Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Қазақстан • 28 Маусым, 2018

ҚРКФ әлеуметтік серіктестерімен бірге республикалық акцияны бастады

Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен әлеуметтік әріптестері - «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер конфедерациясымен бірлескен «Еңбекті қорғаудағы профилактика мәдениетін бірге арттырамыз» республикалық акциясы бастау алды.

Қазақстан • 28 Маусым, 2018

Биыл автонесиелендіру үшін 10 млрд теңге бөлінді — А. Батанов

2018 жылдың басында автонесиелендіру бағдарламасы үшін 10 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Президент Жолдауының бірінші басымдығын іске асыру аясында Қазақстандағы машина жасау саласын дамыту келешегі туралы өткен баспасөз конференциясында ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов айтты.

Президент • 28 Маусым, 2018

Елбасы тұңғыш Роботтандырылған хирургия орталығының жұмысымен танысты

Нұрсұлтан Назарбаев «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының базасында құрылған Қазақстандағы тұңғыш Роботтандырылған хирургия орталығының жұмысымен танысты. Орталықты аралау барысында Мемлекет басшысына заманауи операциялық-цифрлық кешеннің жұмысы мен оның даму перспективалары жөнінде баяндалды.

Қазақстан • 28 Маусым, 2018

Дәурен Абаев байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Министр құттықтау сөзін Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Президент • 28 Маусым, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Силумин-Восток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Қазақстан Президенті Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы «SV» өнеркәсіптік жабдықтарын шығаратын «Силумин-Восток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауытының жұмысымен танысты. 

Қазақстан • 28 Маусым, 2018

Елбасы «OstFish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында шығынсыз сумен қамтамасыз ету қондырғыларында бекіре тұқымдас балық өсіруге маманданған кәсіпорынға барды.

Аймақтар • 28 Маусым, 2018

Ақтөбе аймағында «Электронды өтініштер» атты жоба басталды

Ақтөбе аймағында «Электронды өтініштер» атты қанатқақты жоба қолға алынды. Бұл бастама бұл бастама «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына арқа сүйейді. Оның басты мақсаты азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініш жазуын жеңілдету. Осы арқылы кез-келген адам қажетті органға анаулы минуттардың ішінде өтініш жолдап, оған тез жауап ала алады.

Қазақстан • 28 Маусым, 2018

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Бүгін, 28 маусымда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне  өзінің жаңа бірінші орынбасарын таныстырды. Сағындық Лұқпановтың басқа қызметке ауысуына байланысты  оның орнына Серік Шапкенов келді.

Қазақстан • 28 Маусым, 2018

Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін, 28 маусымда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қалалық мәслихат депутаттарына Атырау қаласының жаңа әкімінің кандидатурасын ұсынды. Басқа қызметке ауысқан Серік Шапкеновтың орнына Алимұхаммед Құттымұратұлы келді.

Үкімет • 28 Маусым, 2018

Мемлекеттік хатшы «Астанаға ыстық ықыласпен» атты азаматтық форумға қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше елдердің ұлттық-мәдени орталықтарының «Астанаға ыстық ықыласпен» атты азаматтық форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Яндекс.Метрика