Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Әлем • 24 Сәуір, 2018

«Наполи» мен «Ювентус»: Қайсысы чемпион болады?

Италия «А» сериясында чемпиондықтың тартысы өрши түсті. «Ювентус» өз алаңында негізгі бәсе­­келесі «Напо­лиден» жеңіліп, жағ­дайын қиын­­­датып алды. Өзге бірін­шілік­тердің чемпиондары анықталып қойған болса, қазір кәрі құрлықта алпауыт лигалардың ішінде жалғыз Италия бірін­шілігі тартысымен көз тар­тып тұрған жайы бар. 

Жекпе-жек • 24 Сәуір, 2018

Дзюдодан жастар арасында Азия кубогы өтті

Алматыдағы «Халық арена» спорт кешенінде дзюдодан көрнекті қоғам қайраткері, спорт жанашыры, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Бекет Махмұтовтың жүлдесі үшін жастар арасында Азия кубогы жолындағы жарыс өтті. 

Қазақстан • 24 Сәуір, 2018

Қазақ боксының дарабозы – Нұржан Сманов

Олимптің ал­тынына бір адам лайық болса, ол – Нұржан Сманов еді. Бұйырмапты. Бір кездері бү­гінгі қазақ серкелерінің екі аяғын бір етікке тығып жіберген жампоз мемлекеттік қызметті қойып, өз кәсібімен айналысып жүр. Бокстан кейін де әділетсіздікті көп көрді. Ешкімге шағынуды білмейтін арда азамат атын ақтап алғанымен, «батыраштардың» тірлігі жүрегінде шемен болып қатқаны анық. Ол – қазақ боксының дарабозы еді-ау.

Қазақстан • 24 Сәуір, 2018

Роза МҰҚАНОВА. Әке... (Эссе)

Әкемнің  ата қонысқа деген, туған жерге деген ұлы сағынышын жиі еститінмін. Жат­ елдің қолында қалып кеткен ата қонысын өмір бақи  айтып өтті. Әкей туған жерінің әр тасын жатқа білетін. «Жауды жалғыз қалдыру, ру­хани жүдету» сияқты не түрлі зұлым­дық әдістерге жетік қытай саясаты Шыңжаңда бас көтеретін зиялы қауымды, әсіресе қазақ халқының әрқашан рухани көсемі ақын-жазушыларды «жергілікті ұлтшыл» деген желеумен топырлатып түрмеге тығып жатқан кез.

Әлем • 24 Сәуір, 2018

Ресейде күрделі оталар жасады

«UMC» корпоративтік қорының Онколо­гия және трансплантология ұлттық ғылы­ми орталығының интервенциялық рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Вик­тор Землянский Ресейге барып, қол­қа аневризмасын қалпына келтірудің кі­ші инвазивті әдістерін қолдана отырып, оталар жасап­ қайтты. Бұл оталар Бірін­­ші Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық универ­ситетінің және Қа­зан федералдық университетінің клиникаларында жасалды. 

Қазақстан • 24 Сәуір, 2018

Науқасқа – құлық, дәрігерге білік жетіспейді

Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі есебіне қарағанда, Қазақстан 2017 жылы туберкулездің таралуы бойынша 138 елдің арасында 90-орынға тұрақтаған. Сөйтіп одан бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 деңгейге төмендеген. Ақмола облысында да туберкулез ауруы бар науқастар саны 30 пайызға азайған. Алайда елімізде аталған ауруға қатысты мәселе әлі де күрделі күйінде. 2017 жылы өңірде 478 белсенді туберкулез науқастарының анықталуы соның дәлелі. 

Қазақстан • 24 Сәуір, 2018

Құрт ауруын құртамыз десек...

Еліміздегі  Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының қыз­меткерлері Атырау облысының тұрғындары арасында туберкулез аурушаң­дығына мониторинг жүргізді. Кеселі көп құрт ауруы жергілікті атқарушы органдардың, жалпы жұртшылықтың алаңдаушылығын туғызып отыр. Ай­мақта 1003 адам туберкулезге қарсы күрес диспансерінде тіркелген. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев осы мәселе қаралған мәжіліске қатысып, дерттің дендеп кетпеуі үшін алдын алу шаралары жеткілікті дәрежеде жүргізілуі тиіс екенін атап айтты. Жиналысқа Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов шақырылды. Оның айтуынша, қазір Қазақстандағы туберкулезге қарсы күрес қызметі жаңа технологиялар арқылы өзгеру сатысында. Соның нәтижесінде республикадағы стационарлар саны 89-дан 40-қа қысқарған. 

Қазақстан • 24 Сәуір, 2018

Бедеулік – болашаққа қатер

XVIII-XX ғасырлар қазақтың басына қара бұлт төнген кезең деп айтсақ қателеспейміз. XVII-XVIII ғасырлардағы жоңғар шап­қыншылығы кезінде қа­зақ халқының жартысына жуы­ғы баудай түсіп, қынадай қы­рылғанына тарих куә. Араға ға­сыр тастап, ақ патша тақтан құ­лап, Кеңес өкіметі дүниеге келген жылдары қазақтың саны қайта селдіреді. 

Аймақтар • 24 Сәуір, 2018

Атырауда аймақтық кітапханашылар форумы өтті

Кітапханашы – жай ғана кітапханаға келгендерге қызмет көрсетуші емес. Ол – парасаттың шырақшысы. Ой-өрісі кең, білім қазынасын мол жиған жан ғана руханият ордасына тұрақтап қалады. Көркем әдебиет арқылы қоғамдық сананы қалыптастыруға болады.  Бұл ретте кітапханашыларға артылатын міндеттің жүгі ауыр. Атырауда өткен «Кітапханадан – ағарту орталықтарына: жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» республикалық форумында кітапхана ісін кемелдендіру жайы айтылды.

Қазақстан • 24 Сәуір, 2018

Тіл ғылымының негіздеріне жаңаша көзқарас қажет

Тіл білімі ғылымының аса ма­ңызды саласы – жалпы тіл білімі. Мұнда негі­зінен, тілдің философиялық мә­селелері қарастырылады. Тіл және ойлау, яки тілдің пайда болуы, тіл­дік сана, тілдік таңба т.б. күр­делі лингвистикалық және философиялық ұғымдар толық және жүйелі түрде түсінілмейінше жал­пы тілдік құбылыстың да, жекелеген тілдердің де жаратылыс та­биғатын, қызмет ету стихиясын дұ­рыс, жүйелі тану мүмкін емес. Дегенмен қазіргі жағдайдағы жалпы тіл білімі ғылымында аталған мә­селелердің бәрі дерлік тұйыққа тіреліп тұр. 

Яндекс.Метрика