Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қазақстан • 20 Сәуір, 2018

Атырауда Ханбибі Есенқарақызының жыр кеші өтті

Махаббат мен парасатты қос өрімді бұрымдай қатар жырға қосқан ақын Ханбибі Есенқарақызының есімі қазақ еліне етене таныс. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен ақын Ханбибі Жайық жағасына келіп, жыр кешін өткізді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбек жүргізген шығармашылық кеш мәнді де мағыналы болды.

Қазақстан • 20 Сәуір, 2018

Еңбегі елеулі Қасымбек Медиев

Саналы ғұмырында сындарлы сырбаз тұлға­сы­мен, көркем мінез, кең дү­ние­танымы, биік мә­де­ни­ет ті­легімен, терең де жан-жақ­ты білімімен, хал­қы­на сі­ңірген ерен еңбегімен жұ­рт қадіріне бөленіп, артын­да ғи­братты тағылым, өне­ге­лі із қалдыратын негізі тек­ті, бейнесі бекзат, ру­хы асқақ, ары кіршіксіз, кө­ңіл­і пәк дегдарлар болады. Оларды ел «асылдың сы­нығы» деп ұрпақтарына үл­гі етіп, көзкөргендер ел­ге өл­генше ұлағатын қас­тер­леп сүйсіне естеріне ала­ды. Адам тіршілігінің ма­ғына-мә­нділігі де, бағы мен ба­қы­ты да, арманының ба­ян­дылығы да осында.

Қазақстан • 20 Сәуір, 2018

Әлемнің ең керемет 100 елін аралағысы келетін ақтөбелік жиһанкез

Армандағанның, алға асқақ мақсаттар қойғанның ешқандай айыбы жоқ. Осы орайда ақтөбелік жиһангез Данат Әлиевтің Марсқа ұшу мүмкіндігін іздестіріп жүргенін де түсіністікпен қарауға болады. Ол ең алдымен әлемнің ең керемет 100 еліне барып аралап көруді мақсат еткен болса, қазіргі күні бұл жоспарының денін іске асырып үлгерді. 

Қазақстан • 20 Сәуір, 2018

Жа­қыпбек Алтаев - санаткер

Хәкім Абай «Адамның адамшылығы – ақыл, ғы­лым, жақсы ата, жақ­сы ана, жақсы құр­бы, жақсы ұстаздан болады» деген өзінің фи­ло­со­фиясындағы адам мә­се­лесіне қатысты ойын сабақтай келе «Адам бол» деп түйіндейді. Де­­мек адамның «адам болуы­на» ықпал ететін ата-ана тәрбиесінен өз­ге ұстаздың ұлағаты, бер­ген білімі болса керек.  

Жекпе-жек • 20 Сәуір, 2018

Алдағы екі аптада «Алаш прайд» клубының төрт мүшесі жекпе-жекке шығады

Алдағы екі апта ережесіз жекпе-жек өнерін серік еткен саңлақтар үшін алапат айқасқа толы болмақ. Атап айтсақ, 21 сәуір мен 5 мамыр аралығында Қазақстанда іргетасы қаланған «Алаш прайд» клубының төрт бірдей белді мүшесі жекпе-жекке шығады.  

Медицина • 20 Сәуір, 2018

Еңбек қауіпсіздігіне – ерекше назар

Елімізде өндірістік жарақат алу көрсеткіші жыл сайын азайып келеді. Десек те, 2018 жылдың алғашқы үш айында 46 адам көз жұмған. Жыл басынан бері  317 адам өндірістік жарақат алған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасовтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында осы мәселелер кеңінен талқыланды. 

Хоккей • 20 Сәуір, 2018

Хоккейден Қазақстан құрамасы жоғары топқа жолдама алуға қауқарлы ма?

22-28 сәуір аралығында Венгрияның астанасы Будапешт қаласында хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Оған А тобының І дивизионына түсіп қалған Қазақстан құрамасы да қатысады.

Қазақстан • 20 Сәуір, 2018

«Асауға құрық салу» Һәм еркіндікті аңсау

Ақбозат... Аспанмен таласқан асқар шың. Самал ескен сары күзді құшағына алған салқар сары дала. Сәтті таңдалған тәтті бояулар. Көлеңке. Сағым. Көңіліңді иіріп әкететін таңғажайып өнер туындысына телміріп отырып терең ойдың құшағына қамаласың. Картинадан Кенбаев кенебіндегі кең даланың кемерленген кескінін ғана емес, кеңдігін, саф өнердің мөлдірін, қазақ баласының өрлігін көресің. 

Аймақтар • 20 Сәуір, 2018

Сәтбаев қаласында 45 балаға 50 мың теңгеден табыс етілді

Сәтбаев қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы қарсаңында ерекше қажеттіліктері бар 45 балаға көмек көрсету мақсатында «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық акциясы өтті. Аталған игі шара Сәтбаев қаласының 45 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналды.

Яндекс.Метрика