Парламент • 17 Мамыр, 2018
Палатаның жалпы отырысында бірнеше заң жобасы мақұлданды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар бұған дейін ел азаматтарының жіті назарында болған бірнеше заң жобасын мақұлдады. Олардың ішінде діни қызмет пен діни бірлестіктер жұмысын реттейтін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бағаларын белгілеуді қамтамасыз ететін құқықтық құжаттарды атап өтуге болады. Мемлекет басшысының тапсырмаларына байланысты қолға алынған бұл заң жобалары көптеген мәселелердің түйінін шешкелі отыр.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
Теріскейдегі көш: жұмыспен қамту бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр?
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында еңбек күші жетіспейтін өңірлерге азаматтарды ынталандыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға тапсырма бергендігі белгілі. Бұл саяси, демографиялық және әлеуметтік маңызы бар ауқымды реформаның бастауы болатын. Осы орайда арнайы бағдарлама құрылып, халқы тығыз қоныстанған оңтүстіктен теріскейді бет алып үлкен көш қозғалды. Бүгін біз еліміздің жарқын болашағы үшін қолға алынған осы ауқымды шараны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жөнінде аз-кем сөз қозғағанды жөн көрдік.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
Болжамдар дәйектемесі: әлемдік экономиканың дамуы қалай өзгереді?
Жыл сайын Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әлемдік экономикалық форум өткізу дәстүрге айналды. Міне, бүгін салтанатпен ашылған 11-ші Астана экономикалық форумында (АЭФ) әлемнің ондаған елінен келетін 500-ге жуық спикер пікір алмасады. Әлем сарапшыларының бірауызды пікірінше, АЭФ бүгінгі жаһандық экономиканың даму драйверлерін айқындап, орын алған дағдарыстардың себеп-салдарларын ашып, қиындықтан шығу жолдарын белгілейтін әлемдік пікірсайыс алаңына айналды.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебіндегі жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
Мұғалім мен ата-ана арасындағы тығыз байланыс оқушының тәртібі мен үлгерімін ұдайы қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде білім сапасы мен ата-аналардың перзенті алдындағы жауапкершілігінің артуына да септігін тигізетіні анық. Еліміздің барлық мектептерінде өткен жалпыұлттық ата-аналар жиналыс аясында Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде болып ұстаз бен ата-ана арасындағы ынтымақтастықтың үздік үлгісіне куә болдық.
• 16 Мамыр, 2018
Маңғыстаулық өрт сөндіруші «Айбын» орденімен марапатталды
ҚР ІІМ ТЖ Комитетінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай өткізілген шара барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В.Ильин ҚР Президентінің 2018 жыл 27 сәуіріндегі №671 бұйрығымен әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін өрт сөндірушілерге мемлекеттік наградалар табыстады.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2018
Жыл басынан бері Маңғыстау облысының жергілікті бюджетінің табысы 46,9 млрд. теңгені құрады
Бұл туралы 2018 жылғы төрт айдағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Әлібекова мәлімдеді.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2018
Маңғыстауда облыстық сот пен нотариус, банк арасында меморандумға қол қойылды
Елбасының істі қарау тараптар үшін қолайлы әрі татуластыруға бағытталып және жаңа технологияларды қолдана отырып, сот төрелігін жүзеге асыру қажеттілігі туралы тапсырмасына сәйкес, республика соттарында татуластыру шараларын кеңінен қолдануға, яғни әрбір азаматқа сотқа дейін де, сотта да татуласу үшін жан-жақты жағдай жасалуда.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2018
Маңғыстауда 4 айы ішінде 38,8 млрд.теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді
Маңғыстау облысы әкімдігінде өткен аппараттық жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2018 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы экономиканың нысаналы өсу индикаторларының атқарылуы, 2018 жылғы 4 айдағы жергілікті бюджеттің игерілуі,2017 – 2018 жылғы жылыту маусымының өту қорытындысы және алдағы жылыту маусымына дайындық туралы мәселелер қаралды.
Саясат • 16 Мамыр, 2018
Қазақстан және Грузия Сыртқы істер министрлері ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды
Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға ресми сапармен келген Грузияның Вице-Премьер-Министрі, Сыртқы істер министрі Михеил Джанелидземен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз қызметі. G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть
Саясат • 16 Мамыр, 2018
Елбасы «Hotel Properties Limited» компаниясының негізін қалаушы Онг Бэнг Сэнгпен кездесті
Әңгімелесу барысында тараптар туризм саласындағы ынтымақтастық және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.