Аймақтар • 06 Сәуір, 2018
ШҚО: Ертістің суы бесқарағайлықтарды әбігерге салды
Ертістің суы Семей-Долонь жолының 32 шақырымына жайылып, жол жабылған. Соның салдарынан Бесқарағай ауданына қарасты Бірлік ауылынан 18 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.
Әлем • 06 Сәуір, 2018
Саяси дүрдараздық – қауіпсіздікке төнген қатер
Соңғы аптада Таяу Шығыстағы жағдай тағы да шиеленісе түсті. Израиль әскері шеруге шыққан палестиналықтарға оқ жаудырып, соның салдарынан 16 адам қаза тапты. Осыдан кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған еврей сарбаздарының бұл әрекетін әрекетін айыптады. Бұл мәселеде Израйль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху де қарап қалмай, жауабын айтты. Бұдан сәл бұрын Түркия мен Франция арасынан да қара мысық жүгіріп өткен еді...
Өнер • 06 Сәуір, 2018
Қызылордада Батырхан Шөкенов атындағы республикалық әншілер байқауы өтеді
Мамырдың 16-18 күндері аралығында Қызылорда қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған «Отан-Ана»ІІ республикалық әншілер байқауы ұйымдастырылмақ. Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 200 жылдығына тұспа тұс келген бұл жарысты Қызылорда облысы әкімдігі қолдап отыр.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2018
Оңтүстікте айына 350 тонна өнім шығаруға қауқарлы кәсіпорынға шикізат қажет
Оңтүстік Қазақстан облысында қағаз қалдықтарынан картон шығаратын кәсіпорын жұмысы жандана түсуде. Алайда кәсіпорын тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін қағаз қалдықтары, яғни макулатура қажет.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2018
Солтүстік Қазақстан облысында құрылыс индустриясы жанданып келеді
«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы қабылданғалы өңірде құрылыс индустриясының кең қанат жая бастағанын байқау қиын емес. Былтыр бұл салаға 64,5 миллиард теңге жұмсалып, 200,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 1463 отбасы жайлы пәтерлерге қоныстанды. Биыл 69,5 миллиард теңге бөлініп, 229 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.
Қазақстан • 06 Сәуір, 2018
Мұнай-газ қорын толықтыру – геологтер үшін маңызды міндет
Сәуірдің алғашқы жексенбісі – геологтердің кәсіби мерекесі. Бұл орайда мұнайлы Маңғыстау өңіріндегі «Кендірлі» демалыс аймағында «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ компаниялар тобы геологтерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Медицина • 06 Сәуір, 2018
Баяғыда, бала күнімізде анамыз оттан шыққан ып-ыстық таба нанды иісін бұрқыратып алып, сөреге қоя бергенде, қаладан келген әпкесі Қоңырша: «Әй, Ұлдай, әкелші анау наныңды! Тезекке піскен таба нанды ыстықтай жеген керемет қой! «Сібежій» нан жемей, қатырып қоятындарың-ай, түге!» деп әзілі-шыны рас ұрысқаны есімде қалыпты.
Білім • 06 Сәуір, 2018
NIS-Programme оқу бағдарламасы халықаралық GCE A-Level деңгейімен тең деп танылды
Британиялық беделді орган UK NARIC (National Recognition Information Centre) – Ұлыбританияның білім куәлігін тану жөніндегі ұлттық ақпарат орталығы Назарбаев зияткерлік мектептерінің NIS-Programme оқу бағдарламасын халықаралық General Certificate of Education A-Level (GCE A-Level) деңгейімен тең деп мойындады.
Медицина • 06 Сәуір, 2018
Балалық шағымыз Екінші дүниежүзілік соғыстың сұрапыл жылдарымен тұстас келді. Ол бір қиын кезең еді ғой. Қарағайлы орманның қолтығына орналасқан біздің ел бәлендей ашыға қоймады. Орыс поселкелерімен қарым-қатынас жасап, қайта соларға қайың мен қарағайын апарып, көбіне картопқа айырбастап талғажау қылатын-ды. Қыста әкеміз Қостанай қаласына (60 шақырым араға бір қонып) отын, шөп, қол диірменге тартқан бірер пұт ұнын, жемі мен кебегін сатып, отбасына қажетті арзанқол киім-кешек, қант-шайын сатып әкелетін.