Аймақтар • 07 Қараша, 2017
Түймебаев латын әліпбиін насихаттау мақсатында келген арнайы топ мүшелерімен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев күнгей өңірге латын әліпбиін насихаттау мақсатында келген арнайы топ мүшелерімен кездесті. Топ құрамында белгілі саясаттанушылар Ерлан Саиров, Әміржан Қосанов, Талғат Қалиев және ақын Ақберен Елгезек, блогер-журналист Руслан Желдібай бар. Кездесу барысында облыс басшысы латын әліпбиінің еліміз үшін маңыздылығына тоқталды.
Қазақстан • 07 Қараша, 2017
Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылды
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова айтты.
Қазақстан • 07 Қараша, 2017
Көмірден газ алу жобасы көп мәселені шешеді
Үкімет үйінде өткен кезекті баспасөз мәслихатына Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі технологиясы ғылыми-зерттеу институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Алтай Әлімғазин мен «Көмір химиясы және технологиясы институты» ЖШС директоры, химия ғылымдарының докторы Болат Ермағамбетов қатысты. Олар биыл жаз айларында Астана қаласында ұйымдастырылған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде ұсынылған жобалар жайында әңгімелеп, тілшілердің сауалдарына жан-жақты жауап берді.
Аймақтар • 07 Қараша, 2017
Еліміздегі ең ірі жылыжай – Оңтүстікте
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ең алғаш рет жылыжайлар Өзбекстанмен қоңсы Сарыағаш ауданында пайдалануға берілген болатын. Жер төсін емген ала тақиялы ағайынның тәжірибесін алған сарыағаштық диқандардың үйіргелік жеріндегі шағын жылыжайлары жақсы табыс кіргізе бастаған соң, басқа аудандар мен қалаларда да жаппай өріс алған.
Қазақстан • 07 Қараша, 2017
– Алакөлде жүздің бе? – Жоқ! Дубай, Анталиядан артыла алмай жүрмін-ау... – Демек, тек жыл аралатып Парсы шығанағының, Жерорта теңізінің, ана жолы Тәж-Махалға аңсап барғаныңда Араб теңізінің суына жүзгеніңді қанағат етесің, сірә! Таста оларды! Тарт Алакөлге! Өкінбейсің!
Аймақтар • 07 Қараша, 2017
Павлодар облысында таза ауыз суға қолжетімділік 21%-ды ғана құрайды
Өңірдегі 380 ауылдың 78-і орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Ауыл тұрғындарының таза ауыз суға қолжетімділігі 21 пайыз шамасында ғана. Бұл еліміз бойынша артта қалған көрсеткіш. Жер асты су қорларын зерттеу жұмыстары да өз деңгейінде жүргізілмегені анықталды. Судың да сұрауы бар. Осы басты мәселе өңірімізге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің көшпелі отырысында талқыланды.
Тарих • 07 Қараша, 2017
Социалистік жүйені әкелген Қазан төңкерісіне жүз жыл толды
Бүгін күллі адамзат тарихында із қалдырған, әлемде бұрын-соңды болмаған жаңа қоғамдық құрылым, тың формация коммунистік идеология арқылы басқаруға негізделіп, социалистік жүйені өмірге әкелген Қазан төңкерісіне жүз жыл толып отыр.
Аймақтар • 07 Қараша, 2017
Оралда көп қабатты көне үйлерден құтылудың әдісі табылды
Орал қаласында салынғанына ғасырға жуықтап, қаусап тұрған көп қабатты көне үйлерден құтылудың керемет әдісі табылды. Мемлекет-жекеменшік әріптестігі қағидатына сәйкес қолға алынған бұл жоба нәтижесінде апатты үй тұрғындары жаңа пәтерге қол жеткізіп, шаһардың ажары да ашыла түсетін болады.
Қазақстан • 07 Қараша, 2017
Зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер бар?
Зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып берді.
Әлем • 07 Қараша, 2017
Солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясында 2018 жылдың 18 наурызына белгіленген президенттік сайлаудың көрігі қазірден-ақ қыза бастады. Оның қызуына дем берушілер саясатпен, билікпен араласып көрмесе де есімдері халыққа шоу-бағдарламалардан белгілі болып жүрген танымал жандар болып отыр.