Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Театр • 26 Маусым, 2018

«Тұрандот» – қазақ сахнасында

Сахна төрінде – сайын сахара. Көк жүзінде жөңкіле көшкен қара бұлт қайғының хабарын айтқандай. Солғын түсті нөпір халықтың жүрегінде мұң, көкірегінде дерт, жүзінде үрей.  

Медицина • 26 Маусым, 2018

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі жанданды

Жуырда Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы құрылды. Елбасы Жолдауындағы қоғамдық денсаулықты басқаруды күшейту ісіне байланысты орталықтың бас директорының міндетін атқарушы Уәлихан АХМЕТОВПЕН әңгімелескен едік.  

Медицина • 26 Маусым, 2018

Медицинаға жарты ғасырын арнаған

Ақ халатты абзал жан көрсек әлемнің әлсіз дәнекершісі көз алдымызға келетіні рас. Олардың іс-әрекеті адамның жанына араша, тәніне тірек. Сондай жандардың қатарында Қарағанды өңіріне аты мәлім майталман маман – Зейнелқайын Айтбаеваны айтуға болады. 

Әдебиет • 26 Маусым, 2018

Әйелдер арасында танымал болған туындылар

Соңғы жылдары адам­дардың психология ғылы­мына назар аударуы, қызығушылық танытуы айқын аңғарылады. Пси­хологиялық білімнің күн­делікті өмір мен іс-әрекетінде шешуші орын алатыны көпшілікке мәлім. Әсіресе қазіргі кезде жас­­тар, жалпы әйелдер қауы­мы іс-әрекет пен қарым-қатынасты субъект ретінде жетілдіруі үшін пси­холо­гиялық даярлықты жоғары дәрежеде тануға ден қоя бастады. Қа­зақстандағы ірі кітап дүкені Flip.kz желісінің кеңесшісі 2017-2018 жылдары ең көп сатылған әрі қазақстандық әйелдер ара­сындағы танымал бірнеше кітапты ұсынды. 

Медицина • 26 Маусым, 2018

Неке жүзігі немесе жұбайлық өмірде жолы болудың бес белгісі

Бірде құрбыларымызбен қауқылдасып отырып, біреуі: «Бүгін жұмыста біраз жігіт көз салып, қолпаш әңгімелер айтқанға құлпырып, шынында да әдемі болып кеткен екенмін ғой десем, неке жүзігімді тағуды ұмытып кетіппін. Құдайдың құдіреті, егер жүзігімді тағып жүрмесем, күйеуім екеуміз қараптан-қарап ұрсысып қалады екенбіз», дейтін елеусіз сөзді қыстыра салды.  

Медицина • 26 Маусым, 2018

Елу жастан кейін бала сүю мүмкін бе?

Соңғы жылдарда жасы қырық, тіптен елуден асқан әйелдердің бала көтеріп, отбасын қуанышқа кенелтіп жатқаны жайында жиі еститін болдық. Оның салдарын кеш бала көтеру, кеш тұр­мысқа шығу сияқты себептерімен де байланыстыруға болады. Осы тұрғыда туындаған сұрақтарымызға Алматы қаласы Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) бөлімінің меңгерушісі, гинеколог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Нұржан АЙСАБАЕВА жауап берген еді. 

Қазақстан • 26 Маусым, 2018

Бір ғана мамандыққа арналған ғұмыр

Адамның бір асыл қасиеті бар. Ол бүгінмен қатар, ертеңіне үміт артып, алдына биік мақсат қойып, соған жетемін деген сеніммен өмір сүру. Бірақ оған жететіндер де, орта жолда «Әттең, жалған дүние-ай!» деп морт кететіндер де аз болмай жатады. 

Тарих • 26 Маусым, 2018

«Егемен» – 100. Бұхара қазақтары

Әр қиырда ғұмыр кешкен қарға тамырлы қа­зақ қашанда бір-бірінің қамында болғанын анық. «Еңбекшіл қазақ» газетінің 1924 жылғы №183 санында жарияланған Мыр­за Наурызбайұлының «Бұ­хара қазақтары» соны көр­сетіп тұрғандай...

Руханият • 26 Маусым, 2018

Қарашаңырақты кім «ұстап» отыр?

Форт-Шевченко қаласы – Маңғыстаудағы Түпқараған ауданының орталығы. Ресми түрде осылай аталғандықтан, білдей бір аудан орталығының атауын айтарда алдымен «форт» деп французшалап, соңынан украин ұлының тегін тіркеп тілімізді бұрауға тура келеді, байырғы тұрғындар, жалпы халық қала атауын ауызекі тілде ішінара Ақкетік деп қалады... 

Медицина • 26 Маусым, 2018

«Жұлдыздар» шайқасы» немесе отандық қонақүйлер бизнесіндегі бәсеке

Әлемдік экономикалық дағдарыстың салқыны әлі де есіп тұрғанына қарамастан, соңғы жылдары қонақүйлер бизнесінде серпіліс бар. Алматыдағы Азиада мен Универсиада, Астанада өткен ЭКСПО сияқты ауқымды шаралар ішкі туризмге қозғау салғаны анық. Еліміздің әр түкпірінен ағылған жерлестеріміз әйгілі жұлдызды отельдерді емес, бағасы мен сапасы көкейге қонатын қонақүйлерді қолайлы санайды. Алайда ЭКСПО сияқты ауқымды шаралар қырық жылғысын алдымен болжайтын әлемдік брендтерді Қазақстанға алып келді. Өткен жылдың өзінде елімізде The Rits Carlton Astana St.Regis Hotels & Resorts Astana сынды көптеген төрт және бес жұлдызды қонақүйлер ашылды. Осындай жағдайда отандық қонақүйлер қандай саясат ұстануы тиіс.