Медицина • 29 Маусым, 2018
Кез келген әйел ақылды, сабырлы, иманды, ержүрек, ертеңіне пана болатын азамат туралы армандайды. Алайда өмірде ешқашан жолы болмайтын еркекке тап болуы да мүмкін ғой.
Өнер • 29 Маусым, 2018
Еншісі елордадан бұйырған Досымжан Таңатаров
Қос ғасырдың етек-жеңі ұштасқан 2000 жылдың көктемі. Елорданың еңселі ғимараты Конгресс-холда исі қазаққа аты мәшһүр қоңыр үні көлде жүзген қоңыр қаздай мамырлаған әнші Нұрлан Өнербаевтың жеке концерті өтіп жатты. Өз кешінің тізгінін өз қолына алған Нұрлан Әлтайұлы әнсүйер қауымның алдына қас тұлпарға ғана тән арындай шапқанда қос танауын жел кеулеп, желбезегі желқайықтың желкеніндей желбіреген жас жігітті алып шықты. Үлкен сахнаға әлі үйрене қоймаған кейіпте ұяла басып, көптің алдына шыққан балаң жігіт сәлемнен кейін, халық әні «Құралайды» құйқылжытты кеп. Таудан құлап аққан тас бұлақтай мөлдір, тұп-тұнық қазақы дауыс. Әннің ырғағы қандай? Жаңа низам оқуына иленбеген, консерваторияда нотаға байланып күйленбеген, бозала таңда сайраған бозторғайдың үніндей тап-таза. Бұл кім болды екен? Осы сұрақ күллі көрерменнің көкейінде тұнып қалды. Кешікпей жұмбақтың шешуі табылды. Көрерменнің көңілін тербеп, сезім шіркіннің қыл пернесін дөп басқан әнші Досымжан Таңатаров екен.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Қостанайда «жастар белсенділерінің мектебін» қалпына келтіру ұсынылды
Облыс әкімдігінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі көшпелі кеңестің Ұзынкөл ауданында отырысы өтті. Аудандық, қалалық жастар ісі және мәдениет бөлімдерінің басшылары, Жастар резерві орталықтарының жетекшілері қатысқан көшпелі кеңес отырысында «Қазіргі қазақстандық жастар құндылықтарының орнығуы және қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде олардың қалыптасуының түйінді аспектілері» және «Жастардың мәдени бос уақытын өткізу қызметтерін ұйымдастыру туралы» мәселелер төңірегінде келелі әңгіме өрбіді.Отырысқа облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев қатысты. Жастар ісі саясаты басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов облыс өңірінде жүзеге асқан істер туралы айтып берді.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Астанада қазақстандық-аустриялық аймақтар форумы ашылды
Астанадағы «Марриотт» қонақүйінде қазақстандық-аустриялық аймақтар форумы ашылды.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Кеңесті дамыту келешегі талқыланды
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытай СІМ-і Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) мәселелері жөніндегі Арнайы тобының жетекшісі Гу Цзыпинмен кездесті.
Үкімет • 29 Маусым, 2018
Үкімет үйінде Қазақстандағы машина жасау саласын дамытудың келешегі талқыланды
Кеше Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында Президент Жолдауының бірінші басымдығын іске асыру аясында Қазақстандағы машина жасау саласын дамытудың келешегі кеңінен сөз болды.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Ғылыми конференция арқауы – «ақылды қалалар»
Бірлік пен келісімнің, дамудың шынайы үлгісін қалыптастырған Астана қаласына қазір әлемдік қоғамдастықтың көзқарасы ерекше. Оның ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананы тұрақтылық пен қауіпсіздік, интеграциялық үдерістердің ошағы, инновацияларға ашық және мәдени-тарихи ордаға айналдырғандығына күллі әлем сүйсіне көз тігіп отыр.
Аймақтар • 29 Маусым, 2018
Әріптестік байланыс – ілгерілеу мүмкіндігі
Қызылжар өңірі 80-ге жуық елмен сан-салалы қарым-қатынасты тұрақты түрде жалғастырып келеді. Оның ішінде Ресеймен сыртқы сауда айналымының үлесі 80 пайызды құрайды.
Парламент • 29 Маусым, 2018
Парламент Сенатының үшінші сессиясының соңғы жалпы отырысы өтті
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен палатаның үшінші сессиясының соңғы жалпы отырысы өтті. Сенаторлар бұл жиында газ және газбен жабдықтау мәселелерін реттейтін заң жобасын қарап, оған енгізілген түзетулерді қабылдады.
Қазақстан • 29 Маусым, 2018
Домбыра - бабадан қалған бағзы мұра
Қазақстан халқы осы жексенбіде алғашқы рет Ұлттық домбыра күнін атап өтеді.