Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қазақстан • 06 Сәуір, 2018

Дулат Исабеков. Құнарлы тілімізді қолдан шұбарламайық

Атам қазақ атамзаманнан бері өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтын талай-талай саңылаусыздарды көре-көре күйінгеннен осындай қарғыспен үндес мақал шығарған болуы керек. Қазақ журналистикасында, әсіресе, тележурналистеріміздің арасында тіл білмеушілік, идиомдық сөздер мен ғасырлар бойы қалыптасқан фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдерді бұзып-жарып айтатын жас­тар көбейіп бара жатыр. 

Қазақстан • 06 Сәуір, 2018

Бастамалардағы басымдық

Елбасымыз Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті палата­лары­ның біріккен отырысында бес бастаманы алға тартты. Аталмыш бес бастаманың бар­лығы да қарапайым халыққа яғни әлеу­меттік салаға бағытталған. 

Қазақстан • 06 Сәуір, 2018

Қосымша 20 мың грант қайда бөлінбек?

Жуырда 2018 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы мақұлданған Үкімет отырысында еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы негізіндегі іс-шараларды іске асыруға қажетті қаржы көлемін бағыттауды ұсынды. Яғни, осы аяда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін білім беру тапсырысын 20 мың грантқа ұлғайтуға 5 миллиард теңге бөлінбек. Бұл заң жобасы Үкімет басшысының тапсырмасымен Парламент қарауына енгізілді.

Қазақстан • 06 Сәуір, 2018

Адам ресурсына үлес

Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі халық тарапынан екпінді қолдау тауып жатқаны белгілі. 

Президент • 06 Сәуір, 2018

Астананың мерекесі – елдің қуанышы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын одан әрі дамытуға арналған мәжіліске қатысты. Жиында Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар беріп, елорданың 20 жылдық мерейтойына тыңғылықты дайындалу қажет екенін ескертті.

Қазақстан • 06 Сәуір, 2018

Астанада сәулетшілер мен дизайнерлер сайысына арналған баспасөз конференциясы өтті

Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласы­ның 20 жылдығына орай 9 тұрғын үй кешенінің кел­бетін дамытуға арналған сәулетшілер мен дизайнерлер сайысына арналған баспасөз конференциясы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған мамандар Астана мен Алматы қалаларындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің аула кеңістігін жетілдіріп, сәулет ансамблінің дамуына өз үлесін қосуға ынталандыратын BI Art Debut байқауына қатысуға шақырылады. 

06 Сәуір, 2018

«Көш­басшы әйелдер қоры» респуб­ликалық конференция ұйымдастырды

Жас ұрпақтың болашақта тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы ең алдымен отбасылық тәрбиеден бастау алатынын әр ата-ана қаперінде ұстауы керек. Зерттеу бо­йын­ша жасөспірімдер арасындағы өз өміріне қол салу жағ­дай­лары көбіне-көп отбасылық кикілжіңнен соң орын алатыны анықталған. Бұл туралы Алматыда USAID және Орталық Азия Еуразиялық қорының қолдауымен «Көш­басшы әйелдер қоры» ұйымдастырған «Отбасы – бала амандығының факторы ретінде» деп аталған респуб­ликалық конференцияда кеңінен айтылды.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2018

Күн энергиясы терезеңізден күліп тұр

Журналистік іссапармен әлемнің бірқатар мемлекеттерінде болдық. Біз жасыл энергия деп таңдай қағып, таңданып жүрген керемет­тер ол елдерде әлдеқашан қолданысқа түс­кен. 

Бизнес • 05 Сәуір, 2018

Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі жоғары

Елімізде Үкімет тарапынан «үшінші сектордың» бастамаларын қолдауға айтарлықтай назар аударылып келеді. Азаматтық қоғамның мүшелері саналатын үкіметтік емес ұйымдар, биылғы жылы да мемлекеттік гранттарға қатысып, бақтарын сынап, біліктіліктерін арттыруға ниетті. Ұсынылған жобаларға қоғам қайраткерлері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған арнайы комиссия баға беріп, жылдың грант иелерін анықтайды.

Бизнес • 05 Сәуір, 2018

Шағын несиенің шарапаты мол

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында шағын несие беруді көбейту бастамасы ауыл тұрғындары үшін ерекше қуаныш екені белгілі. Өйткені Қазақстан халқының негізгі бөлігі қаладан шалғай елді мекендерде тұрады. Ал оларды жаппай бизнеске тарту әлеуметтік-экономикалық саланың дамуына өлшеусіз үлес қосары анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа арнаған Үндеуінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың ерекшелігіне тоқталып, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен және жұмыссыз азаматтар арасында жеңілдігі бар шағын несие ұсыну ең тиімді механизм екенін атап өткен болатын.

Яндекс.Метрика