Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61075 материал табылды

27 Қаңтар, 2018

Астанада жол апатынан 3 адам қайтыс болды

Елордада 3 адам қаза тапқан жол апаты кеше, 26 қаңтар күні сағат 23:00-дер шамасында тіркелген. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

25 Қаңтар, 2018

«Айдың арғы беті»

Егер елдің есінде болса, 2000 жылы Қазақстан, Ұлыбритания мен АҚШ-тың арнаулы қызметі халықаралық ауқымда ауыр киберқылмыс жасады деп, жер­лестеріміз Олег Зезев пен оның заңгері Игорь Яримакты Лон­донда тұтқындаған болатын. Бұл оқиғаны көзіқарақты оқырман ұмытпаған да болар. Өйткені бұл сол кезде ең атышулы «хакерлік іс» ретінде қаралды.

25 Қаңтар, 2018

Балетмейстердің шеберлік сабағы

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында әлемге танымал француз педагог-балетмейстері Янник Бокуин шеберлік сабағын өткізуде.  

25 Қаңтар, 2018

Сенаторлар білім ордасын аралады

Сенат депутаттары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің жұмысымен танысты. 

25 Қаңтар, 2018

Отандық туындылар көбейіп келеді

Оқырман азайып, көрермен көбейген бүгінгі заманда ғаламшардан іздегеніңді ғаламтордан табу қиындық тудырмайды. Жаһандану дәуірінде жас ұрпақты ұлттық нәрмен сусындатудың өзі үлкен мәселе. Дегенмен телефонға телмірген қазіргі адамдардың назарын телеарнаға бұрғызу үшін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің атқарған жұмыстарынан аттап өтуге болмас. Бұрындары отандық арналардан корей мен үндінің телехикая­лары көп берілгендігі жасырын емес. Осы және өзге де олқылықтардың орны толғанын отандық телетуындылардың көбейгенінен көруге болады. 

25 Қаңтар, 2018

Елбасы кітапханасын архив жүйесіне қосу ұсынылды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста екі заң жобасы мақұлданып, тағы екі заң жобасына қорытынды әзірлеу жөнінде шешім қабылданды.

25 Қаңтар, 2018

Сары ауруға салғырт қарауға болмайды

Орталық коммуникациялар қыз­­ме­тін­де Денсаулық сақтау ми­ни­стрлігінің Қоғамдық ден­сау­лық сақ­тау комитетінің төра­ға­сы Жан­дарбек Бекшиннің қа­ты­су­ы­мен баспасөз мәслихаты болды.  

25 Қаңтар, 2018

Балет мектебіне арнайы ғимарат қажет

Қазақстандағы үздік балет мектебінің бірі саналатын Семейдегі арнайы мамандандырылған балет мектебі жалға алынған ғимаратта дайындалуға мәжбүр. Балет мектебінің жұмыс істеп келе жатқанына – 25 жыл. 180 орынға арналған мектеп ғимараттың тарлығынан 40 оқушыны ғана қабылдауда. Бірінші қабатта орналасқан балет мектебі барлық балаға тиісті мөлшерлемені толық орындау үшін таңның атысы, кештің батысы тығыз кестемен жұмыс істеп келеді. Тіпті мұнда демалыс күндері де тыным жоқ. Десек те, хореографиялық өнер әркімді болсын тартады. Тек қала балалары ғана емес, алыс ауылдардағы өрендер де осы өнерді үйренгісі келеді. 

21 Қаңтар, 2018

Кабулдегі террорлық шабуылда 18 адам қаза тапты, соның біреуі Қазақстан азаматы

Бүгін, Ауғанстан астанасы Кабулдегі Интерконтиненталь қонақүйінде террорлық шабуыл болып, 14 шетел азаматы және төрт  Ауғанстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды BBC.