• 16 Қаңтар, 2019
Жанкүйерлер «Астана Опера» балет труппасын Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында қарсы алды
Астана уақыты бойынша сағат 6:15-те елордамызға Еуропадағы салтанатты гастролін тәмамдаған «Астана Опера» театрының балет труппасы оралды. Балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова бастаған әртістерді таңсәріден театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров, шығармашылық ұжым, сонымен бірге асқақ өнерді бағалаушылар қарсы алды.
• 16 Қаңтар, 2019
Қ.Мәми Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың президентін қабылдады
16 қаңтарда Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ.Мәми Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың президенті Марк Биирді қабылдады.
• 16 Қаңтар, 2019
Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобасын мақұлдады
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар бірқатар заң жобасын мақұлдады.
• 16 Қаңтар, 2019
Атамекенге оралған ағайынның жағдайы - жіті назарда
Жуырда «Егемен Қазақстан» газетінің №245 санында (25 желтоқсан, 2018 жыл) Қостанайдағы меншікті тілшіміз Нәзира Жәрімбеттің «Атамекенге келіп, амалы құрып отыр» атты мақаласы жарияланған еді. Мақалада айтылған өзекті мәселенің шешімін табуды жүктеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қостанай облысының басшылығы төмендегі жайтты хабарлады.
• 16 Қаңтар, 2019
Қытай дәрілерін заңсыз кіргізбек болған азамат ұсталды
Қорғас шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекара наряды 2019 жылғы 15 қаңтарда шекаралық және кедендік бақылаудан өтіп болған 21 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
• 16 Қаңтар, 2019
Қазақстандық мұғалімдер қысқы мектепке барды
Мемлекет басшысы 2018 жылдың 5 қазанындағы жолдауында Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптарды күшейту туралы нақты тапсырма берді. Жолдауды жүзеге асыру мақсатында М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде «Педагогикалық шеберлік» қысқы мектебі ашылып отыр.
• 16 Қаңтар, 2019
«Астана» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады
Футболдан соңғы бес бірдей ел біріншілігінде топ жарып, отандық командалар арасынан Еурокубоктарда ең табысты өнер көрсетіп жүрген «Астана» биылғы маусымға даярлықты бастады.
Әлем • 16 Қаңтар, 2019
Тереза Мэй «Брексит» бойынша дауыс беруден жеңілді
Кеше Ұлыбритания парламентінде Еуродақтан шығу туралы Ұлыбритания үкіметімен Еуродақ арасындағы келісім бойынша дауыс беру өтті. 632 депутат қатысқан дауыс беруде Тереза Мэй жеңілді. 202 депутат келісімді қолдаса, 432-сі қарсылығын білдірді. Бұл Ұлыбритания тарихындағы алғашқы жеңіліс.
• 16 Қаңтар, 2019
Кеше Сербияның Сомборе қаласында бокстан «Ұлттар кубогы» деп аталатын халықаралық турнир басталды.
• 16 Қаңтар, 2019
«Барыс» «Спартактан» жеңіліп қалды
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Астанада өткізген «Барыс» Мәскеудің «Спартагын» үш шайба айырмашылығымен ұтып жатып, ақырында жеңісті уысынан шығарып алды.