Таным • 28 Ақпан, 2018

Петр Климов: Қазақ еліне деген құрметім шексіз

379 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мен тәуелсіз Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісінде 18 жылдан астам қызмет етіп келемін. Осы жылдар ішінде еліміздегі ынтымақ пен келісімге, татулыққа негізделген саясат әр­бір қазақстандықтың берекелі тір­лік кешуіне, көздеген мақсаты­на жетуіне сара жол салып отыр. Сондай азаматтардың бірі – мен еңбегімнің жемісін көріп, бүгінде әріптестеріммен бірге полиция полковнигі шеніне жеткенімді мақтан етемін. Осы орайда атау­лы күн қарсаңында туған еліме риза­шылығымды білдіремін.

Петр Климов: Қазақ еліне деген құрметім шексіз

Мен 1980 жылғы 10 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында дүниеге келдім. Халыққа қызмет көрсету, құқықтық тәртіпті сақтау қасиеттері маған әкемнен дарыды. Әкем Александр Петрович Климов 30 жылдан аса ішкі істер органдарында учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Полиция подполковнигі шенінде зейнетке шықты. Әкемнің ісін жалғастыру мақсатында інім екеуіміз ішкі істер органдарында қызмет етіп жүрміз. Ата-анамнан алған тәлім-тәрбие өмірлік ұстанымым болды.

1997 жылы мектепті аяқтаған­нан кейін Қазақстан ІІМ-нің Семей заң колледжіне «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, үздік аяқтап шықтым. 1999 жылы оқуды бітіргеннен кейін еңбек жолымды СҚО Ішкі істер департаментінің Криминалдық полиция басқарма­сында жедел уәкіл лауазымынан бастадым. Бүгінгі таңда басқарма бастығы лауазымында қызмет атқарамын.

Кей кездері қылмысты бірден ашу мүмкін емес. Тапжылмай еңбек етсең ғана нәтижеге қол жеткізесің. Қылмысты ашқан кезде борыштың өтелгенін сезіну және әділдік орнауы саған одан әрі қызмет етуге серпіліс береді, ісің­нің нәтижесі көңіліңнен шы­ғып, рахат сезімінде боласың.

Із кесушінің міндеті – уақытпен санас­пай беріле еңбек ету. Кей кез­дері оның нәтижесі көзге көрін­бейді, бірақ бұл ең бастысы емес. Біз адамдарға заңның үстем­дік етуіне және әділдікке сенулеріне көмектесеміз. Бұл ең­бегі­міздің басты бағасы! Осын­дай дәрежеге жеткізген Қазақ еліме, Ішкі істер министрлігіне, Ішкі істер департаментіне, тәлім­гер­лері­ме, ұжымыма, қызмет етуге жан-жақты жағдай жасап жат­қан Елбасына алғысым шексіз! Қазақ­­станның ішкі істер органдары жүйесінде қызмет етуді – тағдырдың сыйы деп білемін.

Петр Климов,

полиция полковнигі, ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы

Солтүстік Қазақстан облысы