Аймақтар • 23 Сәуір, 2018
Қызылорда облысындағы кәсіпкерлер палатасының мамандары дихандарға тегін кеңес береді
Қызылордада күріш өсірумен айналысатын шаруашылықтарға арналған «Тыңайтқыштарды тиімді пайдалану және күріш өнімділігін арттыру» тақырыбында семинар өтті.
Әлем • 23 Сәуір, 2018
Солтүстік Корея ядролық сынақтарды тоқтататын болды
Әлемдік БАҚ Солтүстік Кореяның ядролық сынақтар мен баллистикалық зымырандар ұшыруды тоқтату жөніндегі мәлімдемесін жарыса жариялауда. Бұл оқиға жаһандағы қауіпсіздік мәселесін қарумен емес, қашанда келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешуге үндеп, осы жолда араағайындық жасап келе жатқан Қазақстан жолының бірегейлігіне тағы бір мәрте дәлел болып отыр. Биылғы қаңтар айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Солтүстік Кореяны Қазақстанның жолымен жүруге шақырғаны белгілі. «Қазақстанның ядролық қарусыз жолы өзге елдерге үлгі әрі тәжірибе тұрғысынан көмек болар еді. Біз тәуелсіз ел болып, мемлекетімізді нығайттық. Осы ретте Солтүстік Корея басшылығын біздің жолымызбен жүруге шақырамыз», деген-ді Президент.
Өнер • 23 Сәуір, 2018
«Алтын микрофонның» гран-приі Болгарияға кетті
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қостанайда өткен «Алтын микрофон» халықаралық балалар ән байқауында өзінің бағын сынағандардың саны 70-тен асып жығылды.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2018
Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды
Бүгін Тараз қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің қатысуымен актив жиыны өтті. Облыс басшысы қала активіне Тараз қаласының әкімі болып Ғалымжан Әбдірайымовтың тағайындалғанын жеткізіп, көне шаһардың жаңа басшысын таныстырды. Сондай-ақ, күн санап сәулеті артып келе жатқан Тараз қаласының жаңа әкіміне Асқар Исабекұлы бірқатар міндеттер жүктеді.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2018
Жақында Қызылордада алғашқы өңірлік IT-парк жұмысын бастайды.
Парламент • 23 Сәуір, 2018
Добын ауылының тұрғындары тасқын судың астында қалуы мүмкін
Осы жылдың 29 наурызы мен 6 сәуірі аралығында Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары аясында мен Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткіздім.
Парламент • 23 Сәуір, 2018
Көпір құрылысына қосымша қаржы қажет
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің (2013 жылғы 11 қазандағы 01-7.14 хаттамасымен) Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына Атырау облысының Махамбет және Индер аудандарына қарасты Жайық өзенінің үстінен көпір құрылысын салу жобасы енгізілген.
Парламент • 23 Сәуір, 2018
Лифтілер қызметі қатаң бақылануы тиіс
Лифтінің техникалық жағдайын бақылауға қатысты салғырттық жақында Ақтөбе қаласында қайғылы оқиғаға себеп болғаны белгілі.
Парламент • 23 Сәуір, 2018
Қалдықтарды кәдеге жарату – ауқымды міндет
Біз, яғни Сенаттың бір топ депутаты Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған сауалымызда мына төмендегі мәселелерге ыждаһаттылықпен қараудың қажеттілігін назарға алдық.
Өнер • 23 Сәуір, 2018
Астана қаласындағы Ұлттық музей шығармашылық адамдардың еңбегін насихаттауға бағытталған «Қазақстан заманауи өнері тарихындағы тұлғалар» жобасы аясында «Еркіндік» қорымен бірлесіп, белгілі өнер қайраткері, танымал мүсінші Еркін Мергеновтің туындыларына арнап «Еркін Мергенов. Уақытты сезіну» атты көрме ұйымдастырды.