Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Астана жастары оңалту орталығының балаларына мерекелік көңіл күй сыйлады
Балаларды қорғау күнінің қарсаңында «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері «Қасиетті жол» оңалту орталығының балаларына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2018
«Астана – Атырау облысының аймақаралық ынтымақтастығы» бизнес-форумы өтті
Астанада жүзеге асқан жарқын жобалар енді Атырауда бастау алады. «Астана – Атырау облысының аймақаралық ынтымақтастығы» бизнес-форумында түрлі салалардағы тиімді байланыс бағытында жеті меморандумға қол қойылды.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Таразда Талас өзені арқылы мемлекетаралық су бөлісу мәселесі талқыланды
Жамбыл облысына Қырғыз Республикасы Үкіметінің Талас облысындағы өкілетті өкілі Марат Мұраталиев бастаған делегация жұмыс сапарымен келді. Қырғыз ағайындарды «Айша бибі» шекара бекетінен облыс әкімі Асқар Мырзахметов бастаған жамбылдықтар халқымызға тән құрметпен күтіп алды.
Футбол • 30 Мамыр, 2018
Сауд Арабиясы құрамасының бесінші мүмкіндігі
Жыл басында Сауд Арабиясына сапар шегіп, ислам әлеміндегі ең қасиетті жерлерді көзбен көруге жол түсіп еді. Алланың шапағаты түскен киелі жерлерге тәу ете жүріп, осы мемлекеттегі футбол мәселесіне де назар қойдым. Аталған мемлекетегі "Король қонағы" деп аталатын бағдарлама аясында Сауд патшалығында қонақта болдық. Бұл жобаға енуіме зор септігін тигізген Сауд Арабияның Қазақстандағы елшілігі мен оның қызметкері Бақытжан Нұрмұхановқа алғысымды да айтқым келеді. Себебі Ресейде өтетін әлем чемпионатына Сауд Арабиясы құрамасы да барады. Тіпті, төрт жылда бір келетін дүбірлі доданың алғашқы ойынында арабтар алаң иелерімен кездесіп, шымылдық түрер матчта өнер көрсетеді.
Теннис • 30 Мамыр, 2018
Татьяна Николенко Азия чемпионатында қола медаль алды
Жақында Тайландта өткен Азия чемпионатында 14 жастағы талантты теннисші Татьяна Николенко айды аспанға шығарып, қола медальды қанжығасына байлады. Татьянаға демеушілік жасаған «Казцинк» серіктестігі.
Футбол • 30 Мамыр, 2018
Жаһан жаңалықтары: Қорғаушы үшін «Ливерпуль» 45 млн еуро жұмсамақ
Англияның «Ливерпуль» командасы жуырда ғана басталған жазғы трансфер аясында «Монако» клубының қорғаушысы Фабиньоны сатып алды. Бұл туралы ағылшын клубының ресми сайты мәлімдеді.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Аралас жекпе-жек: Дамир додаға дайын
15 маусымда Орынборда аралас жекпе-жектен «M-1 Challenge 94» турнирі өтеді. Сол жарыстың басты бәсекесінде осы ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы, Ресейде тұрып жатқан қандасымыз Дамир Исмағұлов өз атағын қорғап қалу үшін Белоруссияның бетке ұстары Артем Дамковскиймен күш сынасады.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Бейжіңде Қазақстан-Қытай консультациялары өтті
Бейжіңде консулдық мәселелер бойынша кезекті Қазақстан-Қытай консультациялары өтті. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, ал Қытай делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Го Шаочунь басқарды.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Ет экспорты: әлеует пен мүмкіндік
Биыл ет бағасы өзге азық-түлікпен салыстырғанда 8-10 пайызға қымбаттады. Сиыр еті – 9,9 пайызға, қой еті – 9 пайызға көтерілді. Ауыл шаруашылығы министрлігі қымбатшылыққа ет экспорты немесе тапшылық себеп емес екенін айтады. Мәселен, жылдың алғашқы тоқсанында 41 мың тонна ет дайындалыпты. Оның 24 мың тоннасы Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысының үлесінде.
Медицина • 30 Мамыр, 2018
Алакөл туристерді қабылдауға дайын ба?
Елбасы жақында Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында Алакөлде болып, еліміздің туристік әлеуетін арттыруға қатысты арнайы жиын өткізген еді. Сол жиында Мемлекет басшысы: «Алакөл – Қазақстанның туристері көптеп келетін жер болуы керек. Бұл – шипалы көл. Суының емдік қасиеті бар. Өте қажетті жер. Қазақстандықтар осы жерге келіп демалуы керек», деген еді.