Жазғы спорт • 25 Мамыр, 2018
2011 жыл. Жазы айы. Германияның Гейдельберг қаласының түстігінде орналасқан Хандшусхайм шаһарында регбиден жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр. Ұзындығы тай шаптырым жасыл алаңда қызылды-жасылды киінген екі топ регбишілер ортадағы жалғыз сопақша допқа таласып, қызыл қырғынды салуда.
Жекпе-жек • 25 Мамыр, 2018
«Qazaqstan FIGHTER» жобасына өтінімдер қабылдау басталды
«QAZSPORT» телеарнасы «Qazaqstan FIGHTER» жобасына қатысқысы келетін азаматтардан 12 маусымға дейін өтінім қабылдайды.
Қазақстан • 25 Мамыр, 2018
Латын қарпіне өтудің төте жолы
Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қалалық тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, танымал тілші ғалымдар, білім, ғылым мекемелерінің мамандары қатысты.
Білім • 25 Мамыр, 2018
Кітаптар электронды нұсқаға көшіріледі
Қызылорда облысындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Кітапханада жайлы ақпараттық орта қалыптастыру: жаңаша мүмкіндіктер» тақырыбында семинар өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы басшылығы, жергілікті мәслихаттағы фракция мүшелері және аумақтық кітапхана жетекшілері мен қызметкерлері қатысты.
Қазақстан • 25 Мамыр, 2018
Гуманитарлық білімнің жаңа бағдарлары
Былтырғы жылдан бері елімізде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы жұмыс істеуде. Бұл бағдарламаның аясында елімізге техника және медицина салаларының мамандарынан басқа, қазіргі кезеңді және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандарын даярлауға да баса назар аударылуда. Сондықтан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына сәйкес әлемге танымал алғашқы 18 кітап қазақ тіліне аударылды.
Қазақстан • 25 Мамыр, 2018
Биязы жүн мен бағланның бабы қашан келеді?
«Мал өсірсең қой өсір табысы оның көл-көсір» деп бабаларымыз бекер айтпаса керек. Елімізде қой өсіру әуел бастан мал шаруашылығының ең тиімді түрі болғаны белгілі. Өкінішке қарай, Шопан ата төлінің еті мен жүнін тиімді кәдеге жарату әлі күнге жолға қойылмаған.
Қазақстан • 25 Мамыр, 2018
Смағұл Сәдуақасұлы. Еріксіз жауап
Газетіміздің өткен №87 санында (14 мамыр, 2018 жыл) Серікқали Жақыпұлының «Ұлтшыл коммунист бола ма, жоқ па?» атты мақаласы жарияланған еді. Бұл сол мақалаға орай «Еңбекшіл қазақ» газетінің 1924 жылғы №177 санында жарияланған Смағұл Сәдуақасұлының «Еріксіз жауап» атты мақаласы.
Өнер • 25 Мамыр, 2018
Болат Аюхановтың қасірет шыңдаған мінезі
Аты-жөнінің өзі құбылысқа айналған белгілі өнер шебері, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Болат Аюханов қазақ даласын отыз сегіздің оты өртеп, топ-тобымен аждаһаның көмейіне тоғытылып жатқан тұста жоқтың орнын толтыруға жіберілген төлеу бала болып дүние есігін ашты. Отбасының басына түскен осы қасірет болмағанда қазақ өнеріндегі мықтылардың қатарына бүгінгі Аюханов келіп қосылар ма еді, жоқ па, ол жазмышқа ғана аян. Бірақ «халық жауының баласы» деген бір ауыз сөз Аюхановтың атақты болмауға амалын қалдырмағаны анық. Бүгінгі аты әлемге әйгілі Болат әкесі тірі болғанда, ешқашан Аюханов болмауы да мүмкін еді. Өйткені қасірет қайрап шыңдаған қазақтың дара тұлғасының Ғазиз Қуатов деген қайраткер әкесінің тегеурінді тегі тұрғанда, онымен жарыстырып басқа есім-сойды еншілеу соншалықты ақылға сыйымсыз еді...
Аймақтар • 25 Мамыр, 2018
2018 жылы Маңғыстау облысындағы 33 мектепте ІТ сыныптары ашылады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қабылданған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қоғамның барлық саласында жан-жақты жүзеге асырылуда. Жергілікті әкімдіктердің назарында тұрған осынау мәселеге «Нұр Отан» партиясы да белсене атсалысып, білім беру саласын цифрландыру, мектептерде электронды күнделік жүйесін енгізу және бағдарламалау мен робот техника негіздерін тереңдетіп оқыту шараларын жүзеге асыруда. Аталған бағытта Маңғыстау облысында ІТ сыныптар мен ІТ мектептер ашу жоспарланып отыр.
Қазақстан • 25 Мамыр, 2018