Тарих • 22 Қаңтар, 2019
Тарихи-мәдени мұра – баға жетпес қазына
«Egemen Qazaqstan» газеті соңғы жылдары елімізде көмбе іздеушілердің көбейіп, археологиялық нысандарды тонау өршіп кеткені жайлы мәселе көтерген болатын. Мұның зарарын айтып жеткізу қиын екенін негіз еткен қоғам белсенділері мен кәсіби археологтардың пікірі де жария етілді.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2019
Қоғам жаңғырмай, сана жаңғырмайды
Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бар-жоғы бір жарым жылдың ішінде нағыз брендке айналып үлгерді. Ол туралы айтылмайтын жер жоқ – қандай да бір жарқын жетістіктерге қол жеткізілген кезде де, қоғамымыздағы кейбір түйткілді тұстар сыналған сәттерде де аталған бағдарлама ауызға алынып жатады. Бұл жаңғыртулар жұртшылық тарапынан түсінік тауып, қоғамда жол сілтер бағдарымыз болып отырғанын көрсетеді.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2019
Суармалы алқаптар қалпына келтірілуде
Мойынқұм ауданы өңірдің ең шалғай аудандарының бірі. Сонымен қатар жер көлемі жөнінен де облыстың 40-тан астам пайызын алып жатқан аудан. Аталған аудан сайын даланы көмкеріп жатқан сексеуілімен, мыңдаған гектар суармалы егістік алқаптарымен де ерекше. Кезінде жергілікті халық қара жердің игілігін көріп, 10 мың гектардан астам жерге жүгері еккен. Аудандағы Айдарлы, Амангелді, Хантау, Жамбыл, Фурманов және Талдыөзек кеңшарлары жүгері егумен айналысты. Еліміз егемендік алған елең-алаң шақта егістік жерлердің көбі жекенің қолына өтті. Осы уақытқа дейін ауданның суармалы егістік алқаптарын пайдалануы төмен дәрежеде.
Медицина • 22 Қаңтар, 2019
Білімді азаматтар жемқорлыққа неге жол береді?
Түркістан облысы Сайрам ауданында білім беру бөліміне қарасты мекеменің басшысы тәрбиешіні жұмысқа қабылдау үшін 450 мың теңге сұраған. Осы ауданда мектеп директоры штаттық кестеде жоқ «бағбаншы» қызметін ашып, бұл орынға жұмысқа тұрғысы келген азаматтан 300 мың теңге пара алған. Айлығы аз дейтін қарапайым тәрбиешіні жұмысқа алудың «құны» 450 мың теңге, ал ойдан құралған бағбаншының «ставкасы» 300 мың теңге болған соң мұғалім, директорлық орын үшін қанша пара беру керектігін өзіңіз шамалай беріңіз.
Білім • 22 Қаңтар, 2019
Педагог мәртебесін жаңа сатыға көтереді
Бүгінде еліміздегі «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасының тұжырымдамасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жүктеген өзекті әрі күрмеулі мәселелердің бірі. Аталған заң жобасы білім беру ұйымдарының құқықтары мен кепілдіктерін, педагогикалық және ғылыми жұмыстарын жүзеге асыруды, сондай-ақ білім беру деңгейінің, меншік нысандарының, білім беру ұйымдарының типі мен түрлеріне қарамастан мемлекеттік, қоғамдық қолдау және тану шараларын жүзеге асыруды қамтитын мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған. Таяуда қоғам тарапынан түскен ұсыныстардың елеулі бөлігін Білім және ғылым министрлігі де бір електен өткізді. Әрине осыған дейін қордаланып қалған түйткілдердің түйінін тарқатуға жаңа заң жобасы қауқарлы болуы тиіс. Сондықтан бұл мәселені егжей-тегжейлі пысықтап алған жөн.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2019
Өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасының Президенті Эммерсон Мнангагвамен кездесті.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2019
Павлодар облысы көлік бақылау инспекциясының мәліметінше, өткен жылы 2 мыңнан астам ауыр жүк көлігінің жүргізушілері жол ережелерін бұзған. Жүк артқан 700-дей көліктің салмағы рұқсат етілген көрсеткіштен артық болып шыққан.
Білім • 21 Қаңтар, 2019
Мектеп түлегі «Болашақпен» оқи алады
11-сынып оқушылары ҰБТ-дан сынақ тапсырды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 18-20 қаңтар аралығында 35 838 талапкер сынаққа қатысқан. Оның ішінде 61-і білімін ағылшын тілінде сынаған. Ал шет тілінде үздік тапсырған талапкерге «Болашақ» стипендиясын иеленуге мүмкіндік бар.
Аударма • 21 Қаңтар, 2019
Шағын фермалардағы жоғарғы технология
Ривенделл фермасындағы 150-ге жуық сиырға олардың қозғалысын, не жегенін және күйсегенін бақылап отыратын құрылғы тағылған. Оларды робот машиналар сауады.
Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019
Қостанай облысы өткен жылы алғаш рет экспортқа мол ет шығарды