Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017

Ақтөбеден аспан әлеміне бастаған жолға 50 жыл

Қиялға қанат бітіретін ғаламаттың бірі өзінің құпиясын әрі барлық қыры мен сырын ішіне бүгіп жататын шеті мен шегі жоқ аспан әлемі десек, қателесе қоймаспыз. Түнгі жұлдызды аспан, көк жүзіне қонақтаған әсем ай, құс жолындай сағымданған жеті қарақшы, таң ата туатын шолпан жұлдыз кімдердің арманын алысқа самғатпады дерсіз. Жеті қабат көктің сырын білуге бала көңілдің бәрі де құштар болғаны айдан анық. Ақтөбеде бұдан тұп-тура 50 жыл бұрын ашылған планетарий осы армандар мен қиялдарды одан әрі ұштауға, жас өспірімдерге жұлдызды әлемнің астарлы сырын ұғындыруға қызмет жасап келеді. 

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017

Елбасы Жамбылдағы екі кәсіпорынның жұмысын бастауға пәрмен берді

Күні кеше ғана Астана қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: Қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпірі өтіп, онда Елбасына еліміздің әр өңіріндегі Индустрияландыру картасының жобалары таныстырылған болатын. Сондай-ақ, еліміздегі жаңа озық технологиялы бірқатар өңдеуші өндірістік нысан іске қосылды.

Театр • 07 Желтоқсан, 2017

Рүстем Есдәулеттің құрметіне ескерткіш мүйіс ашылды

Өскемендегі облыстық драма театрда осы мәдениет ордасын биік белеске көтерген талантты режиссер, ақын, актер Рүстем Есдәулетті еске алу кеші өтіп, шара барысында өнер иесіне арналған ескерткіш мүйіс ашылды.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017

Батыс Қазақстан облысында жаңа құс фабрикасы іске қосылды

Индустрияландыру күні Орал қаласында жылына 7000 тонна құс етін өндіретін жаңа құс фабрикасы ашылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Елді жаңа индустриаландыру: Қазақстан барысының серпіні» атты телекөпірде өңір басшысы Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысында индустриаландыру картасы бойынша жалпы құны 8 млрд теңгеге бағаланған 10 жоба іске қосылғанын айтты.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2017

Павлодарда «Volunteer.KZ» форумы өтті

Облыстық Жастар бастамаларын дамыту орталығының хабарынша, форумды Жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыстық басқарма, еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, БҰҰ Еріктілерінің бағдарламасы, «Ұлттық еріктілер желісі» орталығы ұйымдастырған.  

Әлем • 07 Желтоқсан, 2017

Сирияда ИГИЛ содырларының көзі толықтай жойылды

Сирия жеріндегі ИГИЛ содырларының көзі толықтай жойылды. Бұл туралы Ресей бас штабының басшысы Валерий Герасимов мәлімдеді, деп хабарлады BBC.

Әдебиет • 07 Желтоқсан, 2017

Бақытбек ҚАДЫРҰЛЫ. «Қайран әке» (әңгіме)

Төбеге салақтатып ілінген кәресін шамның жарығы әуелде сығырайып жанды. Бағанадан үстемдік құрған қою қоңыр ымырт қараңғылығы үй ішінің бұрыш-бұрышына сырғи берді. Өлеусірей шашыраған сарғыш жарық бөрене үйдің бөлмесін бөлекше бір жылылыққа бөлейді.

Парламент • 07 Желтоқсан, 2017

Сенатта діни қызмет туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

Парламент Сенатында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды іске асыру барысына арналған дөңгелек үстел отырысы болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 07 Желтоқсан, 2017

Спорт комментаторларының таусылмайтын "тамашасы" хақында

Бұл «тамаша» жүйкеңе тиеді. Ана бір жылы тіпті болмаған соң біздің футбол комментаторларының «тамашалатқан» әләуләйінің ізімен «Тамаша» атты сықақ өлең жазып, ол «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген еді. Содан бері де біздің футбол біріншіліктері мен ел құрамасы ойындарындағы бұл пафос тоқтамай келеді. Яғни біздің комментаторлар тоқтатпай келеді.  

Яндекс.Метрика