Қазақстан • 23 Қараша, 2017
«Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты республикалық байқау өтеді
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен және Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен өтетін «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты ведомствоаралық байқауы жайлы брифинг өтті.
Үкімет • 23 Қараша, 2017
Сағынтаев ҚЕБҚ өкілдерімен бизнес ахуалды оңалту жайын талқылады
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығының (ҚЕБҚ) өкілдерімен еліміздің бизнес ахуалын жақсарту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Аймақтар • 23 Қараша, 2017
Павлодарлық студенттерге қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік беріледі
Қала әкімі Нұржан Әшімбетов пен «Облыстағы көлік тасымалдаушыларының одағы» ассоциациясының президенті Василий Рудаков павлодарлық студенттерге қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беретін шартқа қол қойды.
Білім • 23 Қараша, 2017
Х Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары анықталды
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Жәңгір Махмутов ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 7-10 қараша аралығында өткен Х Президенттік олимпиададан алтын медаль иеленді. Сайыста республикадан келген ең үздік 160 оқушы жаратылыстану-математика бағыты бойынша өз бақтарын сынады, деп хабарлады egemen.kz тілшісіне Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 23 Қараша, 2017
ОҚО-да аудандарға газ тартыла бастады
Ордабасы ауданындағы Ықыластемір және Теспе ауылдарына газ құбыры тартылып жатыр, деп хабарлайды «Egemen.kz» тілшісі.
Аймақтар • 23 Қараша, 2017
Павлодарлық кәсіпкерлер қызметкерлеріне 3,7 млн теңге еңбекақы төлемеген
Павлодарлық кәсіпкерлердің қызметкерлерге төлемеген еңбекақысы 9,7 миллион теңгені құрайды. Бұл туралы облыстық Еңбек басқармасының басшысы А. Қапанов мәлімдеді.
Аймақтар • 23 Қараша, 2017
Шолаққорған-Шымкент тас жолының бойына жыңғыл отырғызылды
Созақ ауданында Шымкенттен қатынайтын жол бойына 20 мыңға жуық жыңғыл көшеті отырғызылды, деп хабарлайды «Egemen.kz» тілшісі.
Қазақстан • 23 Қараша, 2017
Қуат Бораш ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне комитет төрағасы қызметіне тағайындалды
Қуат Бораш ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Қазақстан • 23 Қараша, 2017
25-26 қараша күндері Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Ақмола облысының тауар өндірушілері 224 тонна ауылшаруашылық өнімдерін халыққа ұсынады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
Қазақстан • 23 Қараша, 2017
Ғалым Төлтай Балақаев дүниеден озды
Отандық тарих ғылымы ауыр қазаға ұшырады. 2017 жылғы 20 қарашада көрнекті ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор Төлтай Балақаев дүниеден озды.