Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Өнер • 25 Мамыр, 2018

Эцио Фриджерио «Достық» орденімен марапатталды

«Астана Опера» театрында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы халықтар арасындағы бeй­бiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңip­гeн ерен еңбегі үшін қазіргі таңдағы ең атақты сцено­графтардың бірі – Эцио Фриджериоға ІІ дәрежелі «Достық» ор­денін тапсырды.

Медицина • 25 Мамыр, 2018

Көлгірсумен күн өткізудің аяғы құлдырауға апармай ма?

Елімізге келген шетелдіктердің дені ісін тындырып, кетерінде мақтап-мадақтап, арқадан қағып, «жайлы ел екенсіңдер» дегендей қолпаштау сөздерін айтып, жылы-жылы қош­тасатынын көріп жүрміз. Әдемі сөз­дің әсеріне масаттанып, мәз боп, біз қаламыз. «Ақымақты мақтасаң қуанады» дегендей, шетелдіктердің біз­ге қатысты оңды пікірлерін есту әдет­ке айналғаны сонша, мадақ тың­дамасақ тұра алмайтын күйге жет­тік. 

Парламент • 25 Мамыр, 2018

Парламент Сенатының жалпы отырысында қандай мәселелер талқыланды?

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар «2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Орта білімді жаңғырту жобасы) ратификациялау туралы» заңдарды толық қабылдады.  

Кино • 25 Мамыр, 2018

Сергей Дворцевой: Самал – шынайы сезімнің актрисасы

Биылғы Канн кинофестивалінің еліміз үшін бәсі де, бағасы да бөлек болды. Франция төрінде 71-ші мәрте ұйымдастырылған өнер додасы Самал Еслямованың арқасында жаһан назарын қазаққа бұрғызды. Режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде басты рөлді кейіптеген өнер иесі «Үздік әйел рөлі» аталымында топ жарды. Бұл режиссер мен актрисаның алғашқы жұмысы емес. Осыдан тура 10 жыл бұрын жарыққа шыққан «Тюльпан» фильміндегі таланттар тандемі сол кездің өзінде-ақ Канн фестивалі сарапшыларын таңғалдырып, аталған кинокартина 2008 жылы  «Айрықша көзқарас» аталымындағы жүлдеге лайық деп танылған болатын. Енді міне, араға 10 жыл салып өмірге келген «Айка» психологиялық драмасы да әйгілі кинофестиваль сарапшыларын бейжай қалдырмады. Таланттар тандемі тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Бір қызығы, күні кеше Еуропа масштабында мойындалған үзік актриса Самал Еслямованың шығармашылық биографиясына жазылған қос фильмнің екеуі де режиссер Сергей Дворцевойдың жұмысы екен. Небәрі 19 жастағы қаршадай қазақ қызының талантына, мүмкіндігіне сенім артып, шығармашылық бағын ашқан режиссердің пікірін білгіміз келіп, әңгімеге тартқан едік. Сөзі ғана емес, ісіне де мығым суреткер бүкпесіз ойын ортаға салды.

Өнер • 25 Мамыр, 2018

Ерлан Рысқали: Қазіргі дәстүрлі әншілердің де «ат шаба алмас міні» бар

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқалимен сұхбат. 

Аймақтар • 25 Мамыр, 2018

Қостанайда өткен жылы бюджет қаражатының басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына жұмсалған

Өткен жылы облыс бюджеті 181 миллиард теңгені құраған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11 миллиард теңгеге көп. Осы қаржының 86 пайызы республикалық бюджеттен тарнсферт арқылы келген. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыстық  қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова  өткен жылғы бюджет қаржысының қайда, неге жұмсалғанын айтып берді. 

Білім • 25 Мамыр, 2018

Ертең мұғалімдерді біліктілік тестілеу басталады

Ертең, яғни 26 мамыр күні елімізде педагог қызметкерлерге арналған ұлттық біліктілік тестілеу науқаны басталады. Бұл – мұғалімдер қауымы үшін аттестаттаудың алғаш рет қолға алынған жаңа форматтағы жүйесі.

Қазақстан • 25 Мамыр, 2018

Трансшекаралық өзен мәселесі өзекті

Ертеден қазақ пен қырғыз арасындағы байланыс бекіп, мемлекеттік сипатта өріс алып келеді. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы мен көрші Қырғыз Республикасының Талас және Ыстықкөл облыстары арасындағы су мәселесі де аса маңызды.  

Қазақстан • 25 Мамыр, 2018

Астанада «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қорының тұсаукесер рәсімі өтті

Бұрынғы сенатор, белгілі заңгер, көрнекті қоғам қай­раткері Сабыр Қасымов ұйымдастырған бұл қор туралы көптен бері айтылып келгенімен, ресми тұсаукесерін жасау мен жұмыс орнының ашылу сәті кешегі күннің үлесіне тиіпті. Оған  Оралбай Әбдікәрімов, Амангелді Айталы, Өмірзақ Озғанбаев, Сайлау Батыршаұлы, Мәмбет Қойгелді, Бекет Тұрғараев, Дихан Қамзабек, Зиябек Қабылдинов, Берік Әбдіғалиұлы, Омар Жәлелұлы, Қайырбек Қошкеұлы  және т.б. ел ағалары мен танымал азаматтар қатысты.

Қазақстан • 25 Мамыр, 2018

Ынтымақтастық – қозғаушы құдірет

Елбасы Н.Ә.Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стра­те­гиялық бағдар­ла­масының орындалу аясындағы игі істер қан­­шама! Солардың бірі еліміздің дамуына ұлт­тық деңгейде үлес қо­сып жүрген есімдері жал­пы жұртқа белгісіз жас­тар анықталып, «Қазақ­стан­дағы 100 жаңа есім» бағ­дарламасы жүзеге асу­да. Бүкілхалықтық таң­дау­мен анықталып, жария етіл­ген сол ардақты жүз жа­ңа есімнің табыстарын ха­лыққа насихаттай беру, үнемі айтып отыру да осы бағ­дарлама міндеттеп отыр­ған қажеттілік деп білемін.

Яндекс.Метрика