Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Аймақтар • 17 Сәуір, 2018

Мәдени мұрасы мол Маңғыстау. Өңірде зерттеу жүргізетін археологтер жетіспейді

Маңғыстаудың арғы тарихы – мыңжылдықтар иірімі өз жұмбағын ішіне бүккен сыр сандық. Жазу болып хатталмаған тылсымға толы сол көмбені ашу – археология ғылымының, аңыз-деректерді сөйлету мен мифологиялық зерттеу-зерде­леудің міндеті. «Ашық аспан астындағы мұражай» атанған өлке бірінің шамасы келмеген тұсты екіншісі, үшіншісі толықтырып, кешенді-тұтас зерттеу жұмыстарын жүргізуге сұранып жатыр. 

Аймақтар • 17 Сәуір, 2018

Құрылыс қарқынды, бірақ сапа қандай?

Қостанайда да тұрғын үй құрылысының қарқыны жаман емес. Өткен жылы үйді пайдалануға беру жөнінен облыс республикада үшінші орын алды. Жыл бойына 2164 пәтер және 482 дербес үйлер салынды, олар­дың барлық көлемі 264,7 мың шаршы метрді құрады. Алдыңғы жылмен салыстыр­ғанда бұл 135,9 пайыз болған. Қоныс тойлар тойланып, қан­шама отбасы қуанышқа кенелді.

Қазақстан • 17 Сәуір, 2018

Цифрлы хабар тарату басталады. Қала мен ауыл арасындағы ақпараттық алшақтық азаймақ

Қала мен ауыл арасындағы ақпараттық алшақтық азайып, енді еліміздегі шалғай елді мекен тұрғындары телеарна хабарларын жоғары сапамен көре бастайды. Сонымен қатар ауылдықтар бұрынғыдай 3-4 арна емес, 15 арнаға абоненттік өтемақысыз қол жеткізбек. Бұл жұмыс телерадио хабарларын таратуды цифрлы жүйеге көшірудің арқасында жүзеге асырылмақшы.

ЭКСПО-2017 • 16 Сәуір, 2018

ЭКСПО нысандары тиімді пайдаланылады

БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған пресс-турда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Владимир Лютов журналистерді көрме нысандарының қайта құрастыру жөніндегі ауқымды жұмыстарымен, сондай-ақ, Ұлттық компанияның ЭКСПО-2017 мұрасын дамытудағы басты міндеттерімен таныстырды.

Қазақстан • 16 Сәуір, 2018

Илон Маск: студенттік шақ, алғашқы стартаптар (жалғасы)

Илон 1988 жылы Оңтүстік Африкадан Канадаға келген соң шешесі мекен-жайын жазып берген нағашыларын іздейді. Бірақ олар Миннесотаға көшіп кеткен екен. Оның қонатын жері де жоқ еді. Әр жерде жалдамалы жұмыс істеуге көшкен Маск бір жыл бойы көкөніс те өсіреді, астық та жинайды, ағаш тілетін зауытта да еңбек етеді. Жұмыспен қамту мекемесіне жалақысы көптеу жұмыс сұрап жазған өтініші бойынша орналасқан ағаш тілу зауытында қазандық тазалайды. Сағатына 18 доллар төлейтін бұл жұмыста жарты сағат бойы тар туннельде қалса ысқа улану қаупі бар еді. Бастапқыда 30 адам кіріскен жұмыста апта соңында Маск пен тағы екі адам ғана қалды. «Екі қолға бір күрек» деп Канаданы шарлап жүрген кезінде Оңтүстік Африкада қалған шешесі мен бауырлары да Канадаға келу жолдарын ойластырып жатты. Олар келгенде, әсіресе тетелес інісі Кимбалды көргенде ағайындылардың қуанышында шек болған жоқ.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2018

«Kazakhmys Holding» Жезқазған мыс балқыту зауытын 100 пайыз жұмысқа қосады

«Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының өндірістік қуатын 100 пайыз қалпына келтіреді. Бұл туралы бүгін Қазақстан баспасөз клубы хабар таратты.

Парламент • 16 Сәуір, 2018

Сенаторлар кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасын қарады

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Үкімет • 16 Сәуір, 2018

Бақытжан Сағынтаев Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Парламент • 16 Сәуір, 2018

Нұрлан Нығматулин Марокко Корольдігінің елшісімен кездесті

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Марокко Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абделжалил Саубриді қабылдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Таным • 16 Сәуір, 2018

Атырауда батагөйлер байқауы өтті

Бата беру дәстүрін дәріптеу мақсатында Атырауда жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырылады. Биыл бұл үрдіс аймақтық батагөйлер байқауы ретінде жалғасын тапты.

Яндекс.Метрика