Кино • 02 Наурыз, 2018
«Қазақфильм» Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер федерациясының мүшесі атанды
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ТМД елдері арасынан бірінші болып Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер федерациясының мүшесі атанды. Киностудияның федерация құрамына кіретіні туралы шешім басқарма мүшелерінің Бейжіңде өткен «Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердің кино саласындағы бірлескен ынтымақтастығы – 2018» атты Х съезінде айтылды.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2018
БҚО-да тасқынның алдын алу мәселесі жіті назарда
Биылғы көктем қалай болады? Ақжайық өңірінде су тасқыны қаупі жоқ па? Батыс Қазақстан облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен мәслихатта осы мәселелер сөз болды.
Медицина • 02 Наурыз, 2018
Мемлекеттен тегін берілетін дәрілер сатылып жатыр...
Елімізде әртүрлі созылмалы сырқаттар бойынша диспансерлік есепте тұрған 2,5 млн адам тегін дәрі алады. Бұл – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде мемлекеттің науқастарға жасап отырған бір қолдауы. Алайда бұл дәрілердің бәрі бірдей иесіне уақтылы жете бермейді. Себебін сұрай қалсаңыз, емдеу мекемелері гәптің бәрі тендерде екенін айтып құтылады. Бұған халық шынымен де сеніп жүрген. Сөйтсек тегін дәріні сатып, науқастың үстінен күн көріп жүргендер де бар екен.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2018
Қостанай облысында оңалту орталықтарына зәрулік мол
Отбасына ауру кірді дегенше әлек кірді дей бер. Халқымыз байлықтың басына денсаулықты қойып, «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» деген жоқ па еді. Әр отбасының бақыты, елдің болашағы саналатын баланың өзін халқымыз денсаулықтың алдына шығармапты.
Әдебиет • 02 Наурыз, 2018
Әдебиет • 02 Наурыз, 2018
Самал Соқпақбаева. Озық тәржіма – қайта жазылған кітап
Аударма өнері шығармашылықтың мейлі ол техникалық, я көркем болсын маңызды бөлігі. Тәржімасыз әлем қалай дамитын еді деген сұрақты қоюдың да керегі жоқ шығар... Өркениеттің бар жетістігін, ғылымның жаңалығын, мәдениет пен техниканың өрісін әлем аудармашылар арқылы біліп, сезініп отыр.
Әдебиет • 02 Наурыз, 2018
Әнуар Тарақ. Көркем сөзге жүйрік аз
Университет қабырғасында аударма ісі мамандығымен білім алып жатқан студенттер қалыпты жүйе болмағаннан кейін, жалпы проза, поэзия, драма жанрларын аудару сабақтары мен синхронды, техникалық аударма пәндерін де оқиды.
Әдебиет • 02 Наурыз, 2018
Оңайгүл Тұржан. Аудармасыз қазақ кітабының қоры азаяды
Иә, шын мәнінде, бар мәселе мағыналық қабаттарда. Мағыналық қабат дегеніміз – астарына сансыз реңкті жасырып, жанып-сөніп құбылып тұрған тілдің сиқыры.
Әдебиет • 02 Наурыз, 2018
Шерхан Талап. Кімді аудару керек? Кімге аударту керек?
«Ақыл ақылдан қуат алады». Осы бір шығыс даналығы түрлі ойға жетелейді. Күллі адамзаттың рухани кемелденуі дәуірлердің бұлқынысында, сусыма уақыт сілкінісінде пайда болған, маңдайы жарқыраған «жалғыздардың» тағдыр-тәлейіне байлаулы.
Қазақстан • 02 Наурыз, 2018
Астананы ардақ тұтқан Кенжеғали Жұмағұлов
Ұлт ұғымын терең түсінетін әрбір адам үшін журналистика мамандығының маңызы зор. Адамның алпыс екі тамыры секілді бұл да жүйелі құрылымнан тұрады, әсіресе рухани құндылықтар беруге пейіл. Осы игіліктері молыққан сайын ұлт болмысы толығып, өзгелерден өзіндік ерекшеліктерімен айқындала түседі. Озық өнер өрге шығып жатса, айналасына ықпал ете бастайды: дәрежесі жоғарылаған сайын өзгелерді де баурап, еріксіз мойындатады. Сондай елді еріксіз мойындатқан, майталман мамандардың бірі Кенже – Кенжеғали Жұмағұлов.