Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қазақстан • 21 Наурыз, 2018

Лисаков қаласында «Бәйтерек» орнатылды

Лисаков қаласының орталығында 15 метрлік Бәйтерек    орнатылды. Оның құрылымын жасап шығаруға мамандар бес ай уақыт жұмсады. Кіші «Бәйтеректі» дайындауға жергілікті «СпецСтальКонструкция» және «ЭксклюзивСтрой»  кәсіпорындары демеушілік жасап, әрі өздері монументті жасап шығарды. 

Аймақтар • 21 Наурыз, 2018

Семейде Мейірім үйіндегі қарияларға наурыз көже таратылды                 

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейірімділік пен үлкенді сыйлаудың, қайырымдылықтың мерекесі. Семейдегі іскер әйелдер қауымдастығы, «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымдары барлығы ұжым болып, №2 арнайы әлеуеметтік көмек көрсету орталығына ыстық бауырсақтар пісіріп әкелді. 

Қазақстан • 21 Наурыз, 2018

Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры мен Санкт-Петербург Мемлекеттік Университеті меморандумға қол қойды

Санкт – Петербург қаласында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры және Санкт-Петербург Мемлекеттік Университеті арасында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас Консулдықтың қолдауымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тарих • 21 Наурыз, 2018

Сақ ханзадасының сүйегі қайда сақталған?

Жарты ғасырдай бұрын Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» – қазақты әлемге әйгілеген құнды жәдігер еді. Құпиясын ішке бүккен кәрі тарих қайта жаңғырды. Сол арқылы ұлы даламызда үлкен өркениеттің салтанат құрғаны дәлелденді. Ата-бабамызды таныдық. Бойымызды мақтаныш сезімі кернеді. «Алтын адам» – егеменді еліміздің ұлттық символдарының бірі. Оның мүсіні Тәуелсіздік монументінің ұшар басында асқақтап тұр. Алайда сол асыл бабамыздың сүйегі әлі күнге дейін жерленген жоқ дегенге сенесіз бе?!

Өнер • 21 Наурыз, 2018

«Ақсақ құланды» асқақтатқан Қамбар күйші

Күй – «жағдай» деген мағынаны анық­т­айтын сөз. Анығын айт­қанда, адамның өмірде кез­де­се­тін әлеуметтік және психо-эмо­ци­оналдық жағдайын өмір сүр­ген ортасына музыкалық әуенмен бейнелеп жеткізу. Біздің бақытымызға орай сонау ХIII ғасырдағы Жошы хан дәуірінен бүгінгі біздің тәуелсіз заманымызға мұра болып жеткен күйлердің атасы – «Ақсақ құлан». Осы күйдің бүгінгі күнге қалай жетіп, кім жеткізгенін біреу білсе, біреу білмейді.

Өнер • 21 Наурыз, 2018

Жаһандық мәдениет жауһарлары: Джоконда жұмбағы

Суретшілік десек, өмірге деген филосо­фия­лық көзқарастары өзгеше, тіпті өздеріне ғана тән асқан білімдарлық, басқаша айтқанда, белгілі бір дәуірлерді бір ғана суретші таланты түйіндейтін, не болмаса соның кескіндеген жалғыз ғана картинасымен байланысты феномен ойымызға оралып, пайым парасатымызды парақтап һәм парықтап аламыз. Адамзат дүниетанымындағы қоршаған әлемнің объек­тив­ті шындығы да сол тұлғалардың танымына байланысты түсіндіріліп, олардың өмір өрнектері мен шығармашылық шабытынан Құдайға сену, жанның өлмейтіндігі хақындағы абсолютті шындық, түрлі ғы­лы­ми көзқарас, саяси қа­ра­ма-қайшылық, бәрін-бә­рін өрістетуге болатындай. Бұл тұр­­ғыда италиялық атақты су­рет­ші, теңдессіз талант Лео­нардо да Винчи құбылысын айналып өте алмас едік. 

Қазақстан • 21 Наурыз, 2018

Әйгілі Наурызбаевтан дәріс алған Тілеуберді Мелдешұлы

Жақында танымал мүсіншімен таныстым. Бірден аңғарғаным – тұла бойынан даланың иісі аңқып тұрды. «Самалы селеу тербетіп, жусаны жұпар боратқан, тарлауы жылқы бақтырып, тайлағы теңін қомдатқан, ежелгінің сорабын, бұрынғының бодауын, қазіргінің қалауын білетін жанға ұқсайды». Мына шумақтар тасқа тіл бітірген мүсінші Тілеуберді Бинашевті алғаш көргенде көкейіме орала кеткен шұбыртпалы тіркестер ғой...

Әдебиет • 21 Наурыз, 2018

Айтыскерлер айтқан екен...

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,  Өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, қазақтың өлеңі тек ойын-сауықтың ғана емес, өмір философиясының да көркем көрінісі. 

Өнер • 21 Наурыз, 2018

Әлемдегі он үздік фотографтың қатарындағы қазақ

«Қытайдағы қандасымыз әлемдік 10 үздік фотографтың қатарынан көрініпті» деген қуанышты жаңа­лық­қа елең ете қалдық. Әлеуметтік же­ліде тараған үзік-жұлық ақ­па­рат­тардың анық-қанығын білгіміз ке­ліп, интернеттен із шалып отыр­ған­да көрген-білген, көрші-қолаңы емес, үздік фотографтың тап өзімен «жолығып» қалдық. Сонымен... 

Яндекс.Метрика