйтеуір солардың арасынан құмнан алтын сүзгендей жылт ете қалған жағымды жаңалыққа елең ете қаласың. Бір ай бұрын Nazarbayev University-індегі Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының ғалымдары (NU ISSAI) түркі тілдеріндегі сөйлемдерді танитын технология әзірлегенін жазып, оқырман қауымнан сүйінші сұраған едік. Бұл жолы ғылым ордасына арнайы барып, технологияны жасаған мамандармен тілдесуді жөн көрдік.