Аймақтар • 28 Ақпан, 2018
Өндірісті технологиялық жаңғырту – өрелі істер бастауы
Еліміздегі мұнайдың 58,5 %-ы Атырау облысында өндіріледі. Теңіз, Қашаған секілді ең ірі мұнай жобалары да осы өңірде. Өткен жылы мұнайдың экспорттық көлемі 70 млн тоннаға жуықтады. Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту, жаңғырту жұмыстары аяқталды. Отын-энергетикалық сектордағы салалардың былтырғы көрсеткіштері рекордтық деңгейге жетті. Бұл – қиын да қызық кәсіп иелері мұнайшылардың адал ақы, маңдай терлерінің жемісі.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
Қазір «inDriver» деген жақсы болды жұртқа. Қалаған таксиіңе қалаған бағаңа отырасың. Қалаған жеріңе апарады.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
Жоңғарлармен жойқын соғыс жүріп жатқан ХVIII ғасырда Бөгенбай батырдың алдына ойраттың тұтқынында болған екі сарбазды алып келіпті.
Медицина • 28 Ақпан, 2018
Шаймардан Нурумов: Біз – біртұтас халықпыз
Алдымызда қазақстандықтардың ең айтулы мерекелерінің бірі – Алғыс айту күні келе жатыр.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
Көрерменін ойға тартқан бояулар
Көркемсурет көрмесіне келгендер қостанайлық белгілі қылқалам шебері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың қылқаламынан шыққан әр шығарманың тұсына ұзақ тоқталады.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
«Қажығалиев апталығы» аяқталды
Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі дегенде, осы үлкен өнер ұжымының биік белестерді бағындыруға өз үлесін қосып, қырық жылдан аса уақыт тынымсыз дирижерлік жасаған КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері Шамғон Қажығалиев бірден еске түседі. Біртуар тұлға мен ұлттық оркестрдің күймен өрілген тағдыры тұтасып кеткендіктен, бөліп-жаруға келмейтін біртұтас құбылысқа айналып кеткен. Ұлттық музыка өнерінде қайталанбас із қалдырған Шамғон Қажығалиевтің 90 жылдығы кең ауқымда аталып өтіп, «Қажығалиев әлемі» атты мерейтой апталығы кеше Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында өткен гала-концертпен түйінделді. Ш.Қажығалиев ұлттық ән-күйіміз бен классикалық шығармаларды насихаттауға өлшеусіз еңбек сіңірді.
Таным • 28 Ақпан, 2018
Петр Климов: Қазақ еліне деген құрметім шексіз
Мен тәуелсіз Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісінде 18 жылдан астам қызмет етіп келемін. Осы жылдар ішінде еліміздегі ынтымақ пен келісімге, татулыққа негізделген саясат әрбір қазақстандықтың берекелі тірлік кешуіне, көздеген мақсатына жетуіне сара жол салып отыр. Сондай азаматтардың бірі – мен еңбегімнің жемісін көріп, бүгінде әріптестеріммен бірге полиция полковнигі шеніне жеткенімді мақтан етемін. Осы орайда атаулы күн қарсаңында туған еліме ризашылығымды білдіремін.
Таным • 28 Ақпан, 2018
Алғыс айту күні – елдіктің ерен мерекесі
Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жылдығын мерекелеу аясында Елбасы этномәдени бірлестіктер өкілдерінің ұсыныстарды қолдап, бұл күнді этностардың бір-біріне және көптеген этностар елге күштеп қоныстандырылған кезде төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін қазақ халқына алғыс білдіре алатын күн деп жариялады.
• 28 Ақпан, 2018
Адам қанша уақыт өсіп, қай шамада тоқтайтынын ғылыми-зерттеу орталықтары көрсеткіш бойынша анықтап, қорытындысын реті келгенде шығара жатар. Задында артық-кем айтылған сөздер, жедел де желікпелі пікірлер, жазатайым туындаған одағай ойлар қым-қуыт дүниедегі анталасқан алуан-алуан көпшілікті елестетіп қарасаң – қазақтың ұлы даласы, орыстың сыңсыған орманы, араб сахарасының суырылған құмы осы күнгінің жарнамасы іспеттеніп, жанар аумағына тұтас сыйып кете беретінін үйреншікті әдетке айналдырып алғанымыз қашан.