• 19 Наурыз, 2018
Қылмыс шынымен көп пе? Жеті жасар баланың тағдырынан кейін туған ой
«Итің жаман десе, өлгенім-ай» дейтін қазақтың біріміз. Жеті жасар балаға қатысты оқиға және оның маңайында өрбіген өткен аптадан бергі дабыра мен дүрлігу бізге көп ой салған еді. Істің ақ-қарасы анықталып, кінәлілер тиісті жазасын алар. Жауапты орындар кемшіліктен қорытынды шығарып, қайталанбауына жұмыс істері және анық. Баланы қорғаштап, әжесін қолдаған қауым әзірге ескере қоймаған мәселелер де зерттеліп-зерделенер. Десек те, осы оқиға, әсіресе жалпы қазақты жамандаса намысы келетін, жүйкесі жұқаратын оңтүстіктің тұрғындарына ауыр тиді. Қанша ауыр болса да шындықтың көзіне тіке қарап үйренуіміз де қажет.
• 19 Наурыз, 2018
Талғат Қалиев: Жастарға мүмкіндік мол
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігіне де байланысты екені сөзсіз. Осы ретте елімізде жастар саясатына қаншалықты көңіл бөлініп отыр? «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиевпен осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбіткен едік.
• 19 Наурыз, 2018
Наурыз күні дүниеге келіп, Наурыз атанғандар
Наурыз айы туғанда, Наурыз мерекесі төрімізге енгенде іңгәләп дүние есігін ашқандар жетерлік. Айталық ықылым замандар мен арғы-бергі ғасырлардан бері аталып, тойланып келген түркі халықтарының ортақ мерекесі – Наурызға кеңестік идеология бұғаулық салғаны белгілі. Оны діни наным-сенімдермен байланыстырып келген кеңестік атеист-ғалымдар да аз емес.
• 19 Наурыз, 2018
Өскеменде «Жандауа» драмасы сахналанды
Өскемендегі облыстық драма театрда «Жандауа» психологиялық драмасы сахналанды. Қойылымға ауылдан қалаға оқуға келіп, нашақорлық дертіне шалдыққан қазақ жігітінің өксікті өмірі өзек етілген.
• 19 Наурыз, 2018
Іріктеу конкурсы заңға сай өткізілді
«Егемен Қазақстан» газетінің 19 ақпанда шыққан «Парламент» бетінде депутат Меруерт Қазбекованың «Ғылымға қиянат емес пе?» атты мақаласы жарияланды. Онда ауылшаруашылық ғылымдарына 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми-зерттеулерге грант бөлу бойынша өткізілген конкурстардағы бұра тартушылықтарға жол берілгені, іріктеу кеңесінің мүшелері өздерінің сапасыз жобаларын алып өткені туралы айтылып, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолданғаны жөнінде жазылған болатын.
Экономика • 19 Наурыз, 2018
Сәкен Қаныбеков: Мақта шаруашылығы айрықша назарды қажет етеді
Мемлекет басшысы 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін экономикалық өсудің жаңа моделін құру міндетін алға қойды.
• 19 Наурыз, 2018
Дәурен Әділбеков: Тәртіп сақшыларының санын арттырған жөн
Ақмола облысының Целиноград ауданында ресми статистика бойынша 70 мыңға жуық тұрғын бар. Алайда облыстық ішкі істер департаментінің дерегі бойынша мұндағы тұрғындар саны 170 мың адамға жеткен.
• 19 Наурыз, 2018
Медицинада түйткілдердің басты себеп – реформалардың дұрыс түсіндірілмеуі
Әр реформа мен мемлекеттік бағдарламалардың табыстылығы оны ұйымдастырушылардың дайындығына, халықтың хабардар болуына және қолдауына байланысты. Өкінішке қарай, бұл тұрғыда барлық шаруа көбінесе өзіміз жариялағандай болмай тұр. Позитивті идеялардың беделін түсіру, жобаларды іске асыру жолындағы кедергілер орындаудың ең алғашқы кезеңінде басталады.
• 19 Наурыз, 2018
Мұрат Бақтиярұлы: Латын әліпбиі барша қазақстандықтарды қамтуы тиіс
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Латын әліпбиіне көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ XXI ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты», деп өз көзқарасын айқын білдірген болатын. Жақында ғана «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің Жарлығы да қолданысқа енгізілді. Біз жазуымызды жаңғырту арқылы ана тіліміз бен қоғамдық санамызды жаңғыртуға зор мүмкіндік алдық.
• 19 Наурыз, 2018
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі әлемдік БАҚ назарында
Астанада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуі әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрініс тапты. Назарларыңызға шетел басылымдарында жарияланған мақалалардың ықшамдалған мазмұнын ұсынамыз.