Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Әлем • 23 Сәуір, 2018

Аймақ тыныштығы – әлем тыныштығының кепілі

Бірнеше жылдан бері мүдделер қақтығысы мен қанды соғыстың ошағына айналған Сирия төңірегіндегі текетірестер өткен аптада әлем жұртшылығының назарын айрықша аударғаны белгілі. Бұл мәселе жақында Сауд Арабиясының Дахран қаласында өткен Араб елдері лигасы саммитінің негізгі тақырыптарының бірі ретінде талқыланды. АҚШ пен одақтас­тарының соққысын Сауд Арабиясы, БАӘ сияқты елдер қолдаса, Алжир, Ливан және Ирак бұл шабуылды құп көрмей­тінін білдірді. Сонымен қатар кезде­судің күн тәртібіндегі мәсе­ле­нің тағы бірі – Палестина мәсе­лесі, Йемендегі дағдарыс болды.

Бағдарламалар • 23 Сәуір, 2018

Жолдауды іске асырудың ілкімді жолы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған бес әлеуметтік бастамасы атап көрсетілген Үндеу қазақстан­дықтарды бір серпілтіп тастаған болатын. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында атап көрсетілген міндеттерді орындауда бұл Үндеудің алатын орны ерекше деп ойлаймын.

Қазақстан • 23 Сәуір, 2018

Ғылым нарыққа бейімделуі тиіс

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді» деген болатын.

Бизнес • 23 Сәуір, 2018

Болат Палымбетов: «Халықтың кәсіпкерлікпен шұғылдануға құлшынысы күшті»

Шағын және орта бизнесті дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Елбасы еліміздің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін болашақта кем дегенде 50%-ға жеткізу туралы нақты міндеттер қойды. Осы орайда елдегі кәсіпкерліктің жалпы жай-күйі жайында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовпен әңгімелескен едік.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2018

Ажалдан аман алып қалды

Наурыз мерекесін өткізіп, ауыл жұртшылығы күнделікті күйбең тірлігіне алаңсыз кірісіп кеткен 24 наурызда Мақтаарал ауданына қарасты ауылдардың бірінде ойламаған жерден елді дүрліктірген оқиға болды.

Қазақстан • 23 Сәуір, 2018

Қандастар көшіне қарқын береді

Апта басында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан Ре­спу­бликасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыс­пен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өз­геріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қой­ды. Елбасы өткен жылы Дүниежүзі қазақтарының V құрыл­тайында «Елім, жерім деп еміренген әрбір қазаққа Қазақстанның есігі әрқашан айқара ашық. Ешкімге шектеу жоқ. Біз көшіп келетін ағайынға жол сілтеуді тұрғылықты жері­нен бастауымыз керек» деген болатын. Осыған орай, атал­ған құжат атажұртқа оралған және оралатын қандас­тары­­мыз­дың бірқатар мәселелерінің оң шешілуіне ықпал етпек.

Парламент • 23 Сәуір, 2018

Дания Еспаева: Депутаттық сауалға толық жауап күтеміз

«Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттық фракциясы 2016 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұқтаждықтары үшін қажет заттай мүлікті жеткізу барысында орын алған бәсекелестікті заңсыз шектеу фактілері туралы Ұлттық экономика министрлігіне (ҰЭМ) арнайы депутаттық сауал жолдаған еді.

Қазақстан • 23 Сәуір, 2018

Мектептегі балалар тағамына көңіл бөлініп жүр ме?

Балалардың денсаулығы мектептегі тамақтан басталатыны бірінші рет айтылып отырған жоқ. Келешегін ойлайтын елдердің қайсысы болса да бұл жайтқа жүрдім-бардым қарамайды. Мемлекеттік, ұлттық деңгейдегі стратегиялық бағдарламалары бар. Осы мәселеге орай мамандар Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, кезекті рет ұсыныстарын қоғам талқысына салды.

Президент • 23 Сәуір, 2018

Тұтастық пен тұрақтылықтың тұғыры

Қазақстан алып бәй­терек секілді. Оның саясын­да 100-ден аса ұлт өкілі пана тауып, өсіп-өр­кен­деп, өрісін кеңейтіп отыр. Бақытын қазақ то­пы­рағынан тапқан сол эт­нос­тар бүгінде Қазақ­стан халқы Ассамблеясы туы­ның астында бiрiк­кен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылы дүниеге келген бұл қоғамдық инс­титут ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде бей­біт қо­ғамның бөлінбес бөл­шегіне айналып үлгерді.

Қазақстан • 23 Сәуір, 2018

Әскери әріптестіктің болашағы зор

Астана қаласына жұмыс сапарымен Ресей Федерациясы ұлттық ұланы әскері федералды қызметі директорының – РФ ұлттық ұланы әскері бас қолбасшысының орынбасары генерал-полковник Сергей Захаркин бастаған делегация келді.

Яндекс.Метрика